Рефлексивный отчет А Топтық жұмыс әдісін қолдану арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру

              Зерттеу тақырыбы: Топтық жұмыс түрін қолдану арқылы оқушы белсенділігін арттыру.         1-бөлім.   Іс-әрекеттегі зерттеуге арналған тақырыпты таңдауды негіздеу                    Жеті модуль арасынан білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдердің бірі топтық жұмысты таңдадым.Зерттеу тақырыбын таңдауда дәстүрлі әдіспен өткізілген сабақтарымда   бір немесе екі оқушы есепті тақтаға шығарса, қалған оқушыларға өз бетімен шығарып әкеліп мұғалімге тексертуін сұраймыз. Бірақ та білімінде о...
Раздел Математика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Оспанбекова Гулназира Курумбаевна мұғалім портфолиосы А есебі

№ 9 топ 2-деңгей

Алматы қаласы 19.11.2014 жыл

Рефлексивный отчет А Топтық жұмыс әдісін қолдану арқылы оқушылардың белсенділігін арттыруРефлексивный отчет А Топтық жұмыс әдісін қолдану арқылы оқушылардың белсенділігін арттыруРефлексивный отчет А Топтық жұмыс әдісін қолдану арқылы оқушылардың белсенділігін арттыруРефлексивный отчет А Топтық жұмыс әдісін қолдану арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру

Зерттеу тақырыбы: Топтық жұмыс түрін қолдану арқылы оқушы белсенділігін арттыру.

1-бөлім. Іс-әрекеттегі зерттеуге арналған тақырыпты таңдауды негіздеу

Жеті модуль арасынан білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдердің бірі топтық жұмысты таңдадым.Зерттеу тақырыбын таңдауда дәстүрлі әдіспен өткізілген сабақтарымда бір немесе екі оқушы есепті тақтаға шығарса, қалған оқушыларға өз бетімен шығарып әкеліп мұғалімге тексертуін сұраймыз. Бірақ та білімінде олқылығы бар оқушылар өз бетімен тапсырманы орындауда білімі, орындаушылық қабілеті, дағдылары жетпей сабақ үстіндегі іс-әрекеттерге толық тартылмай қалып жатады. Сабақ соңында ешбір нәтижеге қол жеткізе алмай, бойындағы сенімділігі, пәнге қызығушылығы, сынып ортасындағы белсенділігі жоғала бастайды, яғни оқушының әрекетін жан-жақты дамытуға мүмкіндік берілмейді деуге болады. Сондықтан топта бірлескен жұмыс арқылы барлық оқушыны әрекетке тартып, сенімділігін, белсенділігін дамытуға жағдай туғызу керек деп шештім.Топ ішінде талқылауға пікірін ұсыну, топппен орындалатын басқа да әрекеттер барлық оқушыларды бір мезгілде бірдей талапты орындауда жауапкершілікке жетелейді.Топпен жұмыс істеу аясында оқушыларды өз пікірін өзгелермен бөлісуге итермелеп, білім алудағы мүмкіндігіне барынша қол жеткізуге бағыттауды көздедім.

Әрбір оқушы оқу үрдісіне белсенді қатысқан жағдайда логикалық ойлауы, сөйлеу тілі, өз әрекетін жоспарлай алуы, айналасындағы оқушылармен өзара тиімді қарым-қатынасқа түсуі, оқушы бойындағы сенімділік, өзгенің пікірін тыңдай білу, ой-пікірін ашық білдіру қабілеттері дамитыны сөзсіз .Аталған әрекеттерді оқушы бойында дамыту үшін сабақ беретін сыныбымда топтық жұмыс түрін қолдану бірінші кезекте маңызды деп шештім.

Әрбір оқушының топта бірлесіп жұмыс жасай алуы, топ мүшелерінің қызметтерін өзара іштей бөлісуге жаттықтыру бүгінгі күнгі сабақ өту тәсілін заман талабына сай өзгертудің алғашқы баспалдағы болмақ.

Бірлескен оқу дегеніміз не?

Бірлескен оқу өзара іс-әрекет жасау философиясы, ал бірлескен жұмыс соңғы нәтижеге немесе мақсатқа жетуге ықпал етуге бағытталған өзара әрекеттің құрылымы болып табылады (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 78-бет).

Топтарға біріктіріп жұмыс жүргізу топ мүшелерінің ерекше байқала бермейтін қабілетін, басқа оқушылармен өзара қарым-қатынас жасау белсенділігін, белгілі бір ереже шеңберінде әрекет жасау, өзгенің пікіріне баға беруге, өз әрекетіне баға беруге, бір сөзбен айтқанда оқушының жан-жақты әрекетін дамыту механизмі деуге болады.

