Разработка заключение неделю математики

Раздел Математика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Разработка заключение неделю математики

Жамбыл атындағы жалпы орта мектебі

коммуналдық мемлекеттік мекемесі











Математикалық кеш

Тақырыбы:





Күні: 24.10.2014 жыл.

Сыныбы: 9 «А» 9 «Ә»,10 «А», 10 «Ә», 11 «А», 11 «Ә», 11 «Б»

Пәні: математика

Ұйымдастырушы: Нұрпейісова Б.О.











2014-2015 оқу жылы

Математикалық кеш

Тақырыбы: Бізді қоршаған - математика

Мақсаты: оқушылардың алған білімдерін өмірмен

байланыстыра білуге ықпал ету;

математиканың өмірдегі алатын орны, ерекшілігі

туралы білімдерін кеңейту;

пәнге деген қызығушылығын арттыру;

өз ойларын ашық, нақты жеткізе білуге, сыни

тұрғыдан ойлай білуге үйрету;

басқа сынып оқушыларымен ынтымақтастығын, ара-қатынасының дамуына септігін тигізу;

Көрнекілігі: плакаттар, бүктемелер, геометриялық фигуралар, түрлі қағаздар, нақыл сөздер т.б.

Пән аралық байланыс: жаратылыстану, қазақ тілі, қазақ әдебиеті, технология, бейнелеу өнері, өнер.

Барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық тренинг

І бөлім:

Топқа ат қою

Мақал - мәтелдер сайысы

Мен көп білемін

Логикалық есептер

Математикалық салулар

Геометриялық құрастырулар

Сергіту сәті.

ІІ бөлім

Алты қалпақ «Математика не үшін қажет»

«Мен және математика» көрініс

Қорытынды.

Ұйымдастыру кезеңі

Сынып бөлмесін безендіру, әрбір сыныптан іріктелініп алынған сынып оқушыларын топтастыру.

Психологиялық тренинг

Оқушылардың өздерін қалыпты ұстауын, ортаға бейімдігін қалыптастыру, сескену, секемдену жағдайларын болдырмау үшін:

  1. Мен кіммін?

  2. Маған қарап тұрған кім?

  3. Мен қандаймын?

  4. Ата-анам мен туралы не ойлайды? - деген сұрақтарды қою арқылы

кешті бастаймын.

Топқа ат қою

Сыныптар өз топтарына ат қояды, сөйтіп, топпен, сайысқа қатысып отырған оқушылармен таныстырып, төсбелгі жасап оны қорғайды. Топтың ұранын айтады.

Разработка заключение неделю математикиРазработка заключение неделю математики

Мақал-мәтелдер

Әр топтан бір-бір оқушы шығып, ішінде математикалық амалы, таңбасы, саны бар мақал мәтел айтып жарысады. Кім көп мақал айтса сол топ жеңеді.

Мен көп білемін

Әр топ бес-бес математикалық жұмбақ қойып жарысады. Қайсы топ көп жұмбақтың шешімін тапса сол топ ұтқан боп есептеледі.

Логикалық есептер

Топтар логикалық есептер жасырып сайысқа түседі. Бұл сайыстада көп есеп шешкен топ жеңімпаз деп танылады.

Математикалық салулар

Кез-келген тақырыпта сурет салып, салған суретін математикамен байланыстырып түсіндіреді. Салынған суреттің көрнекілігіне, мазмұндылығына қарай жеңімпаз топ анықталады.

Разработка заключение неделю математикиРазработка заключение неделю математики

Геометриялық құрастырулар

Қиылған геометриялық фигуралардан аппликация жасайды. Аппликацияға тақырып қойып оны қорғайды.

Разработка заключение неделю математикиРазработка заключение неделю математики

Сергіту сәті.

ІІ бөлім

Алты қалпақ «Математика қажет пе?»

Өздері ұнаған түс арқылы сыныптар жаңа топтарға бөлінеді. Бөлінген жаңа топтар болып тағыда сайысқа түседі.

Қара түс: математиканы қажет еместігін дәлелдейді.

Ақ түс: математика туралы ақпарат береді;

Сары түс: математиканың пайдалы жақтарын айтады;

Қызыл түс: мтематиканы эмоциямен жеткізеді;

Жасыл түс: математика туралы жаңалық ашады;

Көк түс: қорытынды жасайды.


«Мен және математика» көрініс

Осы топтар тақырыпқа сай көрініс көрсетеді.

Сайыстар бойынша топтардың ұпай сандары саналып, жеңімпаз топ анықталады және түрлі сыйлықтармен марапатталады.

© 2010-2022