Разработка урока по алгебре на тему: ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ БИНГО (тапқырлар сайысы)

Раздел Математика
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Разработка урока по алгебре на тему: ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ БИНГО (тапқырлар сайысы)Разработка урока по алгебре на тему: ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ БИНГО (тапқырлар сайысы)Разработка урока по алгебре на тему: ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ БИНГО (тапқырлар сайысы)Разработка урока по алгебре на тему: ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ БИНГО (тапқырлар сайысы)Разработка урока по алгебре на тему: ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ БИНГО (тапқырлар сайысы)Разработка урока по алгебре на тему: ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ БИНГО (тапқырлар сайысы)Разработка урока по алгебре на тему: ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ БИНГО (тапқырлар сайысы)Разработка урока по алгебре на тему: ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ БИНГО (тапқырлар сайысы)Разработка урока по алгебре на тему: ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ БИНГО (тапқырлар сайысы)Разработка урока по алгебре на тему: ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ БИНГО (тапқырлар сайысы)Разработка урока по алгебре на тему: ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ БИНГО (тапқырлар сайысы)Разработка урока по алгебре на тему: ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ БИНГО (тапқырлар сайысы)Разработка урока по алгебре на тему: ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ БИНГО (тапқырлар сайысы)Разработка урока по алгебре на тему: ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ БИНГО (тапқырлар сайысы)Разработка урока по алгебре на тему: ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ БИНГО (тапқырлар сайысы)Разработка урока по алгебре на тему: ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ БИНГО (тапқырлар сайысы)Разработка урока по алгебре на тему: ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ БИНГО (тапқырлар сайысы)Разработка урока по алгебре на тему: ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ БИНГО (тапқырлар сайысы)Разработка урока по алгебре на тему: ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ БИНГО (тапқырлар сайысы)Разработка урока по алгебре на тему: ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ БИНГО (тапқырлар сайысы)Разработка урока по алгебре на тему: ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ БИНГО (тапқырлар сайысы)Разработка урока по алгебре на тему: ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ БИНГО (тапқырлар сайысы)Разработка урока по алгебре на тему: ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ БИНГО (тапқырлар сайысы)Разработка урока по алгебре на тему: ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ БИНГО (тапқырлар сайысы)Разработка урока по алгебре на тему: ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ БИНГО (тапқырлар сайысы)Разработка урока по алгебре на тему: ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ БИНГО (тапқырлар сайысы)Разработка урока по алгебре на тему: ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ БИНГО (тапқырлар сайысы)Разработка урока по алгебре на тему: ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ БИНГО (тапқырлар сайысы)Разработка урока по алгебре на тему: ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ БИНГО (тапқырлар сайысы)Разработка урока по алгебре на тему: ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ БИНГО (тапқырлар сайысы)Разработка урока по алгебре на тему: ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ БИНГО (тапқырлар сайысы)Разработка урока по алгебре на тему: ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ БИНГО (тапқырлар сайысы)Разработка урока по алгебре на тему: ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ БИНГО (тапқырлар сайысы)Разработка урока по алгебре на тему: ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ БИНГО (тапқырлар сайысы)Разработка урока по алгебре на тему: ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ БИНГО (тапқырлар сайысы)Разработка урока по алгебре на тему: ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ БИНГО (тапқырлар сайысы)Разработка урока по алгебре на тему: ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ БИНГО (тапқырлар сайысы)Разработка урока по алгебре на тему: ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ БИНГО (тапқырлар сайысы)Разработка урока по алгебре на тему: ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ БИНГО (тапқырлар сайысы)«Интеллектуалдық бинго» сайысы

5-9 сыныптар арасында

Мақсаты:

  1. Оқушылардың математикаға және басқа да негізгі пәндерге деген қызығушылықтарын арттыру;

  2. Интеллектуалдық қабілеттерін жетілдіріп, танымдық қасиеттерін дамытып, ой-өрістерін тереңдету.

Жоспар:

1. Командалардың өздерін таныстыру.
2. «Бәйге»
3. «Интеллектуалдық бинго»
4. «Шырпылар шытырманы»
5. «Көкпар»
6. «Санап көр» Капитандар сайысы
7. Қорытынды.

Сайыстың барысы:

Әр команда 7-9 оқушыдан құрастырылған.

1-ші команда 2-ші команда

  1. бастаушы, қазылар алқасы.

1-бастаушы:

Көңілді тапқыштар,білгіштер
Бар өнерін алдарына салады.
Кім білімді,көп оқыған болса егер
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.

2-бастаушы:

Өмірде ойлап тұрсаң бәрі де есеп
Ауырсаң ішетұғын дәрі де есеп
Есепсіз сүрген өмір мазмұнсыз-ау
Дүниенің бар тұлғасы есеп десек.

