Ондық бөлшектердісалыстыруға есептер шығару. docx (5 класс)

Раздел Математика
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 10.12.2015ж

Пәні: математика

Сынып: 5 «Ә»

Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерді салыстыруға есептер шығару.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ондық бөлшектерді салыстыруға байланысты есептер шығару дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілетін, өзбетімен жұмыстана білу
дағдысын, шығармашылық қабілетін, тез, дәл есептеу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Шапшаңдыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, флипчарт, ноутбук.
Сабақтың түрі: Бекіту сабағы.
Сабақтын өту барысы:

  1. Даярлық кезеңі

  2. Игеру кезеңі

  3. Іске асыру кезеңі

  4. Бекіту кезеңі

  5. Қорыту кезеңі

  6. Жинақ қорлары.

  1. Даярлық кезеңі.
    І. Ұйымдастыру кезеңі:
    *Оқушыларды түгелдеу, зейінін сабаққа аударып, сабақ мақсатын баяндау, сабақ түрімен, өту жоспарымен таныстыру
    *Балалар, біз бүгін ондық бөлшектерді салыстыруды қандай деңгейде оқып - үйренгенімізді тексереміз.

*Оқушылардың білімдерін тексеру:
Сұрақ-жауап:
1. Ондық бөлшек дегеніміз не?
2. Ондық бөлшекті салыстырудың неше тәсілі бар?
3. Ондық бөлшектерді координаталық сәуледе қалай салыстырылады?
4. Ондық бөлшектерді разрядтары бойынша қалай салыстырылады?
5. Ондық бөлшектің соңына нөлдерді тіркеп жазғаннан немесе алып тастағаннан ондық бөлшек өзгере ме?
Жауаптары:
1. Бірліктен де кіші разрядтары бар ондық жүйеде жазылған сан ондық бөлшек деп аталады.
2. Ондық бөлшекті салыстырудың 3 тәсілі бар.
3. Координаталық сәуледе үлкен ондық бөлшек оң жақта, ал одан кіші ондық бөлшек сол жақта кескінделеді.
4. Ондық бөлшектердің алдымен бүтін бөліктерін салыстырамыз:
қайсысы үлкен болса, сол сан үлкен болады.

5. Ондық бөлшектің соңына нөлдерді тіркеп жазғаннан немесе
алып тастағаннан ондық бөлшек өзгермейді.

2. Игеру кезеңі. (оқулықпен жұмыс)
№931 есеп. Ондық бөлшектерді натурал сандарға түрлендіріп, салыстырыңдар.
1) 45,63*43,8 4) 61,29*61,29
2) 67,837*67,25 5) 83,05*84,1
3) 89,222*89,223 6) 46,997*46,897
Топ басшыларына тапсырмалар:
№1

Ондық бөлшектердісалыстыруға есептер шығару.docx (5 класс)Ондық бөлшектердісалыстыруға есептер шығару.docx (5 класс)Жай бөлшектерді ондық бөлшекке айналдырып, салыстыр:

1) 0,75 пен 2) пен 0,9

№2
Іле Алатауының Кіші Алматы сілемінде үш найзатастан тұратын, қызыл граниттен түзілген Абай шыңының биіктігі 4,01 км, ал Жамбыл сілемінің оңтүстігіндегі Жамбыл шыңының биіктігі 4,36 км. Шыңдардың биіктіктерін салыстырыңдар.

№3
Шамалар мәндерін ондық бөлшекпен жазып, салыстырыңдар:

  1. 5кг 317г мен 5кг 90г

  2. 6м 86 см мен 8м 66см


  1. Іске асыру кезеңі

Деңгейлік тапсырмалар.

«А»-деңгейі

«В»-деңгейі

«С»-деңгейі

«А»-деңгейі

Жұлдызшаларды теңсіздіктер тура болатындай етіп, цифрлармен ауыстырыңдар:
1) 4.0*>4.08; 4)10.83<10*2;
2) 6.7*<6.71; 5)1.187>1.*96;
3)9.2*9>9.289; 6)0.628>0.62*;
«В»-деңгейі
№937 есеп.
Координаталық сәуледе A, B, C және D нүктелерімен кескінделетін ондық бөлшектерді өзара салыстырып, 6 теңсіздік құрыңдар.Кітаптағы 5,13 -сурет.

«С»-деңгейі

Жай бөлшектерді ондық бөлшек түрінде:
1) өсу ретімен жазыңдар:
1,4; 4/5; 0,3; 1/10; 0,5; 2,6; 0,2;
2) кему ретінде жазыңдар:
0,7; 1,5; 0,4; 1,9; 1,2; 1,3
4. Бекіту кезеңі

(постермен жұмыс).

1 топ. Ондық бөлшектер туралы мәлімет.

2 топ. Кабинеттің екі қабырғасын өлшеп, ондық бөлшек түрінде жазып салыстыру.

3 топ. Қоян пен қасқырды координаталық сәуле бойында белгілеп, координатасымен жазу.

6. Жинақ қорлары.

(үйге тапсырма, бағалау).

Сабақты қорытындылау: 2 мин Сонымен біз бүгін сендермен ондық бөлшекті салыстыруға байланысты есептер шығардық .
Бағалау: Сыныпта сабаққа белсенді қатысып отырған балалар бағаланады.
Үйге тапсырма :
№ 940 есеп. Жай бөлшектерді ондық бөлшекке айналдырып, салыстырып, үлкен немесе кіші белгісімен жазыңдар.
1)0,3 пен 2/5; 4) 0,75 пен 4/5;
2)1/10 мен 0,2; 5) 0,5 пен 3/5;
3)1,2 мен 9/10; 6)3/20 мен 0,09.

Рефлексия



© 2010-2022