6 сыныптарға арналған математикалық диктанттар

Раздел Математика
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:




№2 жалпы орта білім беру мектебі







6 сыныптарға арналған

математикалық диктанттар













құрастырушы: Сәуле Қапанқызы Жүнісова

математика пәнінің мұғалімі





Павлодар қаласы,


6 сынып

Математикалық диктанттар.


1.Пропорция.

  1. Сөйлемді аяқта: «Екі қатынастың теңдігі … деп аталады » [«Теңдік пропорция болса: пропорцияның шеткі мүшелерінің көбейтіндісі … көбейтіндісіне тең »]

  2. Пропорция түрінде жаз: 8-дің 12-ге қатынасы 2-нің 3-ке қатынасына тең [5,4-тің 9-ға қатынасы 3-тің 5-ке қатынасына тең ]Ортаңғы мүшелерінің [шеткі мүшелерінің ] астын сыз.

  3. Сөйлемді аяқта: «Теңдік пропорция болса,пропорцияның ортаңғы мүшелерінің көбейтіндісі … көбейтіндісіне тең »[«Екі қатынастың теңдігі … деп аталады »]

  4. Берілген сандардан пропорция құрыңдар: 2,4,9,18. [2,3,6,9 ]

  5. Пропорцияның негізгі қасиетіне сүйеніп , теңдеу шешіңдер: х : 7 =9: 2 [8 : у = 3: 4]

  6. Келесі пропорция тура бола ма: 3-тің 9-ға қатынасы 5-тің 14-ке қатынасына тең [7-нің 28-ге қатынасы 1-дің 4-ке қатынасына тең ]

2.Координаталық түзу

  1. Координаталық түзу сызып,оның бойынан 0; 1; -2; 3 [ 0; 1; -3;2 ] сандарын кескіндеңдер /бірлік кесіндісі дәптердің 1 тор көзі/

  2. Қысқаша жаз: М [ К ] нүктесінің координатасы -5 [ -4 ]

  3. Сөйлемді аяқта: «Координаталық түзудің бойында нүктеге сәйкес келетін санды,оның … деп атайды » [Координаталары -2 және 0 нүктелерінен бірдей қашықтықта орналасқан нүктенің координатасын жазыңдар ]

  4. Координаталары -1 және 1 нүктелерінен бірдей қашықтықта орналасқан нүктенің координатасын жазыңдар. [Сөйлемді аяқта: «Координаталық түзудің бойында нүктеге сәйкес келетін санды,оның … деп атайды » ]

  5. Термометр көрсетуі 1 градустен 3 бірлікке төмендегенде [- 1 градустен 4 бірлікке жоғарлағанда ] термометр көрсеткіші қандай болады?

  6. Координаталық түзуде координатасы - 5 нүктесі оңға қарай 4 бірлік [координатасы -7 нүктесі солға қарай 3 бірлік ] кесіндіге тең қашықтыққа алмастырылды. Нүктенің жаңа координатасын табыңдар.

  7. Координаталық түзуін сызып, оның бойынан координатасы -4 [-3] А[С] нүктесін , координатасы 4 [3]-ке тең B[D] нүктелерін кескіндеңдер.


3.Қарама- қарсы сандар. Рационал сандар.

  1. 9 санына қарама-қарсы санды жаз [Өзіне-өзі қарама-қарсы санды жаз ]

  2. 0[ - 4 ] санына қарама-қарсы санын жаз .

  3. -3 [6] санына қарама-қарсы санын жаз.

  4. Координаталық түзуін сызып, оның бойынан -7 [-5] сандарын белгілеп,осы сандарға қарама-қарсы сандарын кескіндеңдер.

  5. Егер а= - 5,3 [b = - 3,2 ] болса, онда - a [- b] мәнін табыңдар.

  6. Рационал [ бүтін ] сандар жиыны қандай әріппен белгіленеді.

  7. -4,6 ; 2,07 ; 3 ; 0; ½; 12; - 100 [29; - 16; 6,3 ; 0; -2,2 ;5 ] сандарын жазып. Бүтін сандардың астын сыз.


4.Санның модулі.