  1. бастаушы:

Есептен сайысады қос команда
Алға озар ең мықтысы осы жолда
Көпшілік өнерлерін қызықтамақ
Сұрайық шығуларын жұрт алдына.

1. Командалардың танысуы.

-----------
Өнер қуған математик жастармыз
Есебіңді лезде шешіп тастармыз.
Командамыз өңшең тапқыр қырандар
Ерен туған «Вундер кинд» бастармыз.

Келешектің үмітіміз талапты
Атақ даңққа бөленеміз қарап тұр,
Сегіз қырлы,өнер асып туғандар
Оза шауып бәйге атындай жарап тұр.
-----------
Егеменді қазақтың біз ұланы
Өз туы бар,елтаңба,әнұраны,
Үмітін ақтайтын біз аға ұрпақтың
Самғайтын биіктерге тау қыраны.

Бабамыз Әл-Фараби өзің қолда
Жеңіс тек біздер болар осы жолда
Достар-ау,сендер де бір қолпаштаңдар
Отырған дәл алдыда,он мен солда.

-----------: Бастары компьютердей
Бойлары бәрі бірдей
Жастықты бірге өткізген
Құрбыларға өрімдей - сәлем!

---------: Құны бір құрдас
Жаны бір жандос
Тілегі бір, жүрегі бір
Бірге өскен жолдас
Сендерге де бір сәлем!

-----------: Бір аллаға сыйынып
Кел, балалар,оқылық.

-----------: Тартысайық сайыста күш жігермен
Айырлысайық қимас бір дос көңілмен.

Қазылар алқасы тілек
---: Төр ағасы төбе билер-жюрилер
Әділетпен кеңес құра біліңдер.
---: Әділеттен аспаңыздар
Қиянатқа баспаңыздар.

  1. «Бәйге»


Екі командаға сұрақ қойылады. Әрқайсысының жауабы тыңдалады. Дұрыс жауап бағаланады.


1. Ұшып барады бір топ қаз оңтүстікке
Мықты болсаң,қанша екен тез есепте
Алдында екеу,екеу келеді артында
Екі-екіден келеді қос бүйірде. (4)

2. Тар шеңберді айналып,

Тұр қазықта байланып

Қаға берер таңдайды

Әдетінен таңбайды

(қабырға сағат)

3.Табақтағы жемісті
Былай ғана бөлісті
Екі анасы, қос баласы
Әжесі мен немере
Бір-бірден тиді алмасы
Айтшы қанша жан басы?

(Әжесі, анасы, немересі)

  1. Жалғыз бағыт білері,

Бұрғаныңа көмбейді.

Жол көрсетіп береді,

Бірақ өзі көрмейді

(компас)

5.«Сәукеле» деп киген, айналдырып басына,

Биші қыздар да, мың бұралған.

Айтындаршы бұл қай фигура?

Дөңгелек бөлігінен құралған.

(конус)


ІІ «Интеллектуалдық бинго» ойыны


1. 10.Суретші мектеп бөлмелерін нөмірлеуге тиіс еді. Бөлме саны 100 болса, қанша рет «9» санын жазу керек? (20 рет)
2. 38 Қабырға сағаты қоңыраулы, ол әрбір жарты сағатта 1 рет, толық сағат санын сол уақытта көрсету санына тең қоңырау соғады. Сонда тәулігіне неше рет соғады? (204 рет)
3. 14. Қай материктің жерін бір ғана ел құрайды? (Австралия)
4. 21. «Менде кітап бар» - деген сөйлем ағылшын тіліне қалай аударылады?

(I have a book)

5. 7. Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы қанша градус болады?

(180 градус)

6. 29. Бактерияларды жоятын қасиеті бар металл? (күміс)

7.26. Нәрселерді санау үшін қолданылатын, яғни «табиғи» сан қалай аталады? ( Натурал сан)

8. 45. «Компьютер» сөзін ағылшын тілінен аударғанда қазақша қандай мағына береді? (Есеп шығарушы адам)

9. 1. Құстың, шөптің, адамның жаманын іздеп табуға бұйрық берген хан?

(Мадан)

10. 33.Тәулікті тең 24 сағатқа бөлген кім еді? (грек астрономы Птоломей)

11.19. Исаак Ньютонның бүкіл әлемдік тартылыс заңын ашуына не себеп болды? (Алманың ағаштан құлауы)

12. 5. Windows корпорациясының президенті кім? (Билл Гейтс)

13. 37. «Металдар патшасы» деп қай элемент аталған? (Алтын)

14. 41. Б.з.д ІІ ғ.- Б.з XVII ғ. аралығында өмір сүрген сауда жолы?

