«Жарықтық техникасы негіздері» бөлімі бойынша қайталау сабақ

"Описание материала: Мен бұл ашық сабақты колледж студенттеріне өткіздім.студентердың жарықтың техника негіздерін білімді қалай меңгергеннін тексеру мақсатында олардың осы пәнге деген "қызығушылығын арттыру. оқушылардың ізденпаздығын дамыту. сабаққа бар ынтамен қарауға тәрбиелеу. сабақтың барысы ұш кезеңнен тұрады. ұйымдастыру кезеңінде оқушыларды түгендеу, амандасу, сабақтың мақсатын таныстыру.студенттерменмен ойын ойнау. ойынның ережелерін таныстыру, олардың орындау шеберлігін қадағалау. негі...
Раздел Математика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 19.02.2013ж

Пәннің аты: «Кәсіпорындармен азаматтық ғимараттардың электрт

жабдықтары»

Топ: Э-41

Сабақтың тақырыбы: «Жарықтық техникасы негіздері» бөлімі

бойынша қайталау сабақ

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың осы бөлім бойынша білімдерін және сабақты қалай меңгергенін тексеру

  1. Білімділік - оқушылардың оқуға деген қызығушылықтарын арттыру және білімдерін қорытындылау;

  2. Дамытушылық - оқушылардың білімдерін, ізденімпаздылықтарын дамыту;

  3. Тәрбиелік - оқушыларды сабаққа адал ниетпен, ынтамен қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Оқушылардың өткен тақырып бойынша білімдерін тексеру

Сабақ әдісі: «Миға шабуыл» ойын сабағы, сұрақ-жауап, презентация, сұлбалармен жұмыс жасау.

Пәнаралық байланыс: физика, электроника теория негіздері,

Оқу құралдары: интерактивті тақта, плакаттар, слайд, шамдар түрлері, оқулық, магнитті тақта, карточкалар.

Әдебиеттер: Ө.Өтешов «Электротехникалық жабдықтар», Алматы - 2007, «Электрооборудование промышленных предприятий», Москва, «Стройиздат» - 1977, Справочная книга для проектирования электрооборудований, Л:Энергия - 1976

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушыларды түгендеу, сабақтың мақсатымен таныстыру

(3 мин)

  1. Пән бойынша оқушылардың білімін тексеру

Ойын ережесі:

Топ алдын -ала екі топқа бөлінді: «Люкс» және «Жарық шамдар»

Сабақ басталады. Оның мақсаты жарияланады. Әділқазылар алқасы ойын ережесімен танысады, ойынға бес балдық баға жүйесі енгізіледі.

I тур: «Сұрақ - жауап», «Миға шабуыл» әр командаға 10 сұрақтан беріледі, әділқазылар топтарды бағалайды;

II тур: «Ой жылдамдығы», топтарға формулалар жасырылады, оның қажетті мүшесін табу керек;

III тур: «Схемамен жұмыс», әр топқа бір сұлба суретімен карточка беріледі. Сол сұлбаны топтан бір оқушы шығып түсіндіреді.

IV тур: «Үй тапсырмасы», топтар бір-біріне сұрақ қояды.

V тур: «Фото шоу» слайдта көрсетілген шамдар түрлерінің атауларын атау қажет.

I тур «Сұрақ - жауап»

  1. Спектрдің оптикалық диапозоны 3 түрлі сәулеленулерден тұрады, соларды ата:

Жауабы: а) толқын ұзындығы 10…380 нм аралығындағы интервалда жататын ультракүлгін сәулелер;

б) толқын ұзындығы 380...770 нм аралығындағы интервалда жататын көрнекілік сәулелер;

в) толқын ұзындығы 770 нм-ден 1 мм аралығындағы интервалда жататын инфрақызыл сәулелер

2. Жылулық жарық көздеріне не жатады?

Жауабы: а) жалынды жарық көздері (лаулаған от, шам, шырақ, шірпі); б) электрлік қыздыру шамдары

3. Люминисценсиялық құбылыстың түрлері:

Жауабы: электролюминисценсия, фотолюминисценсия, радиолюминисценсия, химилюминисценсия

4.Электролюминисценсия деп:

Жауабы: электрлік өрісте зарядталған бөлшектердің иондар мен электрондардың соқтығуынан пайда болған сәулеленуді айтады

5.Радиолюминисценсия деп:

Жауабы: α және β бөлшектері немесе γ сәулелері әсерінен кей заттарда пайда болатын оптикалық сәулеленуді айтады

6.Фотолюминисценсия деп:

Жауабы: фотондарды немесе кванттарды жұтудың әсерінен пайда болған сәулеленуді айтады

7.Химилюминисценсия деп:

Жауабы: химиялық реакцияның энергиясы тікелей жарық энергиясына айналған уақыттағы сәулеленуді айтады

8.Инфрақызыл сәулелену көздері спектр құрамына байланысты неше түрге бөлінеді?

Жауабы: екі түрге, жарық және қараңғы

9.Люминисценттік шамдарының үлгі қалыптық түстерінің белгілері қалай аталады? (Д, Б, ХБ, ДЦ, Е, БЕ, ХЕ)

Жауабы: Д - күндізгі, Б - ақ түсті, ХБ - салқын ақ түсті, ДЦ - түс берілісі, Е - табиғи, БЕ - табиғи ақ түсті, ХЕ - салқын табиғи түсті

10.Шамдар жарықтықты шағылыстыруы мен жарық өткізгіштік элементтеріне қарай неше түрге бөлінеді?