Бірлескен оқу - бұл оқыту мен оқу тәсілі, аталған тәсіл проблемаларды шешу, тапсырмаларды орындау немесе әлдебір өнім жасау үшін оқушылар тобының бірлесіп жұмыс істеуін білдіреді. Бірлескен оқу оқуды табиғи әлеуметтік әрекет ретінде қабылдауға негізделген, оған қатысушылар бір-бірімен әңгімелеседі және осы әңгімелесу арқылы білім алады (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 78-бет).

Зерттеу мақсаты:

Іс-тәжірибемде топтық жұмысты қолдану оқушының сабаққа белсенді қатысуына қаншалықты ықпал ететіндігіне көз жеткізу.

Міндеті:

Зерттеу әрекетін іске асыруда сабағымда топтық жұмысты қолдану арқылы оқушы іс-әрекетіндегі өзгеріс нәтижелерін бақылау.

Күтілетін нәтиже:

Тақырып бойынша оқушылардың топпен жұмыс жасауға дағдыланады, қарым-қатынас және сөйлеу мәдениеті дамиды , сабаққа қатынасу белсенділігі артады.

Зерттеу әрекетімді жүргізу үшін сабақ беретін сыныптарымның ішінен 8-сыныпты таңдадым.Себебі, 8ә сыныбында өз тәжірибемді жүргізсем, тәлім алушы мұғалім 8а сыныбында жүргізсе Мерсер айтуы бойынша құрдастар тобындағы оқытудың қаншалықты әсерлі болатындығына көз жеткізу үшін осы сыныптарды таңдадым. Екі сыныптағы оқушылардың білім деңгейлері, өзіндік қабылдаулары, сынып мінездемесі әр түрлі болғанымен жастары бірдей болғандықтан мені ізденіске жетелеп, қызығушылығымды туындатты.

Сабағыма топтық жұмыс тәсілін қолдануда сауалнама нәтижесі , әріптестер мен сынып жетекшісімен, мектеп психологымен пікірлесе отырып зерттеу нысаны ретінде білімді қабылдау деңгейлеріне қарай А-оқушы, В-оқушы, С-оқушыны анықтадым. Қолданатын жұмыс тәсілінің қаншалықты нәтижелі болатыны осы үш оқушының әрекетіне бақылау жасаудан анықталады.

Белгіленген А,В,С оқушылардың әрекет нәтижелерін бақылай отырып топтық жұмыстың оқушының сабаққа қатынасу белсенділігін арттырудағы ықпалына көз жеткізу болатын.

А-оқушы өз әрекетіне сенімді, кез келген жағдайда алдыңғы қатардан көрінуді көздейді, бойында білімі , өзіндік сенімділігі болғанымен айналасындағы оқушыларға үнемі көмек көрсете бермейді, мінезінде шыдамсыздық басым. Бұл оқушының бойындағы үстемділік қасиетін басу үшін айналасындағы құрбыларына көмек көрсете білуге, шыдамсыздық қасиетін сабырмен тыңдауға жеткізу үшін топтық ережені үнемі есіне саламын , көшбасшылық қабілетін топтық жұмыс барысында тапсырманы орындауда қолдануға бағыттаймын.

В-оқушы тапсырма жеңіл түрде болса сенімді белсенділік танытады, күрделене түскенде мұғалімге сұраулар қойып, кей жағдайда алаңдаушылықтан жұмысты орындаудан қашқақтайды, түсінбеген кейіп көрсетеді. Ортада өзін салмақты ұстайды.Күрделі тапсырмаларды орындауда жақсы нәтижеге қол жеткізу,бойындағы сенімділігін жетілдіру, салмақты мінезін маңызды мәселелерді шешуде құнды ойларын шығара білу қасиеттерін дамытуға қол жеткізгім келеді.

С-оқушының бойында ұяңдығы басым, әрекетіне сенімсіз, жауап бергенде қорқыныш сезімі байқалады, пікір еркіндігі нашар деңгейде, яғни кей жағдайларда білгенін шатастырып айтып тұрады.Бұл оқушының бойында өзіне деген сенімділікті жетілдіруге, пікірін еркін айтуда қорқыныш сезімін жеңе білуге қолдау көрсету қажеттігі туындап отыр.

Бірлескен оқу жағдайында оқушылар құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасауға, идеяларды ұсынуға және қорғауға, әртүрлі ұстанымдармен алмасуға, басқа тұжырымдамаларға күмәнмен қарауға және жұмысқа белсенді қатысуға мүмкіндік алады (Smith and MacGregor, 1992).

