Ашық сабақ жоспары Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер

Раздел Математика
Класс 9 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні; 7.10.15.

Тақырыбы; "Ұстазы мейірлі, шәкірті пейілді"

Мақсаты; Оқушыларды ұстаздарын құрметтеуге, сыйлауға үйрету. Ұстаздардың еңбегін бағалай білуге үйрету.

Жүрісі; 1. Ұйымдастыру

2. Жүргізушінің сөзі

3. Оқушының арнауы

4. Оқушының құттықтауы

5. Қортындылау


Құрметті ұстаздар сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Ұстаздық қызықта, бейнеті көп мамандық. Ұстаз деген есім өз уақытын аямаған, өзгенің уақытын аялаған, шәкірттерін үйретуге жалықпаған жан. Ұстаз ізгілікке жол сілтеуші жан. Ұстаздың негізгі мақсаты - оқушыға терең білім беріп, жан-жақты тәрбиелеп, санасын жетілдіру болса, шәкірттің міндеті-тәрбиелі де, тәртіпті оқушы болу.


Сырласындай түсінген бала сырын,

Білімнің арнаған бар асылын.

Аянбастан ұстаздар еңбек еткен,

Шүңірейтіп көзінің қарашығын.


Ақ көңіл ұстаздарым адал ниет,

Жандарың жадырасын, жасымасын,

Қайда да шәкірттерің жүрер сүйіп,

Қиындық басқа түссе қасымдасың.


Оқушыға өмір жолын жалғатып,

Үйреттіңіз ақ-қарасын аңдатып.

Асыл ұстаз әркез аман болыңыз,

Ұшырыңыз түлектерді самғатып.


Аяулы ұстаздарымызды мерекелерімен тағы да құттықтаймыз. Дендеріңе саулық, шығармашылық табыстар тілейміз.

Оқушылардың ұстаздарға арнауын тыңдайық.


Ұстаздарыма.

Арманға арман қосып шарықтатқан

Сөздері жүрек отын жалындатқан.

Ұстаз ол мәңгі-тұғын өшпейді екен,

өйткені, ұстаз сенің екінші анаң.


Шәкіртті талпындырып көк аспанға,

Сенді әркез келешекті бұл жастарға.

Біліммен сусындадық, еміп өстік,

Не жетсін ұстаздармен санасқанға.


Шәкірттің ойын біліп, сезе білген

Ұстаз ғой ақыл қосып, сана берген.

Ащыға, тәттіге де шыдай білген,

Таңдаулы ұстаздарға кезек берем.


Мектептегі мол істерді басқаратын,

Қолдайды, қорғайды жастар атын.

Егізбай ағай бір өзіңсіз дара тұлға,

Өлеңімді сізге арнамай бастамадым.


Болар апай жай-күйіңмен санасатын,

өткір сөз шешендікте жарасатын.

Қазақтың тұлғаларын үлгі тұтты,

Жырларын, толғауларын, парасатын.


Сапалы теория әдістермен,

Апайымыз біздерге дәріс берген.

Алғысымыз шексіз ғой дана апайға

Қажетті жағдайыңа көмек берген.


Достарым ұстаздарды пір тұтайық,

Ұстаздарға ән арнап, жыр қосайық.

Кемеңгер ақыл ойлы ұстаздардың,

Үмітін әрі қарай біз жалғайық.


Сыныбымыздың оқу секторы Алтыбай Айданаға құттықтау сөз береміз.


Айдана; Ұстаздар жан анамдай аялаған,

Нұрланған шуағымсың саялаған,

Айналдық мейірімді жүрегіңнен

Шәкіртінен өз бақытын аямаған.


Көңілдерің жайнап тұрған бау болсын,

Білім - теңіз, еңбегің - ерен тау болсын.

Шәкірт үшін аямайтын бар жанын,


Ұ с т а з д а р ы м !!!

Әрқашан да дендеріңіз сау болсын! - дей отыра сыныбымыздың дайындаған азғантай сыйын қабыл алыңыздар.

Хор. «Ұстазым»

Қорытынды; Ұстаздарымыз мейірлі, шәкірттеріңіз пейілді болсын.






Күні: 30. 01. 2012.

Сыныбы: 9 "ә" сыныбы.

Пәні: Алгебра.

Сабақтың тақырыбы: Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушы бойына негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер мәнін, олардан шығатын қосымша тепе-теңдіктер туралы білім дағдысын қалыптастыру.

Дамытушылығы: Бір тригонометриялық функцияның мәні арқылы қалған тригонометриялық функциялардың мәнін табу дағдысын дамыту.