  1. Тепе-теңдікті жаз: с санының модулі 7-ге тең [p санының модулі 5-ке тең ]

  2. 8 [- 9 ] санының модулі неге тең.

  3. 0 [ 7 ] санының модулі неге тең.

  4. х ≤ 3 [ y ≤ 4 ] теңсіздіктің натурал шешімдер жиынын жаз.

  5. - 2 [ 0 ] санының модулі неге тең.

  6. 6 сыныптарға арналған математикалық диктанттар.теңдеуін шеш.

  7. х [у] санының модулі 4 [ 8 ] тең. х [у] санына қарама-қарсы санының модулі неге тең.

5.Рационал сандарды салыстыру.

  1. Сөйлемді аяқта: «Салыстырылатын екі санның үлкені [кішісі ] координаталық түзуде … кескінделеді.».

  2. 3 және - 49[ - 62 және 5 ] сандарын салысытырыңдар.

  3. - 6 және - 2 [ -7 және -8 ] сандарын салыстырыңдар.

  4. х [а ]санына сәйкес нүкте у [в ] санына сәйкес нүктесінің оң [сол ] жағында орналасқан. х және у [а және в ] сандарын салыстыр.

  5. а саны оң сан [b саны теріс сан ]болса,ол жалпы түрінде қалай жазылады ?

  6. а-оң сан , в-теріс сан [х- теріс сан, у- оң сан ] а және в [х және у ] сандарын салыстыр.

  7. -3 < x < 2 [ -2 < y < 3 ]. х-тің [у-тің ] мәні қандай бүтін сандар жиыны тең болуы мүмкін.

6.Теріс сандарды қосу.

  1. Сөйлемді аяқта: «Екі теріс санның қосындысы …. сан » [«Теріс сандарды қосу үшін, қосылғыштардың модульдерін …» ]

  2. -3 және -11 [-4 және -6] сандарының қосындысын табыңдар.

  3. -123 және - 456 [- 231 және - 547 ] сандарының қосындысын табыңдар.

  4. - 6 сыныптарға арналған математикалық диктанттар.және -6 сыныптарға арналған математикалық диктанттар.[-6 сыныптарға арналған математикалық диктанттар. және -6 сыныптарға арналған математикалық диктанттар.] сандарын қосыңдар.

  5. Координаталық түзуін сызып, оның көмегімен -2 [- 6] санына -7 [- 3 ] санын қосуды орындаңдар.

  6. - 8,2 [ 7,5 ] және 5,2 [- 4,5 ] сандарының модульдерінің айырмасын табыңдар.

7.Таңбалары әр түрлі екі санды қосу.


  1. Сөйлемді аяқта: «Таңбалары әр түрлі екі санның қосындысының таңбасы модулі … санның таңбасына сай »[ «Таңбалары әр түрлі екі санның қосындысының модулі … тең »].

  2. - 39 және 39 [ -3,5 және 6 ] сандарының қосындысын анықта.

  3. - 8 және 4,5 [- 42 және 42 ] сандарының қосындысын анықта.

  4. -6 сыныптарға арналған математикалық диктанттар. және 6 сыныптарға арналған математикалық диктанттар. [ 6 сыныптарға арналған математикалық диктанттар. және - 6 сыныптарға арналған математикалық диктанттар.]сандарының қосындысының модулін анықта.

  5. Сөйлемді аяқта: «Қарама-қарсы сандардың қосындысы … тең » [«Кез келген санның нөлмен қосындысы … тең »].

8.Көбейту.


  1. Сөйлемді аяқта: «Екі теріс санның көбейтіндісі … сан »[«Біреуі теріс,

екіншісі оң сан болса көбейтіндісі … сан »]

  1. Көбейтіңдер 2∙ ( -15 ) [- 7 ∙ ( - 9 ) ]

  2. Көбейтіңдер 0 ∙ ( - 17) [ 3 ∙ (- 18 )]

  3. Көбейтіңдер - 4 ∙ (- 9 ) [ 0 ∙ (- 5 ) ]

  4. Теңдік тура болатындай * орнына тиісті сан жаз 7 ∙ * = - 21[ - 5 ∙ * =- 30]

  5. Теңдеуді шеш: - 2,5 ( 5,7 + х ) = 0 [( 16,9 - х ) ∙ 8 =0 ]

9.Алгебралық өрнектерді ықшамдау.Ұқсас қосылғыштарды біріктіру.


