Математика сабақтарында критериалды бағалауды қолдану

Қазіргі кезде білім сапасын бағалау жүйесін жаңарту өзекті мәселелердің біріне айналды. Бес балдық бағалау қазіргі заманға сай білім жүйесін қанағаттандырмайды.                 Озық технологияларын қолданып, білімді меңгерту әдістері жетілдіргенімен бағалау бұрынғы жүйеде қалды. Сондықтан оқушы танымындағы өзгерістер мен жетістіктерді бағалау сипаты арасында қайшылықтар қалыптасты. Әлеуметтік сұраныстардың өзгеруі  білім сапасын бағалау жүйесін жаңартуды талап етіп отыр. Осыған байланысты оқушыл...
Раздел Математика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Математика сабақтарында критериалды бағалауды қолдану

Математика сабақтарында критериалды бағалауды қолдану


Атырау облысы, Құрманғазы ауданы

Абай атындағы орта мектебінің директоры,

математика пәнінің мұғалімі

Хасанова Нәйла Кеңесқызы

Қазіргі кезде білім сапасын бағалау жүйесін жаңарту өзекті мәселелердің біріне айналды. Бес балдық бағалау қазіргі заманға сай білім жүйесін қанағаттандырмайды.

Озық технологияларын қолданып, білімді меңгерту әдістері жетілдіргенімен бағалау бұрынғы жүйеде қалды. Сондықтан оқушы танымындағы өзгерістер мен жетістіктерді бағалау сипаты арасында қайшылықтар қалыптасты. Әлеуметтік сұраныстардың өзгеруі білім сапасын бағалау жүйесін жаңартуды талап етіп отыр.

Осыған байланысты оқушылар арасында өзара түсіністік және ұжымды қарым - қатынасты орнату, оқушылардың өздеріне деген сенімсіздіктерін жою, мүмкіндіктерін арттыруға жол ашу үшін критериалды бағалауды қолдану керек.

Критерийлер-оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер, атап айтқанда, оқушылар жұмыс барысында орындайтын іс-әрекеттер тізбесі.

Критериалдық бағалау - бұл білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, айқын анықталған, ұжым мен шығарылған, білім процесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критериялар мен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс.

Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі: алдын ала ұсынылған бағалау шкаласының ұсынылуы, оның анық айқындылығы, бағаның әділ қойылуы, өзін бағалауға мүмкіндіктердің берілуі. Критерий оқыған бағдарламаға сай алынады. Әрбір жетістік балмен және дескриптор арқылы белгіленеді.

Математика сабақтарында критериалды бағалауды қолдану, оқушылардың танымдық қабілеті мен ойлау деңгейін арттыруға көмектеседі. Оларды табысқа жетелейтін жол көрсетеді, өзін және өзгелерді бағалауды үйретеді, оқушыларды сыни ойлауға өз ойын айтуға өзінің білімін көрсетуге мүмкіндік береді. Мұғалімдер сапалы нәтижеге әкелетін критерийлер құрастыру арқылы оқушылардың білім алу барысындағы қателіктері мен олқылықтарын айқындауға, бағдарламаға сәйкес оқушының дайындық деңгейін анықтауға мүмкіндік алады. Оқушы білім алу барысында алған өз бағасының әділдігіне көз жеткізеді. Білімнің меңгерілуі туралы оқушы мен мұғалім мен ата-ана арасында кері байланыс орнайды. Критериалды бағалауда тек оқушының жұмысы бағаланды. Оқушы орындаған жұмысын алдын-ала белгілі үлгімен салыстырды. Оқушы өзінің жұмысын бағалауға мүмкіндік беретін нақты бағалау алгоритімін біледі. Жіберілген қателермен жұмыс істеп оқушы өзінің даму жетістігін бақылап отырады.

Критериалды бағалау екі түрлі бағалауды қамтиды: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау.

Қалыптастырушы бағалау:

  • оқу үрдісі кезінде жүргізіледі (шағын өз беттік жұмыс, тест т.б.);

  • оқушыларға өзінің жұмысын түзетуге, үлкен жетістіктерге жетуге көмектеседі;

  • мұғалімге әр оқушының материалды меңгеруі туралы ақпарат жинайды, талдау жүргізіп алдағы жұмысты жоспарлайды, оқу үрдісін сапалы жүргізді.

Жинақтаушы бағалау:

  • тақырыптық немесе бөлімінің оқытуды аяқтау кезінде жүргізілді (бақылау жұмыстары немесе зачеттар).

