Конспект урока по геометрии Үшбұрыштарды шешу

Сабақ басталмас бұрын оқушыларды үзілісте төрт топқа бөліп алдым. Сабақтың ұйымдастыру бөлімнде топтар өзара біріне - бірі " Сұрақтарды ұтыл ал" әдісімен жоғары мәртебелі және төмен мәртебелі сұрақтар қойылған болатын. Сабақта зерттеушілік әңгімеге нұсқау беріліп, оқушылар жұмыстарын флипчартқа түсіріп, нәтижесін топтан бір көшбасшы шығып постерлерін қорғаған болатын. Сабақта деңгейлік тапсырмалар Шыныбеков оқулығынан берілді. Сабақ стикердегі диалог әдісімен аяқталды. Оған оқушылар түсінгенін н...
Раздел Математика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

9 а - сынып

Күні:

Сабатың тақырыбы

Үшбұрыштарды шешу

Мақсаты

Берілген элементтері бойынша барлық белгісіз қабырғалары мен бұрыштарын табуды меңгеру

Күтілетін нәтиже

А:

  • Синустар мен косинустар теоремасын біледі ;

В:

  • Есептер шығаруда қолдана алады;

С:

  • Тақырып бойынша күрделілігі жоғары есептерді дәлелдеп шеше алады.

Керекті жабдықтар

Оқулық, жұмыс дәптері, қалам, маркер, флипчарт

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Уақыты

минут

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

9

- оқушылармен амандасу;

- сыныпты түгендеу;

- кезекшілік қызметін қадағалау;

- оқушылардың назарларын сабаққа аудару.

Сыныпты 2 топқа бөлу.

Үй тапсырмасын тексеру: Жауаптары тақтада көрсетіледі.

Алдыңғы тақырыптарды «Сұрақтарды ұстап ал!» әдісімен қайталау. Мұғалім өзі бастап сұрақ қойып, қолындағы қапты келесі топқа лақтырады.

-мұғаліммен сәлемдесу;

- кезекшілік қызметін атқару;

- сабаққа зер салу.

Үйден шығарып келген тапсырмаларды тексеру үшін дәптерлерін сағат тілі бағытымен алмастырып бір-бірінің жұмысын тексереді. Критерий бойынша бағалайды.

Мұғалім лақтырған қапты ұстап алған оқушы сұраққа жауап береді, дұрыс жауап берсе 3 балл алады, қате жауап берсе одан 1 балл алынып келесі топқа лақтырылады. Дұрыс жауап берген жағдайда сол оқушы өзі сұрақ қойып келесі топқа лақтырады.

Тұсаукесер

15

Топқа зерттеушілік әңгімеге нұсқаулық беріледі. Нәтижесі постер қорғаумен аяқталады.


Тапсырманы жеке оқу; топпен талдау; постер жасау, қорғау. Топпен өзара екі жұлдыз, бір ұсыныс арқылы бағалау.

Негізгі бөлім

16

1. Оқушыларға деңгей бойынша тапсырмалардың бағытын түсіндіріп, есептер береді.

А:№499;В:№509;С:№512

2. Стикердегі диалог әдісін қолдану арқылы жұптық жұмыста барлығына бірдей қолжетімді тапсырмалар беру. №500-502

1. Әрбір оқушы өзіне берілген есепті шешеді; критерий бойынша өзін-өзі бағалайды.

2. №500-502 есепті әрбір жұп екі пункттен алып, берілген әдісімен шешеді. Қате кеткен жұптар өзара талдап, көршісіне көмектеседі.

Қорытынды

5

Кері байланыс. Оқушылардың пікірлері немесе бағалау критерийі бойынша оларды бағалау, үй тапсырмасын беру.№503-505

Оқушылар өзара бағалауына түсініктеме береді. Үй тапсырмасын тыңғылықты жазып алады.



© 2010-2022