  1. Сөйлемді аяқта : «Жақшаны ашқанда ,егер жақша алдында - [+] таңбасы болса, жақша ішіндегі қосылғыштардың таңбалары …»

  2. Үлестірімділік қасиетті пайдаланып, жақшаны ашыңдар - 3 ( а +7) [ 4 ( х - 4 ) ]

  3. Жақшаны ашып, ықшамдаңдар: 0,7 + ( а - 1,3 ) [ 0,6 - ( b - 1,7 ) ]

  4. Әріп бөліктері бірдей ,тек қана коэффициенттері әр түрлі қосылғыштар … деп аталады. [ 2а + 3 + 7а өрнегінде 2а және 7а қосылғыштары қалай аталады? ]

  5. х - 5 + 2х - у + 4 [ - 7 + у + 3у - х - 8] ұқсас қосылғыштардың астын сыз

  6. 7 - 2х + 3х + 4 [6а - 8 + 7 - 5а ] ұқсас қосылғыштарды біріктір

  7. 8а - 6b [ 6х - 9у ] ортақ көбейткішті жақша сыртына шығар


10.Қиылысатын түзулер.Перпендикуляр түзулер


  1. АВ және CD [EF және QN] түзулері өзара қиылысқанда пайда болатын вертикаль бұрыштарының бір жұбын доғамен белгілеңдер.

  2. КС мен LD қиылысатын екі түзу жазықтықты төрт тік бұрышқа бөледі .КС және LD түзулері қалай аталады ? [АР мен DS перпендикуляр түзулері О нүктесінде қиылысады. AOS бұрышының градустық өлшемін жаз ]

  3. Белгіні пайдаланып қысқаша жаз : АВ түзуі МК түзуіне перпендикуляр [OB түзуі CD түзуіне перпендикуляр ]

  4. ВС [ ХУ ] түзуін жүргізіп . Түзудің бойында жатпайтын А[түзудің бойында жататын К ] нүкте арқылы түзуге перпендикуляр түсіріңдер.

  5. Берілген нүктеден түзуге дейінгі қашықтық қалай табылады ?

[Берілген нүктеден түзуге қанша перпендикуляр жүргізуге

болады ? ]

  1. a және b түзулерінің қиылысуынан пайда болған бұрыштардың біреуі 300[500] тең. Қалған үш бұрышты табыңдар.



11.Параллель түзулер.


  1. Бір жазықтықта жататын бір-бірімен қиылыспайтын екі түзу қалай аталады ? [AB және CD өзара параллель кесінділер сызыңдар ].

  2. Белгіні пайдаланып қысқаша жаз : СЕ түзуі ВМ[КМ түзуі АД ] түзуіне параллель

  3. АВ [СМ] түзуін жүргіз .Берілген түзу бойында жатпайтын К нүктесін белгілеп, сол нүкте арқылы АВ [СМ ] түзуіне параллель түзуін салыңдар.

  4. АС және ЕО түзулері ХУ түзуіне [ВС және KL түзулері AD түзуіне ] перпендикуляр болса ,онда АС мен ЕО [BC мен KL ] түзулері өзара қалай орналасады ?

  5. Координаталық түзуін сызып ,оның бойынан А( - 2) және С( 3,5) [B(- 1,5 ) және D ( 4 )] нүктелерін кескіндеңдер.

12.Жазықтықтағы тік бұрышты координаталар жүйесі.


  1. Координаталық жазықтықтағы нүктенің бірінші [екінші ] координатасы қалай аталады ?

  2. Белгіні пайдаланып қысқаша жаз: М [P ]нүктесінің абсциссасы 0 [6], ординатасы 4 [0 ]. Калай орналасқан берілген нүкте?

  3. А ( - 2 ; - 5) [ В ( - 1; - 6 )] нүктесінің абсциссасы [ординатасы ] қаншаға тең ?

  4. Координаталық жазықтықта абсцииссасы 3 [4 ] ординатасы 6 [5 ] тең нүктені белгілеңдер.