  • оқушыларға оқылған тақырып бойынша жетістіктерін көрсетуге мүмкіндік береді.

  • мұғалімге оқушылардың жетістігі туралы қорытынды баға қоюға мүмкіндік береді.

Қалыптастырушы бағалау кері байланыс қызметін атқарады. Оқушы өзінің жетістігі мен кемшілігі туралы ақпарат алады. Егер оқушы аралық жұмыстарды жеткілікті түрде жақсы орындамаса, оның қорытынды жұмысқа дейін уақыты бар. Сондықтан аралық жұмыстардағы бағасы қанағаттанарлықсыз болса, оны оқушы өзіндік тәжірибелерін жетілдіруге берілген ұсыныс ретінде қабылданды. Себебі тоқсандық бағаны жинақтаушы бағалау негізінде қою ұсынылады. Тоқсан ішінде жиынтық бағалау үшін үш-төрт қорытынды жұмыстар жүргізіледі, оның нәтижесімен тоқсандық баға шығарылады.

Математика пәні бойынша оқушылар жетістігін бағалау үшін төрт критерий алынды. Критерийлердің атауы мен олардың қысқаша мазмұнының сипаттамасын төмендегідей таблицада ұсынып отырмын.

Математика пәні бойынша критерийлердің мазмұны:




Критерийлер


Дескрипторлар

А

Білу және түсіну

Оқушы оқылған материалды білетін және түсінетінін көрсетеді, алған білімдерін стандартты және өзгертілген жағдайларда қолдана біледі

В

Қолдану

Оқушы қандайда бір есепті математикалық әдістерді қолданып зерттейді, заңдылықтарды анықтайды, математика тілінде олардың өзара байланысын сипаттайды

С

Сыни ойлау және зерттеу

Оқушы қандайда бір есепті шығару кезінде керекті формулалар, теоремаларды, ақпараттарды талдайды, синтездейді, қолдана алады

Д

Коммуникация және рефлексия

Оқушы сәйкесінші ғылыми терминологияны және шартты белгілеулерді қолданып, ақпарат бере алады

Критериалды бағалауда міндетті түрде дескрипторлар құрылуы керек. Дескрипторлар оқушының жетістік деңгейінің дәл сипаттамасын және оларға берілетін ұпай санын көрсету керек. Қалыптастырушы бағалау үшін 11 сыныптың геометрия пәнінен «Пирамида» тақырыбы бойынша берілген өзбеттік жұмыстың бағалау критерилерін ұсынамын:


Критерийлер


Тапсырма мазмұны


Дескрипторлар


А (Білу және түсіну)

Пирамиданың табан-диагоналі 16 см-ге тең тік төртбұрыш. Пирамиданың әрбір қыры 10 см, пирамиданың биіктігін табыңдар.

Оқушы төменгі критерилердің ешқайсысына қол жеткізбеді

0

Есептің сызбасын дұрыс сызды

1

Биіктікті табуға қажетті белгісіз элементті, көмекші фигураны дұрыс анықтады

1

Белгісіз элементті табуға керекті теорема, формулаларды дұрыс тауып қолданды

1

Пирамиданың биіктігін тауып, есептің жауабын дұрыс берді

1

Барлық ұпай саны

4


В (Қолдану)

Пирамиданың табан- қабырғасы 12 см-ге тең теңқабырғалы үшбұрыш. Оның әрбір бүйір қыры табан жазықтығымен 450 бұрыш жасайды. Пирамиданың биіктігін табыңдар.

Оқушы төменгі критерилердің ешқайсысына қол жеткізбеді

0

Есептің сызбасын дұрыс сызды

1

Биіктікті табуға қажетті белгісіз элементті, көмекші фигураны дұрыс анықтады

1

Белгісіз элементті табуға керекті теорема, тұжырымдаманы дұрыс тапты

1

Белгісіз элементті табуға керекті формуланы дұрыс қолданды

1

Пирамиданың биіктігін тауып, есептің жауабын дұрыс берді

1

Барлық ұпай саны

5


С (Сыни ойлау және зерттеу)

Үшбұрышты дұрыс пирамиданың табан қабырғасы 4 см, биіктігі 6 см. Пирамиданың бүйір бетінің ауданын табыңдар.

