Пирамиданың анықтамасы және жалпы қасиеттері

Раздел Математика
Класс 11 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып:_11___

Тақырыбы: Пирамиданың анықтамасы және жалпы қасиеттері.

Мақсаты:

  • Пирамиданың анықтамасы және жалпы қасиеттерімен таныстыру. Есептер шығару дағдыларын қалыптастыру..

  • Кеңістікті елестету арқылы бейнелеу дағдыларын, талдау жасай білу, жалпылау, жүйелеу және қорытынды жасай алу біліктерін дамытуға жағдай жасау.

  • Оқушыларды белсенді танымдық іс-әрекетке жұмылдыру арқылы пәнге деген ынтасын, қызығушылығын арттыруға, кәсіби бағдар беруге мүмкіндік туғызу.

Типі: Жаңа сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: түрлі сызбалар,дидактикалық материалдар

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың сабаққа дайындығы және оқу бөлмесінің, ақпараттық техниканың дайындығы тексеріледі. Оқушылармен сәлемдесу.

2.Үй тапсырмасын тексеру

Үй есебінің орындалуын тексеру және шығару жолын талдау.

3.Өткен сабақты қайталау сұрақтары

4.Жаңа сабақты түсіндіру

Анықтама: Пирамида деп бір жағы кез-келген көпбұрыш, ал қалған n жағы төбелері ортақ ұшбұрыштарда тұратын көпжақты атайды.

Пирамиданың анықтамасы және жалпы қасиеттері

АВСД-пирамиданың табаны;

АРВ, ДРС, АРД,СРД -бүйір жақтары,олардың бірігуі бүйір беті;бүйір жақтарының ортақ қабырғалары бүйір қырлары деп аталады .

Р-пирамиданың төбесі;

РА, РД, РС, РВ-бүйір қырлары д/а;

РАВСД- пирамидасы

Табанының төбелер санына байланысты пирамида ұшбұрышты, төртбұрышты және т. с. с. бөлінеді.

Пирамида төбсінен оның табан жазықтығына түсірілген РО- перпендикулярын пирамиданың биіктігі деп атайды.

Анықтама: Егер табаны дұрыс көпбұрыш болып төбесінің проекциясы табанының центіріне дәл түссе, онда пирамида дұрыс пирамида деп аталады.Пирамиданың анықтамасы және жалпы қасиеттері

РК-апофема. Дұрыс пирамиданың бүйір жағының пирамида төбесінен түсірілген биіктігі пирамиданың апофемасы деп аталады.



Бүйір қыры мен табанының диагоналі арқылы өтетін қиманы пирамиданың диагональдық қима деп атайды.

Пирамиданың анықтамасы және жалпы қасиеттері




Мысалы , ДРВ үшбұрышы -диагональдық қима

5.Білімді дамыту :Есептер шығару пирамиданың белгісіз элементтерін табуға

№7,№8,№9-есептерді шығару

6.Сабақты қортындылау :бекіту сұрақтары

Үйге тапсырма §3 оқу ҰБТ есептерін шығару



© 2010-2022