ҚМЖ Тарау бойынша қайталау (6-сынып)

Раздел Математика
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ҚМЖ Тарау бойынша қайталау (6- сынып)ҚМЖ Тарау бойынша қайталау (6- сынып)Математика 6 б сынып.


Күні 17.10.2015 жыл.


Сабақтың тақырыбы

Рационал сандар. 2- тарау бойынша қайталау.


Сілтеме:

Орта мерзімді жоспар,

математика 6 сынып

Сабақтың мақсаты:

2 -тарау бойынша білімдерін нақтылып бекіту. Түсініктерін бақылап, кемшіліктерін жоюға, өзін-өзі реттеуге көмектесу, түсіну дәрежелерін критерилер бойынша бағалау, сыни түрғыдан ойлау, топпен жұмыс, жеке жұмыс. Ойлау қабілеттерін дамыту. Шешім қабылдай білуге дағдаландыру.


Оқыту нәтижелері:

Қарама-қарсы сандар, оң және теріс сандар, координаталық түзу, рационал сандардың модулін, оларды салыстыруды біледі. Қиынырақ есептерді шығара біледі.

Сабақта қалыптасқан

түйінді идеялар:

топтық, жұптық, диалогтық, деңгейлік әдістерді пайдалана отырып жүйелеуге, ашық айтуға, есеп шығару бойынша жолдастарына көмектесуге тәрбиелеу.


Дереккөздер:

тест тапсырмалары, оқулық, таратпалар, МИФ журналдары, компьютер, интерактивті тақта, слайдтар.


Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

Амандасады. Оқушыларды түгендеу. Сабаққа әзірліктерін бақылау.

Амандасады. Сабақта жоқ оқушыларды айтады. Сабаққа әзірленеді.

Сабақ тақырыбы мен мақсатын айқындау.

Сабақ жоспарымен, мақсаттарымен, таныстырады, бағалау туралы түсінік береді. Тақтада сынып жұмысы деп бүгінгі күнді жазады.

Дәптерлерін, ашып, сынып жұмысы деп және бүгінгі күнді жазады.

Үй тапсырмасын тексеру.

Әр топтан бір оқушыны тақтаға шығарады, үй тапсырмасын тексеріп, қателері болса өздеріне түзетеді.

Тақтада көрсетілген шешу жолдары бойынша, өзара тексереді. Топ басшысы бағалау парағына қояды.

«Лабиринт»

Ойын шартын түсіндіреді.

2 тарау бойынша сұрақтарға жауап беріп, ұпай жинап жарысады.

Деңгейлік тест тапсырмалары

Экранда тест тапсырмалары ашылады. Қысқаша қалай орындау керектігін түсіндіреді. Әр оқушыға жеке тест тапсырмалары таратылады.

Оқушылар тест тапсырмаларын деңгей бойынша дәптерге орындап, жауаптарын жазып көрсетеді.

Тесті бағалау

Экранда тест жауаптарын ашады, және бағалау нормасын көрсетеді.

Жұптасып дәптерлерін алмастырып, экранда көрсетілген тест кілті бойынша бірін-бірі тексеріп, бағалайды, топ жетекшілері бағаларын бағалау парағына қояды.

Сергіту сәті

Экранда сергіту жаттығуын көрсетеді.

Жаттығу жасайды.

Семантикалық карта

Әр жұпқа семантикалық карта таратып береді.

Жұппен картаны толтырып, жұптар алмасып, бірін-бірі бағалайды.

Оқулықпен жұмыс.

Тақтаға оқулықтан деңгейлік есептерді шығару үшін номерлерін жазып көрсетеді.

А. Деңгейі № 406

№409

В. Денгейі № 411

№ 413

С. Денгейі № 414

№ 416

Есептерді дәптерлеріне деңгей бойынша орындайды. Бір біріне көмектеседі.

Білімдерін, түсініктерін бағалау

Топ жетекшілеріне тексеру үшін, есептердің шешу жолдары мен жауаптарын таратып береді.

Топ жетекшілері тексеріп, бағаларын қояды. Тақтада қиналған есептерін талдап, кемшіліктерін жояды.

Ауызша ой өрбіту.

Логикалық есептер

Слайд арқылы логикалық сұрақтарды ашады

1.

96

8

12

2

4

?

2. 13; 19; 26;?;43;53;

3. 1; 4; 12; 15; ?;48;144;

4. неше үшбұрыш бар?

ҚМЖ Тарау бойынша қайталау (6- сынып)

Ауызша кезектесіп жауап береді

Сабақты бекіту

Кері байланыс

- Бүгін сабақта не ұнады?

- Неге үйрендім?

- Нені білгім келді?

- Сұрақтарына жауап беру үшін стикерлер таратып береді

өз ойларын жазып, тапсырады.

Қорытынды бөлім


Рефлекция

Үйге тапсырма береді. Оқулықтан қалған деңгейлік есептерді шығару. 96 беттегі.

Ашық күн, бұлтты күн немесе жаңбырлы күн суреттерінің бірін салып, көңіл- күйлерін көрсетеді

Күнделіктеріне үйге тапсырма жазады. Топ жетекшілері бағалау парақтарын береді.

Жиынтық бағалау.

Бағалау парақтарына қалған бағаларын қойып экранда көрсетеді. Барлығана белсенді жұмыс істегендері үшін рахмет айтып, ерекше алғарлық, тапқырлық танытқан оқушыларды мадақтайды.

Күнделіктеріне бағаларын қойдырады. Кезекшілер тақтаны сүртеді. Жұмыс орындарын әркім ретке келтіреді.


© 2010-2022