Оқушы төменгі критерилердің ешқайсысына қол жеткізбеді

0

Есептің сызбасын дұрыс сызды

1

Есепті шығаруда қолданылатын формулаларды дұрыс жазды

1

Белгісіз элементтерді дұрыс анықтап, көмекші сызбалар сызды

1

Белгісіз элементті табуға керекті теорема, тұжырымдаманы дұрыс тапты

1

Белгісіз элементті табуға керекті формуланы дұрыс қолданып, оны дұрыс тапты

1

Пирамиданың бүйір бетінің ауданын тауып, жауабын дұрыс берді

1

Барлық ұпай саны

6

Д (Коммуникация және рефлексия)

Дұрыс пирамиданың биіктігі мен апофемасы тең болуы мүмкін бе ?

Оқушы төменгі критерилердің ешқайсысына қол жеткізбеді

0

Дұрыс пирамиданың биіктігі мен апофемасынын сызбасын дұрыс сызды

1

Екеуінің байланыстыратын көмекші фигураны көрсете білді.

1

Көмекші фигураны пайдаланып, биіктік пен апофеманы салыстырып, дұрыс ой қорытындысын жасады.

2

Барлық ұпай саны

4

Барлығы:

19 ұпай

Критерий ұпайларын 5 балдық бағаға ауыстыру шкаласы

Ұпайлар

0-10

11-13

14-16

17-19

Проценттері

0-54 ℅

55-71 ℅

72-8 ℅

89-100 ℅

Баға

«2»

«3»

«4»

«5»

Оқушы осындай аралық жұмыстарды орындай отырып, өзінің жетістігін бағалайды, қорытынды бақылауға дайындалады. Қортынды бақылауға берілетін тапсырмаларға осындай критерийлер ұсынылады, тек тапсырмаларды күрделендіріп алуға болады. Тоқсан ішінде математика пәні бойынша жиынтық бағалау үшін екі-үш қорытынды жұмыстар жүргізіп, соның негізінде тоқсанды баға шығару ұсынылады.

Қорытынды бағалауға қандай дайындығы бар екенін білу үшін оқушыға алдын-ала тексеру парағын беремін. 11 сыныпты геометрия пәнінен «Пирамида» тарауы бойынша қорытынды бақылауға дайындық үшін оқушыларға берілетін тексеру парағының үлгісі:

І. Білу керек

Таныстым

Меңгердім

Бақылау жұмысы алдындағы дайындығым

Пирамида анықтамасы

Оның негізгі элементтері. (бүйір қыры, бүйір жағы, биіктігі, табаны т.б. )

Пирамида түрлері (дұрыс, қиық )

Бүйір бетінің, толық бетінің аудандары мен көлемінің формулалары

Пирамиданы жазықтықпен қиғандағы қималар

ІІ. Қолдана білу керек


Пирамидаға байланысты есептердің сызбаларын

Белгісіз элементтерді анықтап, көмекші сызбаларды

Бүйір қырларының және бүйір жақтарының табан жазықтығымен жасайтын бұрыштарын

Биіктігі мен бүйір қырын байланыстыратын көмекші фигураны

Бүйір қырларының табан жазықтығымен бірдей бұрыш жасауын

Бүйір жақтарының табан жазықтығымен бірдей бұрыш жасауын

Дұрыс пирамиданың апофемасын

Пирамида биіктігінің түсуін

Тексеру бетшесі тақырыпты меңгерудің жоспары іспетті. Тексеру бетшесі тақырып бойынша қалыптасатын негізгі біліктерді айқындап, олардың қалыптасу деңгейін оқушылардың өздерінің тексеруге мүмкіндігін береді, тексеру бетшесі үш рет толтырылады. Оқушылар тексеру бетшесінің бірінші бөлімін толтырады, егер оқушы өз біліміне сенімді болса, - «+» белгісін, дәл білмесе - «+/-» белгісін, мүлдем білмесе - «-» белгісін қояды. Үшінші баған қорытынды бақылау жұмысының алдында толтырады 2-ші бөлімді мұғалім өзбеттік жұмыс пен бақылау кесінділерін тексеру кезінде толтырады.

Барлық оқушыларды оқу үрдісіне қатыстыра отырып, тексеру бетшесінің жүйелі жұмыс істеу, критериалды бағалауды қолдану оқушылардың оқуға деген мотивациясын арттырады. Оларды оқу үрдісіне белсене қатыстырып, өзін-өзі дамытуға жетелейді. Өздерінің мүмкіндіктерін ашуға көмектесіп, жеке тұлға ретінде дамуға мүмкіндік береді.


© 2010-2022