Тәрбиелілігі: Оқушыларды алғырлыққа, дәлдікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, үлестірмелі карточкалар.

Сабақтың түрі: "Бағдаршам"

Сабақтың жүрісі: І . Ұйымдастыру.

ІІ. Негізгі бөлім.

Ашық сабақ жоспары Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер

ІІІ. Үйге тапсырма беру.

ІҮ. Бағалау.

А) Қызыл түстің қызықты сұрақтары:

Ашық сабақ жоспары Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер

Олай болса, бағдаршамның сары көзі жанғанда, сабырмен күтіп жаңа сабақ түсініп алайық.

БАшық сабақ жоспары Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер) Жаңа сабағымыздың тақырыбы: Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер


Ашық сабақ жоспары Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер

ВС=у, ОС=х, ОВ=Ṛ=1 sinα= у, cosα= х. ВС2 + ОС2 = ОВ2, бұдан х2 + у2 = Ṛ2 х пен у-тің орнына sinα мен cosα-ны қойсақ, Пифагор теоремасы бойынша мына формуланы аламыз.

Sin2 α +cos2α= 1(1)
Бұл тепе-теңдік негізгі тригонометриялық тепе-теңдік деп аталады.

Анықтама бойынша

Sinα cosα

Ашық сабақ жоспары Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерАшық сабақ жоспары Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерtḡ=у/х, ctḡα=х/у бұдан tḡ α= (2) ctḡα= (3)

cosα sinα

tḡ α * ctḡα= 1

(4)

1+ ctḡ2α=1/ Sin2 α


(1) - тепе-теңдігінің екі жақ бөлігінде Sinα ≠ 0 деп алып, Sin2 α -ға бөлсек,

(5) Теңдігін, ал cosα ≠ 0 деп алып, cos2α -ға бөлсек,

1+ tḡ2α=1/ cos2α


(6) Теңдігін шығарып аламыз.

Есеп шығару тәсілін көрсетейік. cosα=1/2, 00 <α < 900 болса, Sinα , tḡ α , ctḡα мәнін табыңдар. α бұрышы І ширекте барлық функцияның мәндері оң.

Ашық сабақ жоспары Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерSin2 α= 1- cos2α . Sinα = √ 1-1/4 = √ 3/2 . tḡ α=√ 3/2 *2 = √ 3. ctḡα=1/2* 2/√ 3=√ 3/3.

Жасыл көзін ашқанда, қарап қалма аспанға демекші жасыл түстің жанды сұрақтарына жауап берейік.



І - тапсырма. Топтастыру

Ашық сабақ жоспары Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер

Ашық сабақ жоспары Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер


Ашық сабақ жоспары Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер


Ашық сабақ жоспары Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер

ІҮ. Оқулықпен жұмыс.

№ 297 есеп а) cosα -нің мәні бойынша sὶnα-ның мәнін табу керек.

ә) sὶnα-ның мәні бойынша cosα -нің мәнін табу керек.

№ 298 есеп Өрнекті ықшамдаңдар.

Жауаптары: а) 1. ә) tg2α б) cos2α в) sὶn2α

№ 299 есеп sὶnα = 1/5, π/2 < α <π болса, онда cosα табу керек.

Жауабы: -2√ 6/5

№ 302 есеп Тепе-теңдікті дәлелдеңдер.

а) cos2α + tg2α + sὶn2α = tg2α +1

ә) sὶn2α - cos2α +1 = 2 sὶn2α

б) (sὶnα +1) (sὶnα - 1) = - cos2α

в) ctgα + tgα = 1/ cosα * sὶnα

Ү. Үйге тапсырма беру. № 300 - 301 -есептерді шығару.

ҮІ. Бағалау







Ашық сабақ жоспары Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерАшық сабақ жоспары Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер

Ашық сабақ жоспары Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерАшық сабақ жоспары Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер



Хаттама.

Бүгін, яғни 15. 02. 2012 күні Совет Одағының Батыры Мәди Бегенов атындағы жалпы білім беретін орта мектептің математика-физика-информатика пәндер бірлестігінің кезекті отырысы болып өтті.

Жиналыс төрайымы: Балова. А

Жиналыс хатшысы: Нұрмағанбетова. А

Күн тәртібінде:


  1. Математика пәнінің мұғалімі Ақкөзова Ұлжанның 6-сыныптағы өткізген көрнекі сабағын талдау.

  2. "Жаңа технологияны пайдалану тәжірибем"атты әдістемелік баяндаманы тыңдау.