Жауабы: жеті түрге, яғни қуатына, кернеуине, жарық ағынына, өлшеміне, сыртқы түріне, газ түріне, баллондарына;

11.Қыздыру шамдарының кең таралуы қандай себептерге байланысты?

Жауабы: сәуле шығару спектрінің жұмыс орнына жалпы жарық беруге жарайтындығы, қолданылуының әмбебаптығы, құрылысының қарапайымдылығы, пайдалануға ыңғайлылығы;

12.Шамдардың типі әріппен және сандармен белгіленеді, мына әріптер қандай шамның түрін көрсетеді: В, Г, Б, БК

Жауабы: Г - газ толтырылған; В - вакуумдық; Б - қос спиральді, БК - қос спиральді криптонмен толтырылған.

13.ДРЛ шамдарының жақсы жақтары:

Жауабы: бірлік қуаты және сәулелені ағыны жоғары, негізгі сипаттамалары қоршаған ортаның жағдайларына бейтәуелді, мөлшерлері кіші, қызмет ету мерзімі көп, тұтынуы сенімді;

14.ДРЛ шамдарының кемшіліктері:

Жауабы: сәулеленуінде спектрдің қызыл бөлімі өте аз болғандықтан, түс берістігінің қанағатсыздығы, тұтануының ұзақтығы;

15. Газразрядтық оптикалық сәуле шығару көздерінің жұмыс режиминдеги қысымға байланысты үш түрге бөлінеді, оларды атаңдар:

Жауабы: 1) разряд кезіндегі қысым 0,01 МПа болатын кіші қысымды шамдар (люминисценттік, эритемдік және бактерицидтік); 2) жұмыс режиминдегі қысым 0,01-1,0 МПа болатын жоғары қысымды (ДРЛ, ДРЛФ, ДРВ, ДРТ, ДНаТ, ДРИ, ДКсТ) шамдар; 3) разряд кезіндегі қысым 1 МПа-дан жоғары болатын өте жоғары қысымды шамдар

16.Дроссельдің негізгі міндеттері:

Жауабы: шамдағы доғалық разряд кезінде тізбектегі токтың мәнін тұрақты ұстау

17.ДРВЛ - ажыратып айт:

Жауабы: доғалық сынап - вольфрамды люминисценттік шам

18.Жалпы мақсатқа арналған қыздыру шамдарының орташа жұмыс істеу мерзімі қанша сағатты құрайды?

Жауабы: 1000 сағаттан кем емес

19.Жалпы мақсатқа арналған қыздыру шамдарының қызу денесі не себептен спиральдан (шайыршық) жасалады?

Жауабы: газда жылу шығынын және қыздыру материалының булану жылдамдығын азайту үшін

20. ДРВЛ шамының ДРЛ шамынан айырмашылығы:

Жауабы: сыртқы көрінісінде айырмашылық жоқ, тек колба ішіндегі жанарғы айналасында газразрядтық аралыққа тізбектеп қосылған вольфрам спираль енгізілген

II тур: «Ой жылдамдығы» формулалар

«Люкс» командасына

1.Жарық бетіндегі қыздыру шамдарының үнемділігін көрсететін негізгі сипаттамалардың бірі:

?=F/P (лм/Вт) (Н)

2. Энергияның сақталу заңы:

hVk = ? + q (hVc )

3. Жарықтандырудың теңдеуі және өлшем бірлігі:

E= ? / S (Ф) 1 лк = ? / 1 м2 (1 лм)

4. Жарықтықтың жарық аумағы мен жарық күшінің қатынасы:

? = I / S (Lярк)

5. Cәулелену көлемінің қатынасы сәулелену күшінің жарық ағынына берілуі:

? = Фρ / Фпод (ρ)

«Жарық шамдар» командасына

6. Жарық ағынының пульстенуі пульстену коэффициентімен бағаланады:

d = Fmax-Fmin/ ? (Fmax+Fmin )

7. Жарықтандырғыштың қажетті санын анықтайтын теңдеу:

N = ? /η Флнорм S· K·Z )

8. Өткізу денесі арқылы өтетін көлем қатынасының жарық ағынына берілуі:

? = Фτ / Фпод (τ)

9. Жарық ағымын беру үшін құрылымның қосындысы:

ρ + α + τ = (1)

10. Жұтылу жарық ағынының берілуі ағынының қатынасы:

? = Фα / Фпод (α)

III тур: «Схемамен жұмыс», әр топқа бір схемадан

««Жарықтық техникасы негіздері» бөлімі бойынша қайталау сабақЛюкс» командасына ДРЛ шам, «Жарық шамдар» командасына ДРИ шам

«Жарықтық техникасы негіздері» бөлімі бойынша қайталау сабақ



IV тур: «Үй тапсырмасы», топтар бір-біріне сұрақ қояды, үй тапсырмасы:

V тур: «Фото шоу» слайдта көрсетілген шамдар түрлерінің атауларын атау қажет.

3.«Миға шабуыл» ойынының қорытындысын шығару. Әділқазылардың сөзі. Әділқазылар топтарды бағалайды;

4.Мұғалімнің қорытынды сөзі. Марапаттау. Оқушыларды бағалау.

Арнайы пән оқытушысы: Шаяхметова Жазира Боранбаевна



© 2010-2022