Сыныптан тыс жұмыс. Жас математиктер сайысы

Раздел Математика
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныптан тыс жұмыс. Жас математиктер сайысыСыныптан тыс жұмыс. Жас математиктер сайысыСыныптан тыс жұмыс. Жас математиктер сайысыСыныптан тыс жұмыс. Жас математиктер сайысыСыныптан тыс жұмыс. Жас математиктер сайысыСыныптан тыс жұмыс. Жас математиктер сайысыСыныптан тыс жұмыс. Жас математиктер сайысыСыныптан тыс жұмыс. Жас математиктер сайысыСыныптан тыс жұмыс. Жас математиктер сайысыСыныптан тыс жұмыс. Жас математиктер сайысыСыныптан тыс жұмыс. Жас математиктер сайысыСыныптан тыс жұмыс. Жас математиктер сайысыСыныптан тыс жұмыс. Жас математиктер сайысыСыныптан тыс жұмыс. Жас математиктер сайысыСыныптан тыс жұмыс. Жас математиктер сайысыЖас математиктер сайысы.

( Сыныптан тыс жұмыс)

Асқарова Бейбітгүл Мәмиқызы

С.Сейфуллин орта мектебінің математика пәні мұғалімі.

Мектеп оқушыларының математика пәніне деген қызығушылығын арттыруда сыныптан тыс шаралардың берері көп. Топтар арасында ұйымдастырылған сайыс әр қатысушының топ үшін жауапкершіліктерін нығайтса, екінші жағынан бір-біріне деген достық қарым-қатынастарын қалыптастырады.Математика апталығында 6-сыныпта өткізілген осындай сайыстың жоспарын ұсынып отырмын. Сайысқа қатысушыларға алдын ала тапсырмалар берілді.Бөлме іші ұлы математиктердің қанатты сөздерімен безендірілді.

Мақсаты:Оқушылардың математикаға деген қызығушылықтарын арттыру,логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, топ үшін жауапкершіліктерін нығайту.

Елбасымыз Н.Ә Назарбаев «Болашаққа біліммен қадам басып, лайықты қолтаңбамызды қалдырайық!»-деп атап айтқандай,

«Білімді адам-ел ертеңі».Білімді адам еш нәрседен қорықпайды,әр уақытта да батымды.Ендеше білімімізді сынап көрелік.

Топпен таныстыру.

Кезек келіп,өжеттеніп сөз аппын,

Танысалық,ғажап ойын,ғажап күн!

Тегіміз бір-батырақ та емес,бай да емес,

Емеспіз бе,азаматы қазақтың?!

Сайысқа қатысушы топтар өз топтарын таныстырады.

І тосқауыл . «Аламан-бәйге»

Оза шауып бәйге алам,

БЛИЦ-турнир басталды «Аламан».

Әр командаға 10 сұрақтан оқылады,команда мүшелері тез-тез жауап беру керек.

1-топқа

1.Ең кіші натурал сан.(1)

2.Шаршының периметрі 40 см.Оның ауданы неге тең?(100см2)

3.Қандай сандар 0-ден үлкен?(оң сандар)

4.Қарама-қарсы сандардың қосындысы неге тең?(0)

5.Өзіне,бірге бөлінетін сан қалай аталады?(жай сан)

6.Аралас сан деген не?7.3-ке кері санды ата?( Сыныптан тыс жұмыс. Жас математиктер сайысы)

8.5-ке бөлінгіштік белгілері қандай?

9.Тік бұрыштың шамасы қандай?(900)

10.1 м-де қанша см бар?(100см)

2-топқа

1.Санның 100-ден бір бөлігі қалай аталады?(Процент)

2.Ең үлкен бүтін теріс сан.(-1)

3.Шаршы ауданы 49 см-ге тең.Оның периметрі неге тең? (28 см)

4.60-тың 3-тен бір бөлігі неге тең?(20)

5.Қандай санға бөлуге болмайды? (0)

6.1 кг-да қанша грамм бар?(1000г)

7.Қандай сандар 0-ден кіші болады?(теріс сандар)

8.3-ке бөлінгіштік белгілері қандай?

9.Жазықтықта қиылыспайтын түзулер?(параллель).

10.Қандай сандар қарама-қарсы сандар деп аталады?

ІІ тосқауыл.»Қисынды ойлар».

(Логикалық есептер). 1-топқа тапсырма.

24 бірдей доп берілген.Әр қатарда 5 доптан болатындай етіп барлық доптарды 6 қатарға қалай орналастыруға болады?

Ескерту:Қатарлар әртүрлі бағытта

орналаса береді.Мысалы берілген

суретте доптар 2 қатарға 5 доптан

орналасқан.

2-топқа тапсырма.

6 таяқша берілген.Әрбір таяқша қалған төрт таяқшаға тиіп тұратындай етіп орналастыру керек.

ІІІ тосқауыл. «Көненің көзі-асылдың сөзі».

Қазақтың байырғы қара есептерін шешу.

1-топқа

1. «Жыл қайыру» есебі.

- Нешедесің?- деді ақсақалға жігіт ағасы .

- 4 жылқы, тоқтымын,

- деді Тәттімбет күйші.

Тәттімбет неше жаста?. «Дананың сөзі асыл тас»

Жауабы: 49+2=51

© 2010-2022