  5. Е ( - 5; 2) [К (4; -3 )] нүктесі қандай координаталық ширекте орналасқан ?

13.Осьтік симметрия.


  1. l түзуін сызыңдар,оның бойында жатпайтын А [C ] нүктесін белгілеңдер .l түзуіне қатысты А [C ] нүктесіне симметриялы B[D] нүктесін салыңдар.

  2. F және Р [А және В ]фигуралары а [c ] түзуіне қатысты симметриялы. а [с ]түзуі қалай аталады ?

  3. С және D [Р және К] нүктелері п [m]түзуіне қатысты симметриялы . CD және n [ РК және m ]түзулері қалай орналасады?

  4. Квадраттың [шеңбердің ] неше симметрия осі бар ?

  5. Радиусы 2 см шеңберді [АВСD квадратын]салып, үш симметрия осін жүргізіңдер.

  6. Кез келген АВС [ DEF ]үшбұрышын және онымен қиылыспайтын а [b ] түзуін салып,берілген үшбұрышқа түзуге қатысты симметриялы үшбұрыш кескіндеңдер.

  7. Тең қабырғалы [тең бүйірлі ]үшбұрышта неше симметрия осі бар?




14.Центрлік симметрия.


  1. А және В [Р және К ] нүктелері О нүктесіне қатысты симметриялы. АВ [РК] кесіндісінің ұзындығы 4см [6 см] тең. АО [РО] кесіндінің ұзындығын табыңдар.

  2. РК [АВ] кесіндісі CD [ЕК] кесіндісіне О нүктесі арқылы симметриялы. РК [АВ] кесіндісінің ұзындығы 5см [7 см]тең болса, CD [ЕК] кесіндісінің ұзындығы қандай болады ?

  3. А( -5 ; 2) [С (4; - 3) ] нүктесінің координаталар басы О нүктесіне қатысты симметриялы нүктенің координатасын жазыңдар.

  4. АВС [KMN] үшбұрышын салып, осы үшбұрышқа А [K] нүктесіне қатысты симметриялы фигураны кескіндеңдер.

  5. Тік төртбұрыштың [шеңбердің ]симметрия центрі қайда орналасады ?

15.Шеңбердің ұзындығы.Дөңгелектің ауданы.


  1. Шеңбердің ұзындығын [дөңгелектің ауданын ] есептеуге арналған формуланы жаз.

  2. Радиусы 5 дм [диаметрі 10 м]шеңбердің ұзындығын анықта.

  3. Шеңбердің ұзындығы 9,42 дм [12,56 дм] тең. π-дің жуық мәнін пайдаланып,шеңбердің диаметрін есепте.

  4. Радиусы 3дм [5 дм ]тең , дөңгелектің ауданын есептеңдер.

  5. Шеңбердің ұзындығы 6,28 см [18,84 см].Шеңбердің радиусы неге тең.

16.Функция туралы ұғым. Функцияның формуламен берілуі.


  1. Берілген функцияның анықталу аймағын табыңдар: 6 сыныптарға арналған математикалық диктанттар.

  2. Берілген функцияның анықталу аймағын табыңдар: 6 сыныптарға арналған математикалық диктанттар.

  3. 6 сыныптарға арналған математикалық диктанттар.функциясы үшін аргументтің мәні -2 [- 1]-ге тең болса, функция мәнін анықта.

  4. у = 3х -7 [y = 5 - 2х ]функциясы үшін ,функциясының мәні о-ге тең ,

аргументтің сәйкес мәнін табыңдар.

17.Сызықтық функция және оның графигі.


  1. y= - 5х + 7 [y= 7х - 6 ]функциясы қалай аталады?

  2. y= -3х + 2 [y= - 7 + 2х ] функциясының k және l мәндері неге тең ?

  3. y= -х +3 [y= х - 4 ]функциясының бұрыштық коэффициентін анықта.

  4. y= х-4 [y= 2х - 1 ]функциясының графигін салыңдар.

  5. у=3х + 9 [y= 5х +10 ]функцияның графигін салуды орындамай , Ох осімен ,Оу осімен қиылысу нүктелерінің координаталарын табыңдар.

© 2010-2022