Оң сандар және теріс сандар

Пәні:  математика Пән  мұғалімі:  Сайфуллина Гүлден Сыныбы:  6 "ә"   Тақырыбы:  Оң  сандар  және  теріс  сандар Мақсаты:  Оқушыларға  шамалардың  тура  және  қарама-қарсы  мағынасын түсіндіру. Оң  сандар мен  теріс  сандарға мағлұмат  беру. Оқушылардың  сыни  тұрғыдан  ойлау  қасеттерін  қалыптастыру. Күтілетін нәтиже:Оқушылар оң  сандар мен теріс  сандарды ажырата алады. Кейбір  шамалардың сан  мәндерін оң санмен немесе теріс санмен жазылуын  біледі. 0- санының  маңызын  біледі. Қолданылатын модульдер: Тренингтер, есте  сақтау  стратегиясы, сергіту  сәті,  кері байланыс. Уақыт (мин) Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті   І. Кіріспе (5 мин)  Әлеуметтік өзара қарым-қатынасты құру сатысы 5 мин Сәлемдесу. Бүгінгі  күнді шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне жүрек ұсына отырып тізбектесе  амандасып,         әрқайсысына жақсы тілек айтып шығады. Бір-бірімен  амандасады  
Раздел Математика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Оң сандар және теріс сандарОң сандар және теріс сандар

Пәні: математика

Пән мұғалімі: Сайфуллина Гүлден

Сыныбы: 6 "ә"

Мерзімі: 14.10.14ж

Тақырыбы: Оң сандар және теріс сандар

Мақсаты: Оқушыларға шамалардың тура және қарама-қарсы мағынасын түсіндіру. Оң сандар мен теріс сандарға мағлұмат беру. Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қасеттерін қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже:Оқушылар оң сандар мен теріс сандарды ажырата алады. Кейбір шамалардың сан мәндерін оң санмен немесе теріс санмен жазылуын біледі. 0- санының маңызын біледі.

Қолданылатын модульдер: Тренингтер, есте сақтау стратегиясы, сергіту сәті, кері байланыс.

Уақыт

(мин)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Стратегиялар

Ресурстар

І. Кіріспе (5 мин) Әлеуметтік өзара қарым-қатынасты құру сатысы

5 мин

Сәлемдесу. Бүгінгі күнді шаттық шеңберіне тұрып,

бір-біріне жүрек ұсына отырып тізбектесе амандасып,

әрқайсысына жақсы тілек айтып шығады.

Бір-бірімен амандасады


ІІ. Тұсаукесер (5 мин) Қызығушылығын оят у.

5 мин

Топтастыру. Оқушыларды пазл әдісімен бөлу.

Ақ-қара, қыс-жаз, күн-түн суреттері арқылы.

Үш топ болып топтасады.


ІІІ. Негізгі бөлім (30 мин) Мағынаны тану сатысы . Ой толғаныс сатысы

5 мин

1-тапсырма. Ақ-қара, қыс-жаз, күн-түн суреттері мен

жұмыс. Әр топ өздерінің топтасқанда пайда болған суретке қарап шағын әңгіме құрастырады.

Әңгімелерін қорытындылап,

сабақтың тақырыбын хабарлау.

Кезкелген заттың оң терісі, дұрысы мен бұрысы болатынын әңгіме барысында айтады. Кофтаны теріс киіп, сын тұрғысынан ойлайды.

Сыни тұрғыдан ойлау

Оң сандар және теріс сандар

Оң сандар және теріс сандар

Оң сандар және теріс сандар


5 мин

2-тапсырма. Кестемен жұмыс. Әр топқа кесте таратылады.

Оң сандар және теріс сандарОң сандар және теріс сандарОң сандар және теріс сандар







Аяз - -200; -250; -150; -300;

Жылы - +200; +150; +300; +250;

Биік - 320 м; 700 м; 512 м ;2000км

Терең - -12 м; -45м; -100м;-1500м

Пайда - 1200тенге; 6000тенге; 2000 тенге;

Қарыз - 1000тенге; 500тенге; 100 доллар;

Аяз, терең, қарыз сөздеріне

«-» таңбасын, ал жылы, биік, пайда сөздеріне «+» таңбасын пайдаланғандарын айтады.