Тыңдалды.


  1. Күн тәртібіндегі 1- мәселе бойынша пән мұғалімі Ақкөзова өзінің жоспары мен сабағының өту барысы туралы айтып өтті.

  2. Күн тәртібіндегі 2- мәселе бойынша пән мұғалімі Ақкөзованың "Жаңа технологияны пайдалану тәжірибем" атты әдістемелік баяндамасы тыңдалды.

Сұрақтар.


  1. Басқа тақырып таңдамадың ба?

  2. Үйге есеп бермеп пе едің?

  3. "Өте жақсы" оқитын оқушы бар ма?

  4. Көрнекілікті жиі пайдаланасың ба?

  5. Жаңа сабақты оқушылар түсінді деп ойлайсың ба?

Пікірлер:

Дүйсенова Айнұр. Ұлжан апайдың сабағы өте жеңіл болған сияқты.Есеп аз шығарылды. Күнделікті қарпайым сабақ сияқты өтті. Маған ұнағаны оқушылардың практикалық жұмыс орындағаны, ұнамағаны оқушылардың аз қатысқаны. Мүмкін баланың әлсіздігі болар сабақ ашымсыздау болды, сондықтан сабақты "жақсы" деп бағалаймын.

Тілепиева Сайлаухан. Сабақты барлығымыз да көрдік. Өте қарапайым болды. Ұлжан жас, компьютерге сауатты, сондықтан мен жаңаша сабақ көрсетер деп ойлағанмын. Сабаққа оқушы аз қатысты, сондықтан аз бағаланды.мұғалімнің еңбегін бағалап, "жақсы" деген баға қоямын.

Жалиева Айман. Ұлжанның таңдаған тақырыбы жауыр болған тақырып, сол үшін "басқа тақырып таңдамадың ба?", - деп сұрап отырмын.Осы сабақ осылай практикалық жұмыспен басталады. Ұлжан жаңаша ештеңе енгізбеген, экранды дұрыс пайдалану керек, баланың қызығушылығын ояту керек.Ол үшін сабақ өте қызықты болу керек.Түзу мен нүктені белгілеуді балаға қазірден үйрету керек. Тақырып қарапайым, оңай, практикалық жұмысты көп талап ететін тақырып.Есеп те аз жоспарланған, содан бала аз қатысты, қосымша тапсырмалар берілмеді. Айтылған сыннан қорытынды шығару керек. Сабақтың бағасына қосыламын.

Балова Ақмарал. Барлық айтылған пікірлер орынды деп ойлаймын. Мен осы сыныпқа параллель "а" сыныбына сабақ беремін. Мен салу есебін көп орындаттым.

Тор көздерге санап орындады, балалар түсінгендей болды, келесі сабақ та тексеремін.Ұлжанның бүгінгі сабағы бұрынғыға қарағанда өте қарапайым болды.Слайдтармен әдемілеп көрсету керек еді.Жақсы деген бағаға мен де келісемін.

Нұрмағанбетова Ақдәрі. Әріптестерге қосыламын. Пікірлер дұрыс, бірақ оқущының шамасына қарап түсіндірді ғой деп ойлаймын. Түсінетін оқушы түсінді, түсінбейтін оқушы бәрі бір түсінбейді.Сабақты "жақсы " деп бағалаймын.

Қаулы:

  1. Ақкөзова Ұлжанның ашық сабағы "жақсы" деп бағалансын.

  2. Тыңдалған баяндама пән мұғалімдеріне басшылыққа алынсын.

Жиналыс төрайымы: Балова Ақмарал.

Жиналыс хатшысы: Нұрмағанбетова Ақдәрі.






Оқушылардың аты-жөні


18.04.13

бағасы

Адилбаева Мадина


Ахмет Салман


Бекмұханов Қалмырза


Дәулетбаева Ғайникамал


Дүйсенғалиева Жансая


Жолаева Ұлболсын


Қуатбаева Жанар


Қадірханова Арайлым

Қурбекова Нұршат

Құлданбай Береке

Лепесов Қуаныш

Нажимов Айбек

Нурқасынова Ұлболсын

Оразбаева Мәншүк

Сәуелов Төремұрат

Табынбаева Ұлжан

Түркменбаев Мұңал

Хоужаев Нұрбек





Совет Одағының Батыры Мәди Бегенов атындағы

жалпы білім беретін орта мектеп









Сынып сағаты


Ашық сабақ жоспары Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер




















Нұрмағанбетова. А.О.



2015 ж




















© 2010-2022