Мерсер (2005) құрдастар тобындағы өзара қарым-қатынас оқуда маңызды рөл атқаратынын көрсетті.Оқушылар жұпта немесе топтарда жұмыс істегенде , олар «мұғалім-оқушы» сұхбаты түріндегі өзара іс-қимылға қарағанда мейлінше «симметриялы» болып табылатын өзара іс-қимылға тартылады, осылайша негізделген дәлелдерді келтіріп, қадағаланатын оқиғаларды сипаттауда түрлі мүмкіндіктерге ие болады.

Сабақ барысындағы әлеуметтік өзара әрекеттестік оқуда маңызды рөл атқарады. «Мұғалім-оқушы» және «оқушы-оқушы» жағдайындағы қарым-қатынас түсінікті дамытып, мағынаны ашудың елеулі бөлігін құрайды(Мұғалімге арналған нұсқаулық, 39-бет).

2-бөлім. Іс-тәжірибеге енгізілген өзгерістер және пайдаланылған дерек жинау әдістері туралы есеп.

Тәжірибеме өзгерістер енгізуді орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлар бойынша сабақ өту тәсілін өзгертуден бастадым. 8-сыныпта алгебра пәнінен «Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттері» тақырыбына төрт сағат бөлінген болатын, сондықтан тізбектелген сабақтар топтамасын аталған тақырып бойынша орта мерзімді жоспар жасаудан бастадым. Бірінші «Бетпе-бет » кезеңінде талқыланған теориялық материалдарды , мұғалімге арналған нұсқаулықты қайта қарап отырып жүйеледім.

Орта мерзімді жоспарды құрғаннан кейін әрбір сағатқа қысқа мерзімді жоспар жасадым. «Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттері» тақырыбы бойынша өткізілген бірінші сабақтың мақсаты түбірдің қасиеттерімен танысу, түбір қасиеттері туралы ұғым қалыптастыру, топтық ортада келісімде әрекет етуге, басқаның пікірімен санаса білуге баулу болды. Сабақтың негізгі құрылымын сын тұрғысынан ойлаудағы Блум таксономиясымен алдым. Сабақтың ұйымдастыру кезеңін оқушыларды ән тақырыптары бойынша топқа бөлдім, сонда «Атамекен» , «Туған жер» , «Мектебім», «Ұстазым» топтары құрылды. Сабақ ұстаздар мерекесі қарсаңында болғандықтан ұстаз, мектеп тақырыптарын қостым. Құрылған топтар тақырыптарына сай әннің бір шумағын немесе бір шумақ өлең жолдарын айтты. Топтың үшеуі ән шумақтарын , ал біреуі өлең жолын ұсынды. Бұл тапсырманы орындауда А-оқушыда ерекше мақтаныш сезімі , В-оқушыда тығырыққа тірелу, С-оқушыда сабырсыздық әрекеттері болды. А-оқушыдағы ерекше көңіл-күйді сынып болып қол шапалақтай отырып қошемет көрсетумен, В-оқушыны ән шумағын білмесе өлең жолдарын айтуға болатындығына бағыттадым, сонда ол мәселені шешуге қол жеткізді.С-оқушы тобындағы оқушылармен бірлесіп орындағанына разы болды.

Әдеттегі оқыту тәжірибемде оқушымен жұмыс жасауды топтық бірлескен жұмыс жасау тәсілімен ауыстырдым.Топқа бөлудің төрт түрін тізбектелген сабақтар топтамасын өткізуде үйреттім.Бірінші, екінші сабақтарда оқушылар топқа бөлінуге біршама уақыт жібергенімен, үшінші, төртінші сабақтарда дағдылана бастады. .Бірінші сабағымда оқушыларды топқа бөлгеннен кейін топтық ереже құруды тапсырдым.Менің оқушыларым үшін бұл жаңалық болды. Бірлескен жұмыста қандай тәртіп жүйесі болу керектігін түсіне отырып құрған ережелерімен таныстырып, арнайы плакатқа ортақ ереже құрастырып шықты. Топ ережесін құрастыруда А- оқушы өз пікірін анық жеткізіп, топ ортасында шыдамсыздық танытқан соң ол оқушыға жазған пікірлерін қайта қарап шығуды, айналасындағыларды да күтіп ортақ ереже шығару керектігін ескерттім.