2жұлдыз ,

1 тілек

смайлик




5 мин






5 мин







10 мин

Топқа бөлу. № 1, № 2, № 3

Фигуралар бойынша.

1.Ролге кіру.

Әр топ бүгінгі күннің ауа-райымен таныстыру мақ-сатында әр елді мекеннің ауа-райын контур картасынан тауып стикер арқылы жапсырып,

диктордың роліне кірелі.


2.Оқулықпен жұмыс.

№ 288, (№ 1 топ)

№ 297,(№ 2 топ)

№ 290 ( № 3топ) есептерді шығарту.



3. Сандармен жұмыс.

Әр топқа сандаы бар парақтар таратылады.

Дайын болған жұмыстарын бірін-бірі тексереді.

Оң сандар және теріс сандар

(Әр фигуралардың түстері әр түрлі болғандықтан, түспен бөлінеміз деп ойлауы мүмкін)

Әр елдің қалаларыныі атауын, салқын жақ, ыссы жақтардың атауына назар аударады. Дикторлық қасиетті көрсетеді

№288

20м, -16м,+Оң сандар және теріс сандар, +Оң сандар және теріс сандар -28000тг,+175000тг, -3ұпай, -Оң сандар және теріс сандар

№ 297

-500м,+2ұпай, -1ұпай, 0, -30м,+15м.

№290

+15Оң сандар және теріс сандар Оң сандар және теріс сандар

Оң сандар және теріс сандар

Оң жұп сандар, теріс жұп сандар, оң тақ сандар, теріс тақ сандарды, қиып алып, бөлек-бөлек жапсырады.


Формативтік

бағалау



Бірін-бірі

бағалау

Диалогтық оқу




Топпен жұмыс

Үшбұрыштар,

Төртбұрыштар,

Шеңберлер.


Оқулық

6-сынып.

Парақшалар

Қайшы,

Клей,

Маркер

Постер.

IV. Қорытынды (5мин) Кері байланыс

5 мин

Қорытындылау.

Оң сандар және теріс сандарсурет бойынша.

Оң сандар және теріс сандар

Бағалау.

Кері байланыс картасын толтыру

Рефлексия

"Инсерт"

Не білемін?

Не үйрендім?

Не білгім келеді?

смайликтер




Пәні: математика

Пән мұғалімі: Сайфуллина Гүлден

Сыныбы: 6 "ә"

Мерзімі: 15.10.14 ж

Тақырыбы: Координаталық түзу

Мақсаты: Оқушылардың координаталық түзуге оң және теріс сандарды жаңылмай кескіндеуге, екі санның қашықтығын координаталық түзуден табуға үйрету. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Өз пікірлерін анық, ашық жеткізуге дағдыландыру. Ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: Координаталық түзуді сызып, берілген сандарды кескіндей алады.Оң санның 0-санының оң жағында, теріс санның сол жағында екенін жаңылмай табады. Сыни тұрғыдан ойлай алады.Жасаған жұмыстарына гипотез жасап, қорытындылайды.Топпен жұмысты жақсы ұйымдастырады.

Қолданылатын модульдер: Тренингтер, есте сақтау стратегиясы, сергіту сәті, кері байланыс. Топпен жұмыс, диалогтық оқыту, сұрақ - жауап, көшбасшылық

Уақыт

(мин)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Стратегиялар

Ресурстар

І. Кіріспе (5 мин) Әлеуметтік өзара қарым-қатынасты құру сатысы

5 мин

Сәлемдесу. Жестпен амандасу.

Бір-бірімен амандасады




әуен

ІІ. Тұсаукесер (3мин) Қызығушылығын оят у.

3 мин

Топтастыру. 1-ші топ: Оң сандар

2-ші топ: Теріс жұп сандар

3-ші топ: Теріс тақ сандар


Он адам жүрген жерде із қалады,

Жүз адам жүрген жер - соқпақ,
Мың адам жүрген жерде жол қалады.


Үш топ болып топтасады.



сандар жазылған кеспе қағаздар .



Слайд 1.

