Тақырыбы: Жай бөлшектерді салыстыру

Раздел Математика
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

5-сынып

МАТЕМАТИКА

20.11.

Сабақтың тақырыбы:

Жай бөлшектерді салыстыру.

Сабақтың мақсаты:

Бөлімдері және алымдары бірдей немесе әр түрлі жай бөлшектерді салыстыра білуге үйрену, олардың қасиеттерін практикада қолдану.

Оқыту нәтижесі:

Бөлімдері және алымдары бірдей немесе әр түрлі жай бөлшектерді

Әдіс-тәсілдер:

Сұрақ-жауап, «Қайталау-оқу анасы», «Кім жылдам?», кластер құру.

Дереккөздер:

Жай бөлшектер, аралас сандар, координаталық түзу(5-сынып оқулығы).

Бағалау:

Жұлдызша, төртбұрыш және үшбұрыш бойынша(формативті, жиынтық бағалау).

Жоспарланған мерзім:

Сабақтың барысы

Мұғалімнің

іс-әрекеті

Оқушының

іс-әрекеті

Ресурстар

Психологиялық ахуал тудыру

(Ұйымдастыру кезеңі):

2 мин

Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындықтарын тексеру, зейіндерін сабаққа бағыттау. Оқушыларға сыйлықтар тарату.

«Сәлем достым!» треннингін өткізу.

  • Сәлем достым (қол беріп амандасу)

  • Сен қалайсың ? (иықтарын қағады)

  • Қайда болдың ? (құлақтарын тартады)

  • Мен сені сағындым (қолдарын жүрекке қояды)

  • Сен келдің (қолдарын жаяды)

  • Жақсы болды (қатты құшақтайды)

Жұпқа бөлу. Жұлдызшалар, төртбұрыштар және үшбұрыштар тарату.

Бүгінгі сабақтың тәртібі:

Мұғалімді тыңдаймыз,

Бір-бірімізді сыйлаймыз,

Саспаймыз, асықпай,

Әр сұраққа, қателеспей,

Шуылдамай, қол көтере

отырып,

Жауап беруге тырысамыз -деп, бүгінгі сабақты бастаймыз.

Сәлемдеседі. Ортаға шығып шеңбер құрады. Бір-бірлерімен жұп құрып, қарама-қарсы тұрып іс-қимылдарды қайталайды. Сыйлықтарын ашып, ішінде тұрған қағаздың түсіне қарай топқа бөлінеді.


Слайд №1,

Сыйлықтар,Қима қағаздар,

Үй тапсырмасын тексеру:

3 мин

Үйге берілген тапсырмаларды дайын жауап арқылы тексерту.

Әр оқушы өздіктерінен дайын жауап бойынша тексереді.

Слайд №2

Жұмыс дәптері

Қызығушылықты ояту(өткенді қайталау):

5 мин

Білу. «Қайталау-оқу анасы»

  • Оқушы қызығушылығын тудыратын тақырыпқа қатысты проблемалық сұрақтар ұсынылады.

1. Үлес дегеніміз не?

2. Жай бөлшек деген не?

3. Жай бөлшектің бөлімі нені көрсетеді?

4. Жай бөлшектің алымы нені көрсетеді?

5. Бөлінді бөлшек түрінде қалай жазылады?

6. Бөлінгіш нені білдіреді?

7. Бөлгіш нені білдіреді?

8. Жай бөлшектердің негізігі қасиеті?

9. Жай бөлшектерді қысқарту деген не?

10. Координаталық сәуле қалай сызылады?

11. Бірлік кесінді деп нені түсінесіңдер?

12. Нүктенің координатасы деп нені түсіненсіңдер?

13. Координаталық сәуленің санақ басы қай нүкте?

14. Жай бөлшекке мысал келтір.

15. Бұрыс бөлшекке мысал келтіріп, оны аралас санға айналдыр.

Түсіну. «Кім жылдам?»

Төмендегі берілген фигураларды санмен өрнектеп жазып, салыстырыңдар.

Тақырыбы: Жай бөлшектерді салыстыру.

2Тақырыбы: Жай бөлшектерді салыстыру..

3Тақырыбы: Жай бөлшектерді салыстыру..

4Тақырыбы: Жай бөлшектерді салыстыру..

Тақырыбы: Жай бөлшектерді салыстыру.

5.

Оқушыларға берілген сыйлықтарда қағазға жазылған сұрақтарға әр оқушы жауап береді.

Топ басшы бағалайды.

Слайд №3

Сыйлықтар, қима қағаздар, Жұлдызша

лар, төртбұрыш

тар және үшбұрыш

тар


Үлестірмелі тапсырма

лар

Дамыту кезеңі(есептер шығару):

20 мин

Талдау.

  • Практикалық біліктерін толықтыруға бағдар беру;

  • Есептер шығару барысында ізденуге жетелеу, бағыттау.

Оқулықпен жұмыс: №573(4,5,6), №574(3,4), №576, №580, №581.

Оқулықпен жұмысты әр топ орындайды. Тақтаға әр топтан оқушылар шығып шығарып көрсетеді.

Топ басшы бағалайды.

Слайд№4

Оқулық, жұмыс дәптері, жетондар

Ой толғаныс

(сабақты бекіту):

7 мин

Қолдану.

Карточкамен жұмыс:

Тақырыбы: Жай бөлшектерді салыстыру.

Оқушылар карточкамен жұмысты топ ішінде талқылап орындайды. әр топ бір-бірлерінің жауаптарымен алмасады. Топ басшы бағалау жүргізеді.

Слайд №5

таратпалар, жетондар

Сабақты қорыту:

3 мин

Жинақтау.

Тапсырмаларды орындата отырып бұрынғы білімдерін пайдалана отырып, практикалық негізінде ізденіске, өз ойын айта білуге қолайлы сәт тудыру:

Өзіндік ізденіске бағыттау.

Тақырыбы: Жай бөлшектерді салыстыру.


Оқушылар Жай бөлшектерді қалай салыстырады сұрағына жауап беру арқылы кестені толтырады.

Топ басшы бағалайды.

Слайд №5 Кеспе қағаз, жетондар.

Рефлексия.

2 мин

«Жеміс ағашы» кері байланыс. Таңдау әдісі.

Оқушыларға қима қағаздардан жасалған үш түсті алмалар тарату.

Жасыл алма: сабақ маған ұнады, барлығын түсіндім.

Сары алма: сабақ ұнады, бірақ есептер шығарғанда қиналдым.

Қызыл алма: сабақ маған түсініксіз.

Кері байланыс арқылы өз білімдерінің деңгейі анықталады, дәлелденеді.

Оқушылар сабақ бойынша түсініктерін алмаларды таңдау арқылы көрсетеді.

Слайд №6

Алмалар қима қағаздары.

Үй тапсырмасы:

1 мин

  • Есептер шығару арқылы оз ойларын дәлелді ізденіске және ой жүйесін сауатты жеткізуге бағыттау.

  • Проблемалық сұрақтар қою.

№573(1,2,3), №574(1,2), №578.

Жауапкершілікті сезінеді, қосымша тапсырмаларды орындау шығармашылық әрекеттерін дамытуға, тұлғалық қасиеттерін дамытуға жол ашады.

Слайд №7

күнделік

Бағалау.

2 мин

Оқушы пікірі мен талдау жұмыстарын бағалау. Ой қорытуға сабақ соңында сұхбаттасуға шақырар пікір қолдану.

Әр оқушы жетондарын санайды.

Жетондар








© 2010-2022