В -оқушы азырақ ойланған соң ғана топ тапсырмасына кірісті,оған тек сырттай бақылау жасап тұрдым, С-оқушы тобындағы белсенді оқушылардың пікірін тыңдағаннан кейін ғана өзінің пікірін қосуға деген әрекет байқалды.Бірінші сабақ құрылымы тақырып мазмұнына байланысты Блум таксономиясы бойынша білу кезеңі берілген сөйлемді аяқтауға құрылды. «Миға шабуыл» білу кезеңінде А,В,С оқушылар топ ішіндегі әрекетке қатысқанымен, тапсырманы жария етуге қатыспады.Түсіну кезеңінде «Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттері» тақырыбы бойынша түбір қасиеттерін формуласымен, ережесімен түсіндіруге тапсырма берілді, тақтаға ілінген плакатқа формулаларды тізбектей жаза отырып түбір қасиеттерінің формула кестесін құрастыруға бағыттадым.Формула кестесін құрастырту себебім, келесі сабақтарда қасиеттерді қолданып есептер шығаруда плакатты қолданамын. Жаңа тақырыптың түсіндірулерін топ ішінде талқылауда А,В,С оқушыларым белсенділік таныта қоймады, Мұның себебі , оқушылар мұндай тақырыпты түсіндірумен бірінші рет кездесіп отыр, сондықтан да талқылап барып түсіндіруде ой шашыраңқылығы болды, негізгі айтуға қажетті түйінді ережелерді толық аша алмады. Тақырып мазмұны жан-жақты ашылмағандықтан оқушылардан қасиеттерді үйден талдап , түсіндіруге дайындалып келуге бердім.Сабақ өту барысын Блум таксономиясына салып құруда жоспарда тапсырмаларды көбірек жобалап қойыптым.Сондықтан, келесі сабақтарымда есептер шығару болғандықтан оқушылардың топта талқылап, бір-біріне түсіндіру дағдыларын қалыптастыру мақсатында джиг-со (2) тәсілін қолдану керек деп шештім. Шығаруға берілген есепті топтар өзара шығарады, сонан соң үш оқушы үш топқа бір-бірден барып дәптерлеріне жаздырып, шығарылу тәсілін түсіндіреді.

Екінші сабағым «Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттеріне есептер шығару» 1-ден 4-ке дейін санау арқылы топқа бөлуден басталды. Оқушылар отырған реті бойынша ауызша санақ жүргізді, партаға топтың реттік номері қойылған соң орындарына орналасты. Сабақтан күтілетін нәтиже: топпен бірлесе отырып есепті шығарып, оны түсіндіруге жаттығады, топқа бөліну, топ ішінде өзара әрекеттесуге жаттығады.

Сабақ барысында оқушы бойындағы кейбір қасиеттерді дұрыс қалыптастыру үшін топ ережесін бір рет қайталап еске салдым.

«Миға шабуыл» кезеңінде үй тапсырмасын талдаудан бастадым. Оқушыларда алдыңғы сабақтағыдай емес аздап болса да әрекеттеріндегі өзгерістер байқалды. №146 есептің 1-топқа (1,5) , 2-топқа (2,6), 3-топқа (3,7) , 4-топқа (4,8) есептерді шығарып, оны кейін үш оқушы үш топқа барып шығару тәсілін түсіндіріп, дәптерлеріне жаздырады.

Оқушылар «мұғалім-оқушы» жағдайында қарым -қатынас орнатып, мағынаны ашуда белсенді әрекетке кірісті.Сынып жағдайынан байқағаным шығарған есепті басқа топтағы оқушыларға «мұғалім» ретінде түсіндіріп , талдау жүргізу сыртқы сипатымен болса да қызығушылықтарын оятты.Мен оларды өз қызметтерінің мәнін түсіндіру үшін бағыттап отырдым, яғни есептерінің дұрыс шығарылуына, түсіндіруде теориялық теминдерді сауатты қолдануларына, тақырыпты ашудың маңыздылығына назарымды аударып отырдым.

А-оқушы тапсырманы топ мүшелерімен бірлеспей өз бетімен шығарып шыдамсыздығын көрсетті, сонда ол оқушыға нәтижесі тобындағы оқушылармен бірге есептелетінін, топ ережесіне бағына жұмыс жасау қажеттігін түсіндірдім. Ол менің ескертпелеріме құлақ асып топ мүшелеріне көмегін көрсете бастады.Дәстүрлі сабақтағыдай емес топтық жұмыс әр уақытта бірлескен, ынтымақтасқан жағдайда нәтижеге жететінін сезініп, бойындағы үстемділік қабілетін әрекет жасап отырған тобын ұйымдастыруға өзгертті.

В-оқушы топпен ұйымдасып жұмыс жасау қажеттілігін түсінді, біліміндегі олқылықтарын толықтыруға назар аударғанын топтың басқа мүшелерінің пікірін тыңдау барысында байқадым.