ІІІ. Негізгі бөлім (30 мин) Мағынаны тану сатысы . Ой толғаныс сатысы

5 мин


1.Координаталық түзуді танисың ба?

Сипаттама бер.

Қалай кескінделеді? Неліктен?

Бірлік кесінді дегеніміз не?

Бірлік кесінді 1 км-ге тең болуы мүмкін бе ?

Координата сөзі қандай мағына білдіреді?

Бір санға сәйкес координаталық түзуде қанша нүкте сәйкес келеді? Неліктен ?

Оң сандар және теріс сандар


Координаталық түзу болып табылатынның түсініп және ережесін атайды.


Формативті бағалау

сұрақ - жауап


Миға шабуыл



Слайд 2


5 мин


2.Мұқият қарап жануаларды орналастыр.


Әр топқа жануарлардың суреті таратылады.( қанша бала болса, сонша) Әр жануардың артында координатасы жазылған. Тапсырмаға сәйкес координаталық түзуге орналастыру керек.


Координаталық түзуге сәйкес жануардың суретін жапсыру керек.

Жұмысты біріне бірі алмастыру арқылы тексереді.






Топпен жұмыс



Слайд 3

Кеспе қағаздар.

Қайшы,

Клей,

Маркер

Постер.




10 мин







3.Оқулықпен жұмыс.


Ғалым болам десеңіз,

Білімді жина басынан.

Ғарышкер болам десеңіз,

Шынықтыр дене жасыңнан


№ 310, 314, 320 есептерді шығарту.


Шығарылған тапсырманы дұрысын тақтада көрсету.

Әр деңгейдің тапсырмасын оқушылар өздерінің әлдері келетінін таңдап алады. Егер барлығын үлгеріп шығарам десе, шектеу жоқ.







Бағалау парағы





Оқулық

6-сынып.






1 мин


Топқа бөлу.

Санау арқылы

1, .2, 3 болып бөлінеді





2 мин




Сергіту сәті

Мен қазақпын

Видеороликке қарап билейді.



музыка


13 мин

Сыни ойлауға үйрету

Тапсырма: Координаталық түзуді өмірде неге ұқсатасыздар?

Топ болып плакатқа жазып, сызып, суреттерін салдыру.

Әр топ жұмыстарын аяқтағаннан кейін, түсіндіріп пікірлерін айтады.


2жұлдыз ,

1 тілек

смайлик


Сын тұрғыдан

ойлау

Топпен жұмыс



Постер,

маркер


4 мин

Логикалық тапсырма. Тілек хат.

3 конвертке салынған тілек хат. Бірақ олар солдан оңға қарай жазылған. Мәтінін тез арада оқып берулері керек. Мәтіні:

"Қымбатты достар! Сендер еліміздің болашағысыңдар! Елбасымыздың алға қойған бір мақсаты өркениетті ел қатарына кіру. Сондықтан біріншіден жақсы білім алып, Қазақстанның көркейуіне ат салысайық! Алға, тек қана алға достар!"

Оқушылар бірігіп оқиды да бір-біріне тілек айтады.




Конверттер,

мәтін

IV. Қорытынды (7 мин) Кері байланыс

7 мин

Қорытындылау.

Оқыту үшін бағалау.

Оқушылар өзін-өзі бағалайды.

Сабақтан не үйренді, не үйренгісі келеді, ұнады ма ойын жапырақшаларға жазып, қу ағашты жапырақтармен толтырады.

Рефлексия

Жақсы түсінген болса жоғарырақ, орташа түсінсе орта жағына, дұрыс түсінбесе астыңғы жағына іледі.


смайликтер











Пәні: математика

Пән мұғалімі: Сайфуллина Гүлден

Сыныбы: 6 "ә"

Мерзімі: 16.10.14 ж

Тақырыбы: Рационал санның модулі

Мақсаты: Оқушыларға санның модулін табуды, оның маңыздылығын, абсолют шама туралы түсінік қалыптастыру. Санның модулін табуды өмірде қолданысқа сала білуге үйрету. Сыни тұрғыдан ойлап, қорытынды жасауға дағдыландыру. Ұйымшылдық қасиеттерін нығайту.

