Урок на тему Десятичные дроби. Правописание десятичных

Раздел Математика
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Бөлшек сандардың ондық жазылуы тақырыбына есептер шығару


Сабақтың мақсаты:1) Ондық бөлшекті жазып,оқи білуге үйрету;бөлімінде 2 ;немесе 5 сандарынан басқа жай көбейткіштер болмайтын жай бөлшектерді ондық бөлшек түрінде жазуға үйрету ;
2)ережелерді есептер шығаруда қолдана алу дағдысын дамыту;
3)ұқыптылыққа, өз бетімен ізденуге, ұжымдыққа,математикалық тілде сөйлеп жеткізе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:білім мен дағдыны, іскерлікті меңгерту
Сабақтың әдісі:сұрақ жауап,»Джигсо», «Адасқан сандар»,Венн диаграммасы
Сабақтың көрнекілігі:слайдтар,интербелсенді тақта
Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру ( сынып оқушыларын үш топқа бөліп алам:қызыл,сары,жасыл топтар)
2.Үй тапсырмасын тексеру( тақтада шығарылу жолдары жазулы тұр,сол бойынша оқушылар есептерін тексеріп,жіберілген қателер бойынша жұмыс жасалып ,қорытындыланады)
№.894. № 899
3.Әрбір топқа сұрақтар қойылып,жауаптар тыңдалады:
Бөлімі 10,100,1000,…т.с.с жай бөлшектерді бөлімсіз қалай жазуға болады?
Ондық бөлшектің жазылуында үтір қайда қойылады?
Ондық бөлшектің жазылуындағы қай цифрларды ондық таңбалар деп
атайды?
Мына ондық бөлшектерді оқып,бүтін бөлігі мен бөлшек бөлігін ата:
6,256 ;0,16; 234,005
Ондық бөлшектің ,мысалы,18,726 ондық бөлшегінің бүтін бөлігін,бөлшек
бөлігінің разрядтарын ата
Кез келген ондық бөлшекті жай бөлшек түрінде жазуға бола ма?
4.Жаттығу есептері: №897
1)0,08= 0,032= 0,005=
2) 2,075= 17,0875= 43,008=
№ 900
1)0,07= 0,421= 0,083=
2)3,11= 2,021= 12,0303=
№ 903
12\15= 21\35= 12\30= 102\24= 135\60=
5. Сергіту сәті
Мақал мәтелдің жалғасын табу
«Бір түйір дәнде,..........
«Бес бармақ жиналса,......
«Он саусақтың саны бірдей болғанымен,.......
«Ұл он беске келгенше,қолыңдағы қобызың,
Он бестен асқан соң,.......
«Жақсы әке жаман балаға.......
«Елу жылда,.........
«Жақсыны жеті жыл жетелесең......
«Жеті жұрттың тілін біл,.......
6.»Джигсо» әдісі бойынша тексеру
7\100= 19\1000= 606\10= 3\25= 3\10+7\100=
13\100= 41\1000= 6006\10= 17\20= 9\10+6\100=
9\1000= 63\100= 445\10= 13\20= 5+3\100=
Жауаптары тексереріліп,сол бойда қорытындыланады,қателерін топтар бірін бірі тексеру арқылы айтады.
7.Үйге тапсырма:№900, №901, №903(қалғандары),сұрақтарға жауап жазып келу
8.Беркіту тапсырмасы:»Тыңдағанымды- ұмытпаймын,
Көргенімді -есімде сақтаймын,
Қолымен істегенімді- түсінемін»
«Адасқан сандар»
Әрбір топ мүшелері қағазда сөзбен берілген ондық бөлшекті қателеспей ,орындарын дұрыс тауып жазу керек ( ондық бөлшекті жазуға керекті символдар ,сандар беріледі)
Ноль бүтін жүзден он үш,он екі бүтін мыңнан он сегіз,алты бүтін жүзден жиырма төрт,ноль бүтін он мыңнан он сегіз,бес бүтін жүзден жиырма үш,алты бүтін он мыңнан сегіз.
Венн диаграммасы(топтаройларын ортаға салып ой түю керек)
Жай бөлшектер Ондық бөлшектер
9.Қорытындылау
10. Бағала









© 2010-2022