Математика пәнінен сабақ жоспары Квадраттық теңдеу түбірлерінің формулаларына есептер шығару

Квадраттық теңдеу түбірлерінің формулаларына есептер шығару Жарияланды 28-12-2014, 21:08 Категориясы: Математика  Тақырыбы: Квадраттық теңдеу түбірлерінің формулаларына есептер шығару Типі: білімді бекіту қайталау сабағы Мақсаты: Білімділік: есептер шығару арқылы формуланы дұрыс қолдана білуге қалыптастыру; Дамытушылық: оқушылардың ой - өрісін кеңейту, математикалық тілін және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту; Тәрбиелік: сабаққа оқушылардың өз еркімен белсене араласуы, білімдерін көрсете алуы...    
Раздел Математика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Квадраттық теңдеу түбірлерінің формулаларына есептер шығару

Жарияланды 28-12-2014, 21:08 Категориясы: Математика

Тақырыбы: Квадраттық теңдеу түбірлерінің формулаларына есептер шығару
Типі: білімді бекіту қайталау сабағы
Мақсаты: Білімділік: есептер шығару арқылы формуланы дұрыс қолдана білуге қалыптастыру;
Дамытушылық: оқушылардың ой - өрісін кеңейту, математикалық тілін және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: сабаққа оқушылардың өз еркімен белсене араласуы, білімдерін көрсете алуы, топпен ұйымдасып жұмыс істеу қабілеттерін дамыту.
Сабақ түрі: практикалық
Сабақ көрнекілігі: интерактивті тақта, оқулық.

Сабақ барысы:
III. Ұйымдастыру.
1) оқушыларды түгендеу;
2) оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;
3) сабаққа назарын аудару;
4) сабақтың мақсаты мен міндетін баяндау;
5) сынып оқушыларын 4 топқа бөлу

IV. Үй тапсырмасын тексеру.
4 топтан 4 оқушыдан тақтаға шығарып үй тапсырмасын тексеру.
3х² - 6х = 0
9х ² - 12х + 4 = 0
3x ² - 2х + 7 =0
2y ² - 9у + 10 = 0

V. Топтармен жұмыс
1) Теориялық жұмыс ( әр топқа теория сұрақтары жазылған слайд ашылады)
1 топтың тапсырмасы:
1. Қандай теңдеу квадрат теңдеу деп аталады?
2. Квадрат теңдеудің неше түбірі бар?
3. Квадрат теңдеудегі а, в, с - сандары қалай аталады?
4. Келтірілген квадрат теңдеу дегеніміз не?
5. Толымсыз квадрат теңдеу дегеніміз не?

2 топтың тапсырмасы:
1. Квадрат теңдеудің формуласын жаз
2. Квадрат теңдеудің түбірлерінің формулаларын жаз
3. Келтірілген квадрат теңдеудің формуласы.
4. Квадрат теңдеудің нақты түбірлері неге байланысты?
5. D>0, D=0, D<0 болғанда, неше түбірі бар?

3 топтың тапсырмасы:
Квадраттық теңдеуде в жұп болғанда түбірдің формуласын жаз
Қандай квадраттық теңдеулердің түрлерін білесіңдер?

Кестені толтырыңдар
теңдеу -------------------------- толық ----- толымсыз ---- келтірілген
7х ² + 9х + 2 = 0
6х² + х = 0
ах² - 1 = 0
У² - 3у - 4 = 0
(2х - 1) ² = 0


© 2010-2022