Күтілетін нәтиже:Оқушылар санның модулін таба біледі. Қарама-қарсы сандардың модульдерін біледі.Топпен жұмысты жасай алады. Өзін-өзі реттеу жұмыстарын жүргізе алады.

Қолданылатын модульдер: ЖигСо әдісі, "үш қадамды"сұхбат, тренингтер, сергіту сәті, топқа бөлу.

Уақыт

(мин)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Стратегиялар

Ресурстар

І. Кіріспе (3 мин) Әлеуметтік өзара қарым-қатынасты құру сатысы

3 мин

Сәлемдесу. "Бір күнгі танысыңа, қырық күн сәлем" дегендей, біз бүгін бір-біімізбен дәстүрден тыс амандасудың түрлерін көрсетейік (оқушыларға көрсетілді, барлығы бір-бірімен сәлемдесті)

1.Бір-біріне күлімсірей қарап алақанның ішін және сыртын тигізіп сәлемдесу.

2. Оң жақ тізелерін түйістіру арқылы сәлемдесу.

3.Оң жақ иықтарын тигізіп сәлемдесу.

4.Маңдайларын бір-бірлеріне тигізіп сәлемдесу.


ІІ. Тұсаукесер (3мин) Қызығушылығын оят у.

3 мин

Топтастыру.

1-ші топ: -5; -2 -1; -4; -3; 0.

2-ші топ: Оң сандар және теріс сандар Оң сандар және теріс сандар3; 4; 1; 5,02;

3-ші топ: 6; 7; 9;22; 30; 36,2;


.


Үш топ болып топтасады.

-5Оң сандар және теріс сандар ...Оң сандар және теріс сандар - 1-ші топ

Оң сандар және теріс сандарОң сандар және теріс сандар...Оң сандар және теріс сандар 5,02 - 2-ші топ

6Оң сандар және теріс сандар ...Оң сандар және теріс сандар 36,2 - 3-ші топ

Теңсіздіктер бойынша бөлінеді.

таратпалар

ІІІ. Негізгі бөлім (30 мин) Мағынаны тану сатысы . Ой толғаныс сатысы

6 мин


"Үш қадамды" сұхбат

1. Координаталық түзуге сипаттама бер.

2.Оң сан мен теріс санның айырмашылығы неде?

3.Қарама-қарсы сандар қандай болады?


1. Қарама-қарсы сандарға мысалдар келтір

2.Теріс сандарға өмірден мысалдар келтір.

3. Теріс сандар қалай пайда болады деп

ойлайсыңдар?



1. 0-саны оң сан ба теріс сан ба, неліктен?

2. 0 -санының орысша, ағылшынша атауын білесің

бе?

3. 0 санына ассоциация қандай сөздер ойына

оралады?



Әр топқа 3 сұрақтан қойылады.

Олар біртіндеп жауап береді.




Формативті бағалау

сұрақ - жауап

Миға шабуыл

Слайд


4 мин


Мағынаны ажырату.

ЖигСо әдісімен жаңа тақырыпты ұғыну.

Алғашқы абзац -1 топ

Екінші абзац - 2 топ

Үшінші абзац - 3 топ

Әр топ өздеріне тапсырылған тапсырманы оқып, жаңа тақырыпты абзац бойынша ұғып талқылап, қорытынды жасайды.


Топпен жұмыс

оқулық



5 мин



Ой толғаныс.

Оқушылар тақырып бойынша ұққандарын, өкіл жіберіп, келесі топқа барып түсіндіреді.



Әр абзац бойынша негізгісін келесі топқа барып түсіндіреді.

Бағалау парағы


Оқулық

6-сынып.



2 мин


Топқа бөлу.

Есептер арқылы.

Бірнеше есептер беріледі.

Жауаптары бойынша топтасады.

55 шыққандар 1-топ

60 шыққандар 2-топ

70 шыққандар 3-топ

Есептер бойынша топтасады.


таратпалар


10 мин

АКТ-ны қолданып топтық жұмыс (барлық топ тапсырмаларды орындап жатады.)

