Есептер шығару тақырыбындағы шебер сынып

Раздел Математика
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Есептер шығару тақырыбындағы шебер сыныпСабақтың тақырыбы: Есептер шығару

Сабақтың мақсаты: 1. білімділік:оқушылардың әртүрлі шамалар

арасындағы байланысқа берілген есептерді

(өтілген түрлерін) шығару тәсілдері

салыстыруға және қорытындылауға арналған

пысықтау жұмыстары арқылы білімдерін

тиянақтау;

2. дамытушылық: логикалық ой-өрістерін,

қиялын дамыту, ой ұтқырлығын ұштау;

3. тәрбиелік: шапшаңдыққа, алғырлыққа, пәнге

деген қызығушылыққа тәрбиелеу,

ынтымақтастықта жұмыс істеуге дағдыландыру;

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, слайд, кестелер, үлестірмелі

қағаздар,сызбанұсқалар, т.б.

Сабақ өту әдісі: салыстыру, топтастыру, ішіне-сыртына, сәйкестендіру, топпен жұмыс

Сабақтың түрі: жарыс сабақ

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:

А) Психологиялық дайындық «Бақытты балалық шақ» әні

(Үнтаспадан әуен ойнап тұрады.)

Ә)Топқа бөлу. Қар ұшқындары арқылы топқа бөлу. Әр оқушы келіп, тақтада ілулі тұрған қар ұшқындарын алу арқылы топтасады.

Жұмбақ

Шанамен зырлап желетін

Шаңғы, коньки тебетін

Аққала жасап ойнайтын

Қай мезгіл деп ойлайсың? Шешуі:( қыс)

1-топ (желтоқсан)

2- топ (қаңтар)

3- топ (ақпан)

Әр топ өз аттарын қорғайды.

1-слайд (қар жауғызу)


Балалар сабақты ауызша есептерден бастаймыз. Мысалы:

- Алмас 36 теңгеге 6 кәмпит сатып алды. Бір кәмпиттің бағасы қанша? (6 теңге)

- Тимур 54 теңгеге 6 түйме сатып алды. Бір түйменің бағасы қанша?

(9 теңге)

- Айгүл 48 теңгеге 6 бөлке нан алды. Бір бөлке нанның бағасы қанша? (8 теңге)

- Тігінші бірдей 8 көйлекке 48 түйме қадады. Бір көйлекке неше түйме қадалды? (6 түйме)

- Бірдей 4 құмыраға 12 л сүт құйылды. 1 құмыраға неше литр сүт сияды? (3 литр)


Сабақты әр топ болып жарысу арқылы өткен сабақты пысықтау. Бағасы. Саны. Құны.

Қ=Б*С С=Қ:Б Б=Қ:С

Оқулықпен жұмыс:

2 -слайд Қысқы табиғат құстардың суреті

Балалар енді қар жауды, қыс болды. Біраз құстар қыстап қалады. Қыстап қалатын құстар туралы сұрау.Сол құстарға көмектесейік. Ол үшін №1 есеп. (өзіндік жұмыс)

3-слайд «Аққала соғу» ойыны

№2 есеп. Есептерді шығару. Тақтамен жұмыс

8 қорапта- 72 кг мандарин

3 қорапта - ? кг мандарин

72:8=9(кг) 9*3=27 (кг)

Жауабы: 27 кг мандарин

7 қорап - 56 ойыншық

64 ойыншық - ? қорапта

56:7=8(о) 64: 8=8(қ)

Жауабы: 8 қорап

Сергіту сәті (бейнеролик)

4-слайд. 4-тапсырма. Семантикалық карта

жауап

есеп

305 м

392 кг

644 кг

7 см

488 г

157 кг

1 км-695 м


8 ц-408 кг


5 ц 24 кг+120кг


2 дм 5 см-18 см


1 кг -512 г


1 т- 8 ц 43 кг


5-слайд. Логикалық есептер.

* Талдың тартында төрт қоян жасырынып тұр, бір қоянның құлағы көрініп тұр. Қанша құлақ көрінбей тұр. (6 құлақ)

* Екі адам шахматты 2 сағат ойнады. Бір адам неше сағат ойнайды? (2 сағат)
*2 кг мақта ауыр ма, 2кг темір ауыр ма? (тең)
*Сенбіден кейін 2 күннен кейін қай күн келеді? (сейсенбі)

*2 сағатта қанша минут бар? (120)

Ал одан кейінгі келетін мереке 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні. Биыл қанша жыл? (23 жыл)

6- слайд. «Ішіне-сыртына»

Ішіне

Сыртына

202

400

82

64

22

4

62

36

42

16

72

49

Аяз Атаның тапсырмасы.

Алғыр алады,

Ұшқыр озады

Кім тапқыр?

Теңдеудің мәнін сол табады.

7-слайд. Теңдеулер

Х+340=1000 у-30=900 777-в=50

Х=1000-340 у=900+30 в=777-50

Х=660 у=930 в=727

660+340=1000 930-30=900 777-727=50

1000=1000 900=900 50=50

9- слайд. Венн диаграммасы



6, 8, 9, 12, 14, 15, 18, 20, 21,24

1-топ. 2 -ге бөлінетін сандар

2-топ. 3-ке бөлінетін сандар

3-топ. 2-ге және 3-ке бөлінетін сандар

Оқулықтағы шығармашылық тапсырма.

Сабақты қорытындылау:

  • Бүгін біз сабақта не өттік?

  • Нелермен таныстық?

9-слайд. Кері байланыс қағазы арқылы шыршаны безендіру.

Үйге тапсырма: №5 ә)

Білімдерін бағалау. Топ болып жинаған үлестірмелі қағаздары арқылы бағалау.




.



© 2010-2022