С-оқушы есепті бірлесіп шығарған соң теориялық мазмұнға көп кіріспеді, бірақ ол оқушыны «мұғалім-оқушы» қарым-қатынасының сыртқы сипаты қызықтырғандықтан есепті дәптеріне жазып алып түсіндіруде өзіне деген сенімділігін оятқандай болды. «Менің қолымнан да өз құрдастарымды оқыту келеді екен ғой» дегендей жүзінен қуаныш лебі байқалды.Оқушының әрекетіндегі осы бір белсенділікті, сенімділікті ары қарай жетілдіру үшін оларға келесі сабақтарда да басқаша тәсілдермен шығатын квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіруге есептер шығаратынымызды ескерттім.

Сабақ барысында бір-бірінің түсіндірулерін бағдаршам түстері бойынша бағалады .Бағалау барысында олқылықтарға, жеке бас араздықтарына, пікір қайшылықтарына жол берді, сондықтан баға қоюда әділеттілікті талап етіп, бағалау критерилерін ашып атау керектігін түсіндім.

Сергіту сәтін өткізу сынып оқушылырының бәріне бірдей әсер етті, бірақ жаттығуды орындауда күлкіге жол берген оқушылар болды, оларды топпен бірге қимыл жасау үшін топ ережесіндегі сыйластық, ұйымшылдық деген кезеңдерді орындауды көрсеттім.

Сабақ соңында оқушылардың топтағы жұмыс үдерісі жайлы, онда қол жеткізген нәтижелері туралы ойлануға түрткі жасау үшін рефлексия жасату қажет болды.Рефлексия жасауда «Алақан» рефлексиясын алдым, себебі бірінші осы рефлексияны алғаным оқушыларға қолдың суретін салып, онда сабақ турасында қандай пікірлер шығарады екен деген қызығушылық болғаны рас.Рефлексияны таныстыру барысында зерттеу нысаны болып отырған оқушылар ат салысты, рефлексиялық талдаудың нәтижесі бойынша бір топ қана дұрыс бағытта , қалған үш топқа үлгі ретінде дұрыс жасаған топтың рефлексиясына жақсы баға бердім.

А-оқушы рефлексияны өзіне сенімді түрде таныстырғанмен бойындағы үстемділігі әлі де бой көрсетіп тұрды,сондықтан ол оқушыны тобындағы оқушыларға көмектесуін, оларды жұмысты орындауға бәрін бірдей тарту қажет екендігін ұсындым.

В-оқушы рефлексиямен сенімді түрде таныстырды, бірақ ой шашыраңқылығы сезілді, дегенмен топ ішінде белсенді әрекетке көшкені көрініп отырды.

С-оқушы таныстыруға өз еркімен сұраныс жасады, топ атынан сөйлеу барысында бойындағы ұяңдығы, сенімсіздігін жеңуіне деген жігері жеткілікті екендігі байқалды. Бұрынғы сабақтарда бұл оқушы белсенді оқушылардың тасасында қалып қоятын, тақтаға шығарған есепті үндеместен көшіріп отыра беретін, жаңа үлгідегі екінші сабақта-ақ топпен жұмыс істеу барысында Айғанымның көзінен ұшқын, бойынан жұмысқа деген белсенділікті байқадым.Басқалардан қалмайын дегендей әрекеті тобы үшін болса да, өзі үшін болса да маған да жүргізген жұмысымның дұрыс бағытта екендігінен хабар бергендей.Дегенмен де екінші сабағымда да кездескен қиындықтар болды.Әр топ екі есептен шығарып, оны басқа топтарға түсіндіріп болғанша сабақ уақытының көп бөлігі өтіп кетті де, рефлексия жасауда уақыт тығыз болып оқушылардан қажетті қайтарымдар алып кері байланыс жасауға нәтижелі қол жеткізе алмадым, оқушының білімін жиынтық бағалауға үлгере алмадым.

Үшінші сабақты жоспарлауда жіберілген кемшіліктерді түзетуге ден қойдым, өйткені алдыңғы екі сабақта өзім теорияны тәжірибеге асырудың тиімді кезеңдерін қырық бес минуттық сабаққа лайықтаудан біршама ойландым, оқушылар да аздап болса да топта жұмыс жасауға дағдылана бастағандарын: «Апай, ендігі сабақта да осындай топтарға бөліне береміз бе? Бөлініп отырсақ жақсы болды. Күнде-күнде тобымыз әр түрлі болады екен»- деген өзара әңгімелерінен байқадым.