Оң сандар және теріс сандарОң сандар және теріс сандарОң сандар және теріс сандар

. Оқушылар әр топта ноутбукпен берілген тапсырманы орындайды.

( шашылған сандардан теңсіздікке тиісті сандарды қорапшаға жинайды)

Сын тұрғыдан

ойлау

Топпен жұмыс

Оң сандар және теріс сандарОң сандар және теріс сандарОң сандар және теріс сандар



2 мин



Сергіту сәті

Қара жорға

.


Әуен

IV. Қорытынды (5 мин) Кері байланыс

5 мин

Қорытындылау.

Слайд бойынша әр топ өз қорытындыларын жасайды. Оң сандар және теріс сандар

0 - санынан қаншалықты бірлікте орналасқанын айту.

.

смайликтер

слайд

5 мин

Бағалау

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісімен оқушыларды бағалау

Рефлексия

Аты -жөні:

Санның модулін

және оның қалай жазылатынын білемін.

Теріс және оң сандардың модулі мысал келтіре аламын.

Топпен оңай жұмыс жасаймын, сыныптастарыма

көмек бере аламын.

Қарама-қарсы сандардың модульдерін

координаталық түзуде белгілеймін.

Ия


жоқ


Бірін-бірі жақсы тапқан идея, ойларын қолпаштап таңдаған сыныптасына екі жұлдыз сыйлайды, және сын ретінде болашақта тағы қандай жұмыстар істеу керектігін айтады.

Екі жұлдыз, бір тілек

жұлдыздар







Пәні: математика

Пән мұғалімі: Сайфуллина Гүлден

Сыныбы: 6 "ә"

Мерзімі: 17.10.14 ж

Тақырыбы: Рационал сандарды салыстыру

Мақсаты: Оқушыларды рационал сандарды салыстыру әдістерін үйрту. Координаталық түзуде сандардың орналасуына, қалай салыстыра білуге және қорытынды жасауға ықпал ету.

Күтілетін нәтиже: Берілген рационал сандарды салыстыра алады. Салыстырудың әдістерін біледі. Ережені есеп шығаруда пайдалана алады. Сыни тұрғыдан ойлай алады. Жасаған жұмыстарына гипотез жасап, қорытындылайды. Топпен жұмысты жақсы ұйымдастырады.

Түйінді идеялар: Координаталық түзуде оң жағындағы сан үнемі үлкен болады.

Әдіс-тәсілдер: Тренингтер, есте сақтау стратегиясы, сергіту сәті, кері байланыс, рефлексия, рольге кіру.

Уақыт

(мин)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Стратегиялар

Ресурстар

2 мин

Сәлемдесу. САНДАРДЫ САЛЫСТЫРУ. әріптерді таратып беремін. Қандай әріп түссе, сондай әріппен бастап сәлемдесу керек.

1.Бір-бірімен сәлемдеседі

Мысалы,

С- Сәлем менің достарым!

А-Ассалаумағалейкум сыныптастарым!

Н-Нағыз достар сәлем сендерге!

Д-Достар сендерге жалынды сәлем!

А-Амансыңдар ма жан достар!

Р-Рахымды достар сәлем!

Д- Дарынды жан досым аманбысың!

Ы-Ырысты достар, қалайсыңдар!

С- Салют, достар!

А- Армысыңдар достарым!

Л- Лайықты маған достарым, сәлем!

Ы-Ынталы сыныптастарға сәлем!

С-Сағынған досыма жалынды сәлем!

Т-Тағдырластарға дұғай сәлем!

Ы-Ырымшыл жандарға бір сәлем!

Р-

У- Уа, достар, бармысың!

.

Әуен, әріптер

1 мин

Топтастыру.

1-ші топ: САНДАР

2-ші топ: ДЫ САЛЫ

3-ші топ: СТЫРУ.


.


Үш топ болып топтасады.


Әріптер жазылған кеспе қағаздар.

4 мин


Топқа тапсырма.

1. Оң сандар және теріс сандар формуласының мағынасын ашып бер.

2. Санның модулі дегенді қалай түсінесің?

3.Оң сандар және теріс сандар формуласының мағынасын қалай түсіндірер едіңдер?


Әр топ өз ойларын қорытындылап барып айтады.

