Тік бұрышты координаталар жүйесі

Раздел Математика
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныбы: 6 мерзімі: 5.03.2015 Тексерілді:Начало формы

Конец формы

Сабақтың тақырыбы: Тік бұрышты координаталық жазықтық. Координаталары бойынша нүктені салуға есептер шығару

Сабақтың мақсаты: Тік бұрышты координаталық жазықтық тақырыбы бойынша алған білімдерімізді кеңейтіп; берілген нүктелердің координаталарын анықтауды, координаталары бойынша нүктелерді салуды үйренеміз.

І. Үй тапсырмасын тексеру: № 1128, 1129 (тақтада 3 оқушы)

А(-3;1), В(2;4), С(3;-3), D(-4;-5) К(-2;0), Е(0;3), F(1;4), L(3;0), N(0;-3). Т(1;2)

ІІ. «Білім шыңы» Білімді жан-жақты тексеру (сұрақ-жауап)

Сұраққа жауап берген әр оқушы жауап парағына + қойып отырады ,

2 сұраққа жауап берсе 2+

(Санақ басы О нүктесінде қиылысатын өзара перпендикуляр екі координаталық

түзу тік бұрышты координаталар жүйесін құрайды.)

(Тік бұрышты координаталар жүйесі орналасқан жазықтық координаталық

жазықтық деп аталады.)

( х-абсцисса және у-ордината )

(Абсциссалар осі мен ординаталар осінің қиылысу нүктесін координаталар басы

деп атайды. О әрпімен белгіленеді. Бұл латынша оrigo- ''басталу'' сөзінң бірінші

әрпінен алынған)

(Латын тілінен- қазақша «реттелген» деген сөзінен алынған)

(Координаталар осьтері жазықтықты 4 бөлікке бөледі.Оларды ширектер деп атайды)

(Декарттық координаталар жүйесі деп атайды.Француз философы және математигі Рене Декарттың құрметіне)

ІІІ. «Тарихи мағлұматтар»

Тарихке көз жүгіртейік. Осы тақырып бойынша оқушылар қысқаша мәлімет

дайындап келді.

Сонымен жазықтықтағы нүктенің орнын координаталаы арқылы анықтауға болады.

Мысалы Нұржанның орны қандай? Эльмираның? Еркебұланның? (1;4), (2;2) кімнің орны?Кинотеатрларда (7;24) нені білдіреді?

деген сөздер аталды, олар қай жерде қолданылады? География сабағында? Глобуста бас қаламыз Астана және өз облысымыздың орталығы Өскемен қалаларын көрсетейік, ендік және бойлықтарын анықтайық.

(Астана - 51° солтүстік ендікте; 72° шығыс бойлықта;

Өскемен - 50° солтүстік ендікте; 85° шығыс бойлықта ).

Келесі кезең тест орындау.(Әр оқушының алдында тест тапсырмалары,тақтада слайд

және дұрыс жауабы. Жұппен жұмыс: әр оқушы өз көршісінің жұмысын тексереді, баға қояды)

6+ болса - «5» 3+ болса - «3»

4-5 + болса - «4» 1-2+ болса - «2»

IV. Тест тапсырмалары.

а) екі параллель түзулер

б) абсциссалар осі және ординаталар осі

в) абсциссалар осі және оған параллель түзу

а) сандар жұбымен

б) бір санмен

в) координаталар басы О нүктесімен

а) б) в)

а) ІІ; б) ІІІ; в) IV; г) І.

а) І; б) ІІІ; в) ІV; г) ІІ.

а) (+;-) б) (-;+) в) (-;-) г) (+;+).

V. Практикалық жұмыс. «Жас суретші» (флипчарт)

«Естігенімді ұмытып қаламын, көргенімді

есте сақтаймын, өз істегенімді меңгеремін». Конфуций.

. Берілген нүктелердің координаталарын анықтаңдар.

А(2;4), В(-4;3), С(-3;-5), D(3;-3), Р(2;0), Т(0;5)

Координаталары бойынша нүктені салыңдар.

М(4;3), N(-3;3), S(2;-2), Т(-4;-3).

Туристер туралы есеп.

А(2;2) пунктінде орналасқан қонақ үйінен шығып, туристер қаланың көрнекті орындарын аралады. Олар орналасқан пунктерінің координаталары мынадай:

В(5;4), С(4;0), D(5;-4), E(2;-2), M(-3;-3), N(-6;0), K(-3;3), Одан кейін қонақ үйіне қайта оралып келді. Туристер жүріп өткен жолын координаталық жазықтықта

салып көрсетіңдер .

координаталары бойынша сурет салу.(өздік жұмыс)

Сабақ ұнады ма? Қызық болды ма? Не қызықтырды? Не үйрендіңдер?

Нені тағы үйренгілерің келеді?

Бағалау. (топ жетекшілері баларын айтады)

Үйге тапсырма: Координаталары бойынша сурет салу - шығармашылық жұмыс.



© 2010-2022