Үшінші сабақтан күтілетін нәтиже: Түбір қасиеттерін қолданып есептерді топпен бірлесіп шығарады, шығарған есептің тәсілін басқа топтарға түсіндіруге жаттығады. Джиг-со (2) әдісін таңдаудағы мақсатым- оқушылар математика пәнінен есепті шығарғанмен оның шығарылу жолын талдап түсіндірулеріне мән берілмейтін, яғни оқушының өз білгенін басқаға үйретуіне мүмкіндік жасай алмайтынмын. Ал джиг-со (2) әдісін сабағыма ыңғайластырып оқушының теориялық терминдермен сөйлеу тілін, жүйелі түсіндіруін дамытуға бағыт алдым.

«Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттері» тақырыбына есептер шығаруға үшінші сабағымда оқушыларды топқа қызыл, сары, жасыл, күлгін түстер арқылы бөлдім. Сабақты бойларындағы жақсы қасиетін бағамдауға , өз әрекетіне баға беру бағытында , бір сәт бойларындағы жақсы қасиеттерді ойлансын, жаттықсын деген мақсатта «Әсем әдемі» тренингін жасатудан бастадым.

«Миға шабуыл » кезеңінде арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін А4 форматына жазып шығу тапсырылды, топтар жауаптарын тақтадағы кесте бойынша тексерді.Бүл тапсырманы тексеруде ақпараттық -коммунникациялық технологияны қолдану уақытты үнемді пайдалануға, оқушылардың тапсырманы бірдей мезгілде аяқтап, өздерін тексерулеріне бірдей мүмкіндік жасауда тиімділігін көрсетті. Ақпараттық құралдарды жауаптарын тексеруде, сергіту сәтінде, рефлексия жаздыруда қолданып отырдым.

Төртінші сабақта топпен жұмыс, джиг-со (2) әдісіне жаттықтыру үшін әрі әдістің артықшылығы мен қиындығын бағамдау үшін қолдандым, ақпараттық құралдардан интерактивті тақтаны пайдаландым.Топтарды жетондар арқылы бөліп, үй тапсырмасын ауызша оқу арқылы тексерттім, оқушылар жауаптары бойынша өзін-өзі тексерді, қателерін түзетіп отырды.

Үшінші сабағымда сабақ уақытының көп бөлігі есептерді шығарып түсіндіруге жұмсалғандықтан , төртінші сабағымда тек бір ғана есептен шығартып, талдатып көргенді дүрыс көрдім. Тапсырма көлемі жағынан шағын, әрі уақытты тиімді пайдалануды көздегеннен туындады. Тапсырманы шағын түрде орындатуда Чиксентмихай (2008) бойынша «өзіндік мақсатты » қалыптастыруда А-оқушыда тапсырманы тез орындап түсіндірді де зерігу пайда бола бастады, ал С-оқушы топ мүшелерінің көмегіне сүйенді, бірақ та түсіндіруді өзі жүргізді. В-оқушы үшін тапсырманы орындауда міндет пен деңгей теңдікте болды.

Есептер шығаруда оқушыларға бағалау парағын таратып бердім де әр «мұғалімнің» түсіндірулерін әр топ мүшесі жеке-жеке баға беретіні туралы бағыт бердім..Түсіндірулердің нақтылығын «3», «4», «5» бағаларымен бағалауды ұсындым. Бағалау нәтижесін тақтаға шығарып қорытындыладық, сонда оқушылардың өзара түсіндірулерін жоғары бағалағандарын байқадым. Сабақтан кейін оқу үшін және оқыту үшін бағалау модулінің теориялық түсініктерін қайта қарап шығып, яғни мен бағалау критерилері мен дескриптор жөнінде дұрыс бағытта емес екендігімді сездім. Келесі сабақтарымда бағалау критерилерін нақты көрсете отырып, дескрипторды да нақты ұсыну қажеттігіне дайындық жасаудамын.

«Күн және бұлттар» рефлексиясын орындатуда оқушылар топ арасында өзара талдауға бойлары үйреніп қалғандығын, сөйлеушіні де таңдауды үйренгендігі байқалды.

А-оқушы тобындағы өзге оқушыға жол берді, соған қарап мен оның бойындағы үстемділік қасиетін топ ішіндегі ұйымдастырушы болуға жее бастағанын көрдім.

В-оқушы таныстырылымды өзі оқыды, топтың атынан сенімді өкіл ретінде сөйлеуде оның бойында сенімділік бары байқалды.

С-оқушы топ ішіндегі әрекетке қатысты, бақылау барысынан құрбыларына өз пікірін де өткізуге тырысқаны байқалды.