.


Формативті бағалау

сұрақ - жауап

Миға шабуыл


9 мин

Практикалық жұмыс.

1.Координаталық түзу сызып, бірлік кесіндіні 1 тор көз қылып алыңдар.

2.Координаталыұ түзуден

5 пен 2

1 мен 3

6 мен 4

0 мен 2

1 мен -1

3 пен -2

-4 пен -2 сандарын белгілеп, қайсысы оң жағында қайсысы сол жағында орналасқанын байқайды.

4. Қорытынды жасату.

Түрткі болу сұрақтары:

1) 0 -дің оң жағында кескінделіп тұрған сандар қандай сандар?

2) 0-ден үлкен сандар 0-дің қай жағында орналасқан?

3) Ал теріс сандар 0-дің қай жағында орналасқан?

Осы сұрақтардан кейін қандай қорытындыға келесіңдер?

Барлық оқушылар дәптермен жұмыс жасайды.

Оқ сандар мен теріс сандардың координаталық түзуде орналасуына қарай қорытынды жасайды.

- координаталық түзу бойында

үлкен сан оң жақта, ал одан кіші

сан оның сол жағында

кескінделеді.

- Кез келген оң сан 0-ден үлкен

болады.

- Кез келген теріс сан 0-ден кіші

және кез келген оң саннан кіші

болады.

- Екі теріс санның қайсысының

модулі кіші болса, сол сан үлкен

болады.


слайд



7 мин







Есепті жалғастыр.

Тапсырмасы жазылған бет таратылады.

Теңсіздік бағыттары қанағаттанатындай сандармен толықтыру қажет.

Оң сандар және теріс сандарОң сандар және теріс сандарОң сандар және теріс сандар

Теңсіздік бағыттары қанағаттанатындай сандармен толықтырады

Бағалау парағы


парақшалар


5 мин


Сандарды орналастыр

Топқа рационал сандар беріледі. Оқушылар сандарды өсу ретімен орналастыру керек.

Берілетін сандар:

-16; -15,2; - 12Оң сандар және теріс сандар ; -9,22; -9,02; -7; -2,7;

-1; -0,07; 0; 1,2; 3; 3,7; 4Оң сандар және теріс сандар; 6,7; 8,9; 10.

Сандар қалпақтарда жазылған. Киіп алып өздері сап түзеп өсу не кему ретін көрсетеді.

Сандар жазылған қалпақшалар


1 мин

Топқа бөлу

Домино әдісімен топқа бөлу.

Санға байланысты мақал-мәтелдер, жұмбақтар

Оң сандар және теріс сандар

.


Сын тұрғыдан

ойлау

Топпен жұмыс

парақшалар


10 мин




Оқулықпен жұмыс

№386,

№ 392,

№ 398 есептерді шығару

Оқушылар әр тапсырманың күрделігіне, қарапайымдығына қарап таңдап шығарады. Әр деңгейдегі тапсырмалардан 1 оқушыдан шығып, тақтаға орындайды, шығарған есептерін дәлелдеп қорғайды.


Оқулық

6 сынып

математика

IV. Қорытынды (7 мин) Кері байланыс

5 мин

Қорытындылау.

Оқыту үшін бағалау+Рефлексия

Оқушылар өзін-өзі бағалайды.

Сабақтан не үйренді, не үйренгісі келеді, ұнады ма ойын жапырақшаларға жазып, қу ағашты жапырақтармен толтырады.

Жапырақ түстері әр түрлі. (түстер көңіл күйді білдіреді)

Ашық сары - көңілі көтеріңкі

Сарғыш - көңілі орташа

Қызғылт - көңілі түсіңкі

. Жақсы түсінген болса жоғарырақ, орташа түсінсе орта жағына, дұрыс түсінбесе, асытыңғы жағына іледі.

смайликтер

Ашық сары, сарғыш, қызғылт

Жапырақтар

Оң сандар және теріс сандар

2 мин

Қосымша тапсырма

Оң сандар және теріс сандарОң сандар және теріс сандарОң сандар және теріс сандар

үш сурет бойынша ой толғаныс жазу.




© 2010-2022