(Ұлы Жібек жолы)
15. 19. Салмақ өлшеуіштері? (зілдей, қаңбақтай)

ІІІ. «Шырпылар шытырманы»

  1. 3 шырпыны қозғап 4 шаршы шығару керек


Жауабы;


  1. 2 шырпыны қозғап стакандағы қоқымды сыртқа шығару керек


Жауабы:


  1. 5 шырпыны қозғап таразыны теңестіру керек


Жауабы:


ІV. «Көкпар»

Негізгі пәндерден викториналық сұрақтар

  1. Қазақ тіліне «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі» мәртебесі (статусы) қашан берілді?

2. «Жоңғар шапқыншылығы» кезінде қазақ жерін қорғаған батырлар?

  1. Мына есептің шығарылуы мен жауабын ағылшынша айту керек;

10 - 2 + 1 - 2 = (7 севен)

  1. Жер шарындағы ең ірі материк? (Евразия)

  2. Қобыздың атасы, күйші, сазгер? (Қорқыт)

  3. Қазақтың төл дыбыстары нешеу? (9)

  4. Дүние жүзін алғаш рет айнала жүзген экспедиция? (Магелан)

  5. Қай материктің жерін бір ғана ел құрайды? (Австралия)

9. Тұңғыш қазақ ғарышкері (Т. Әубәкіров)

10. Қазақстан Ғылым Академиясының тұңғыш президенті. (Қ. Сатпаев)

11. «Қараңғы қазақ көгіне,

Өрмелеп шығып күн болам» өлең жолдары кімдікі? С. Торайғыров)

12. «Алаш» партиясының басшылары кімдер? ( Ә. Бөкейханов. А. Байтурсынов)

13. «Жазылады бірақ оқылмайды» анықтамасы қай әріпке қатысты?

14. A book, a pen, a ruler сөздерінің көпше түрін ата

15. Ағылшын алфавитінде неше әріп бар? (26)

16. Суға батпайды, отқа жанбайды; (Мұз)

17. 12 жылдың мүшел аттарын ата; (тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз)

18. Жемін түнде аулайтын құс; (Үкі)

19. 1 байтта неше бит бар? (8)

20. «22-ші қазан» деген сөйлемді ағылшын тіліне аудар.

21. Гималай тауының биік шыңы және оның биіктігі? (Эверест, 8848м)

22. Әл-Фараби қай жылдары өмір сүрген?

23. «Математика» сөзінің грек тілінен аударғандағы қазақша мағынасы қалай? (Ілім-ғылым)

24. Қазақ жерінде хандық басқару үлгісі қай ғасырда, кай жылдары жойылды?

25. «Физика» сөзінің грек тілінен аударғандағы қазақша мағынасы? (Табиғат)

26. Түрік қағанатының негізін салушы? (Бумын)

27. What is this?

28. Ең алғашқы программист кім? (Ада Лавлейс)

29. Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған ғалым (Әл-Фараби)

30. Суда жүзетін және құрылықта жүретін бірақ ұшпайтын құстар? (пингвин, түйеқұс)

  1. Жер Күнді қанша уақытта бір айналып шығады? (365 күн, 6 сағ)

  2. Математикада қанша «цифр» бар? (10)

  3. Қазақта қолданатын ұзындық өлшеуіштері: (шынтақ, елі, бір елі, сынық сүйем, құлаш, табан, қадам, көз көрім жер, таяқ тастам жер, түстік жер, күндік жер)

  4. Аудан өлшеуіштері? (түймедей, теңгедей, ат төбеліндей, алақандай, туырлықтай, ауыл аумағындай)

  5. Көлем өлшеуіштері? (жұдырықтай, ат басындай, тай тұяқ, үйдей, таудай)

    V. «Санап көр» Капитандар сайысы

1. «3» цифрын 3 рет пайдаланып ең үлкен санды жаз. (333)
2. «1» цифрын 4 рет пайдаланып ше? (1111)
3. «1» цифрын 5 рет амалдар таңбасын пайдаланып 100-ді қалай жазуға болады? (111-11=100)
4. «2» цифрын 3 рет қолданып 1-ді ше? (2-2:2=1)
5. 18888 санынан кандай амал қолдану арқылы 1-ді алуға болады?

6. Қайсысы үлкен 1020 немесе 2010 ? (1020=1010-1010; 2010=(2*10)10=210*1010; 1020>2010)

Қорытынды

  • . Егеменді қазақтың біз ұланы
    Өз туы бар, елтаңба, әнұраны,
    Үмітін ақтайтын біз аға ұрпақтың
    Самғайтын биіктерге тау қыраны.


  • Табиғаттың сырын ұққан кемеңгер,

  • Бұл өмірден өтті дана шеберлер.

  • Ғалым демей кім деп оны айтарсың

  • Даналықтан мұра қалған өнерден.

Қазылар ақасының шешімі арқылы жеңімпаз команда анықталады

© 2010-2022