Зерттеу фокусы ретінде алынған үш оқушының қандай білім алғандығын көрсету үшін төрт сабақтың барлығын дерліктей бейнежазбаға түсірдім. Әрбір сабақтан кейін бейнежазбаны қарап зерттеу нысаны болып отырған үш оқушының іс-әрекеттерін бақыладым, тиісті мәліметтерді қағазыма түртіп отырдым.Сабақтар өтіп болған соң топтық жұмысты сабақта қолданудың нәтижелілігін байқау, оқушы пікірін білу мақсатында оқушылардан сауалнама алдым. Сауалнама сараптамасы бойынша сынып оқушыларының барлығына да топпен жұмыс істеу ұнағандығын білдім, олар үшін жаңаша тәсілдерді қолданып өткізілген сабақ дәстүрлі сабақтан өзгеше сабақ болғандығы көрінді.

Тәжірибеме енгізілген өзгертулердің оқушылардың білімін дамытуға әсері қалай болды екен деген ойда оқушылармен топтық жұмысты енгізу, ондағы алған әсерлерімен бөлісу мақсатында сұхбат алдым. «Оқушы үні» жобасы бойынша оқушылардың пікірін ескеру ашық және қауіпсіз диалог құруды ұйымдастыру тәсілдерін ойластыруға жетеледі. Бұл жобаны бір оқушы тілші, екінші оқушы хабарға келген қонақ ретінде түсірілді. Бұған дейін оқушылар өз әрекеттері, сынып ортасындағы өз орны турасында ойланбаған болатын, сондықтан сұхбат барысында оқушылар дың жауаптары жалпылама түрде болды. Болашақта осындай жоба бойынша пікірін білдіру, ол пікірлерінің маңыздылығын сезіндірсем сөйлеу мәнерінде өзгерістер пайда болады, ашық ойларын білдіруде құнды пікірлер күтуге болады.Дәстүрлі сабақтарда көп тәсілдер, тапсырмалардың орындалу түрлері тек мүғалім қалауымен жүргізілсе, ендігі жерде мен ол жағдаятты оқушының пікірімен санасуға ауыстырғанды жөн көремін.

3-бөлім. Қорытынды және талдау

Оқушыларды топтарға бөлу арқылы сабақ жүргізуде математика пәнінде есептер шығару кезеңдерінде джиг-со (2) әдісін қолдандым, бірақ осы әдіспен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырғаннан кейін келесі тағы басқа әдіспен жұмыс жасаиақ ойым бар. Енді джиг-со (2) әдісінің тәжірибеде математика сабағында қолданғанда пайымдаған артықшылықтар мен кемшіліктерді жіктеп көрейін.

Артықшылықтары

Кемшіліктері

Оқушылар топпен әрекеттесуді үйренді

Топ болып талқылағанда кейбір оқушылар дайын «өнімге» ие болды.

«Мұғалім-оқушы» қарым-қатынасы оқушы бойындағы ұяңдық, сенімсіздік қасиеттерін батылдыққа, сенімділікке жеткізуге себепкер болды.

Белсенді әрекетке көшкенімен тапсырманы түсіндіруде біліміндегі олқылықтарын түзете алмауы

Есептің шығарылу тәсілін бір сабақта бірнеше оқушының сөзбен талдауға үйренуі

С-оқушының тек әрекеттің сыртқы сипатында белсенді болуы

Пән мазмұнының күрделілігіне , ондағы тақырып мазмұнына байланысты тәжірибемде болашақта басқа әдістерді де пайдаланамын және одан алған нәтижеге де талдау жасап көрмекшімін.

Екінші деңгей бағдарламасы мектептегі тәжірибе кезеңінде іс-әрекетті зерттеудің тәжірибелік кезеңі болуды көздейді.Зерттеуді жүргізуде деректер жинақтау қажет болды. Деректерді жинақтау үшін тәжірибе кезеңінде өтілген сабақтарды, сұхбатты бейнежазбаға түсіру керек болды. Мұғалімге арналған нұсқаулықта көрсетілген этикалық талаптарды сақтауда 10 іс-әрекет тізімі қабылданған.Сонда, балаларды эксперименттік тәжірибеге немесе зерттеуге қатыстыру үшін оқушылардың ата-аналарынан немесе қамқоршыларынан алдын ала рұқсат сұраңыз.Ата-аналарға жіберілген хатта жұмыстың мақсаты мен сипатын толығымен түсіндірілуін қамтамасыз етіңіз және олардың алынғандығына көз жеткізіңіз.

