Аралас сабақ

Мақсаты: Сабақ  барысында балалардың өздеріне таныс ертегілерді қысқаша мазмұнын еске түсіре отырып әңгімелей  білуге үйрету. Өтілген  дыбыстар мен әріп таңбаларын, сандарды қайталау,  сөздерге дыбыстық талдау жасау, буынға бөлу, дауысты,дауыссыз дыбыстарды ажырату. Есте сақтау, ойлау, байқағыштық   қабілеттерін  дамыту.Инабаттылыққа, ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа  тәрбиелеу. Әдіс-тәсілдер: жұмбақ  шешу, тапсырмалар орындау, ребус  шешу. Сабақтың  түрі: аралас  сабақ Көрнекіліктер: кеспе әріптер, ертегіге байланысты сюжетті сурет, жұмбақтар, «алтын  балық» суреті.
Раздел Математика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Аралас сабақ

Абилькаирова Дана Толеухановна

мектепалды даярлық топ тәрбиешісі

Шұңқыркөл№11орта мектеп КММ

Осакаров ауданы. Қарағанды облысы

Мақсаты:

Сабақ барысында балалардың өздеріне таныс ертегілерді қысқаша мазмұнын еске түсіре отырып әңгімелей білуге үйрету. Өтілген дыбыстар мен әріп таңбаларын, сандарды қайталау, сөздерге дыбыстық талдау жасау, буынға бөлу, дауысты,дауыссыз дыбыстарды ажырату. Есте сақтау, ойлау, байқағыштық қабілеттерін дамыту.Инабаттылыққа, ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: жұмбақ шешу, тапсырмалар орындау, ребус шешу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Көрнекіліктер: кеспе әріптер, ертегіге байланысты сюжетті сурет, жұмбақтар, «алтын балық» суреті.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Шаттық шеңбері. Балалар бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

«Кім жылдам» ойыны.

  • Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

  • Балалардың жауабы.

  • Көктемде қандай өзгерістер болады?

  • Балалардың жауабы.

  • Көктем айларын атаңдар?

  • Наурыз,сәуір,мамыр.

Жұмбақ шешу:

Қызықтырар әркімді-ақ,

Суда жүзер жалтылдап.

Қай дыбыстан басталған

Сол жәндіктің атын тап. (Балық)

Балалар бүгін бізде жай сабақ емес, ерекше сабақ болғалы отыр. Өйткені бүгінгі сабаққа «алтын балық» қонаққа келіпті. «Алтын балық» бізге құр келмепті. (аузына конверт тістеген алтын балықтың суреті тақтаға ілінеді. Тапсырма бір-бірлеп алынып оқылады).

  • Балалар, балық қайда өмір сүреді?

  • Әрине, суда.

  • Балық сусыз өмір сүре ала ма?

  • Жоқ.

  • Балықтың қандай пайдасы бар?

Балықты жейміз. Адам ағзасына пайдасы көп. Оның сүйегі болады.

  • БАралас сабақалалар бізге жай балық емес, басында тәжі бар сиқырлы«алтын балық» келіпті. Қане, балалар «алтын балық» бізге қандай тапсырма ала келіпті, соны орындасақ сыйлығы да бар екен.

1-тапсырма: Көркем әдебиет сабағынан «Ертегі жұмбақ». Сюжетті суреттер бойынша балалар қандай ертегі екенін және кейіпкерлерін атап, ертегіден үзінді айтады.

«Бауырсақ» ертегісі бойынша сюжетті сурет

2Аралас сабақ-тапсырма: «Алма теру» ойыны. (ағашта ілінген алмалардағы тапсырмаларды орындау).

3-тапсырма: «Адасқан сандар» ойыны. Сандарды ретімен орналастыру.

2, 4, 6,8,9,1,3,10,5,7

Сергіту сәті: Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкене ағаштар,

Биік-биік өседі.

4Аралас сабақАралас сабақ-тапсырма: Ребус шешу. Шешуі: Ана . (ана туралы тақпақтар айтады)

Аралас сабақ

5-тапсырма: Дыбыстық талдау жасау.

ШАралас сабақар. Ай. Бақа.

Аралас сабақАралас сабақ

6-тапсырма: «Санамақтар» айту.

Бір дегенім-бір таяқ,

Екі дегенім екі аяқ.

Үш дегенім - үшкір тіс,

Төрт дегенім- төртбұрыш. (балалар жалғастыра береді)

Қорытынды: Балалар, бүгін сендерде ерекше сабақ өтті. Сабақ сендерге ұнады ма? «Алтын балық» балалардың білімдерін бағалап, сыйлығын береді. Сендердің әрдайым тілектерін орындалып, армандарына жете беріңдер.


© 2010-2022