Ата-аналардың келісімін жазбаша растауын өтініңіз.

Осы талаптарға сәйкес сынып оқушыларының барлық ата-аналарына өзім төмендегідей формада келісім хат дайындадым.

Құрметті , ата-ана!

8-сыныпта оқитын балаңыз ____________________________________

тәжірибелік сабақтарда бақылау және эксперимент жүргізу барысында бейнежазба немесе фотоға түсіруге келісіміңізді сұраймын.

(Келісіміңізді жазбаша түрде көрсетіңіз)

Ата -ана _______________________________________________

«____» _______________________2014 жыл.

Мұғалім Г.К.Оспанбекова

Рефлексивный отчет А Топтық жұмыс әдісін қолдану арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру

А-оқушының ата-анасының келісім хаты

Рефлексивный отчет А Топтық жұмыс әдісін қолдану арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру

В-оқушының ата-анасының келісім хаты

Рефлексивный отчет А Топтық жұмыс әдісін қолдану арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру

С-оқушының ата-анасының келісім хаты

Келісім хатты ата-аналарға тартып беріп келісімдерін жазбаша түрде алдым, балаларын тәжірибе барысында фотоға, бейнежазбаға түсіругебарлығы да келісім берді.

Тәжірибе барысында зерттеу нысанына алынатын оқушыларды анықтау мақсатында сабақ өтпестен бұрын және өзгеріс енгізілген сабақты өтіп болған соң оқушылармен MALS сауалнамасын жүргіздім.




Төменде сауалнама нәтижелерінің салыстырмалы көрсеткішін ұсынып отырмын.

р/с

Зерттеуге қатысатын оқушылар


Сауалнама сұрақтары

А-оқушы

В-оқушы

С-оқушы

1

Мен тестілерді жақсы орындай аламын

5

4

2

2

Маған мәселелерді шешкен ұнайды

5

4

3

3

Маған жаңа жұмыс берген кезде , мен әдетте орындай алатындығыма сенімді боламын

5

4

2

4

Жұмыс туралы мұқият ойлау оны жақсы орындауға көмектеседі

5

3

3

5

Мен жақсы талқылай аламын

4

4

2

6

Мен өзімнің жұмысымда біршама көмекке мұқтажбын

5

3

2

7

Маған қиын жұмысты орындау ұнайды

5

3

1

8

Мен жаңа жұмысты орындауға тиіс кезінде менде мазасыздық пайда болады

4

2

2

9

Проблемалық жағдайларды шешу қызықты деп ойлаймын

5

4

1

10

Мен жұмысты орындау қиын болған кезде маған ары қарай не істеу керектігін шеше аламын

4

3

2

11

Оқу жеңіл

5

3

2

12

Мен тесттерді жақсы орындай аламын

5

3

2

13

Мен көптеген сөздердің мағынасын білемін

5

4

3

14

Мен орындауға тиісті тапсырмаларды мұқият орындаймын

4

4

3

15

Мен проблемаларды қалай шешу керектігін білемін

4

3

3

16

Мен мектепте көптеген тапсырмаларды қиын деп табамын

4

2

1

17

Мен ақылдымын

5

4

3

18

Қалай жақсы оқушы болатынын білемін

5

4

2

19

Маған өз ақылымды қолдану ұнайды

5

4

3

20

Оқу қиын

4

3

1


Жалпы балл

72

68

43

р/с

А-оқушы

В-оқушы

С-оқушы

1

Тапсырманы орындауға ынтасын анықтау

30 балл

28

24

15

2

Сенімділігін анықтау

25 балл

23

15

8

3

Тапсырманы орындаудан қашатын оқушылар

30 балл

29

20

12

4

Тапсырманы орындаудан қалыс қалатын оқушылар

15 балл

13

9

8

Бірінші алынған сауалнама қорытындысы мен әріптестер пікірі бойынша

Рефлексивный отчет А Топтық жұмыс әдісін қолдану арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру

А-оқушы Турсынғожа Дидар




Рефлексивный отчет А Топтық жұмыс әдісін қолдану арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру

В-оқушы Нурмуха Байдос


Рефлексивный отчет А Топтық жұмыс әдісін қолдану арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру


С-оқушы Нурмуха Айғаным деп анықтадым.

Сауалнама сараптамасы бойынша осы үш оқушының бойындағы әрекеттер өзгерісін зерттеу мені толғандырған сұрақтың шешімін табуға көмектеседі деген ойда болдым.

Екінші рет оқушылардан алынған сауалнамада мектеп өміріне, сабақ кезіндегі көңіл-күйі мен көзқарасын анықтау көзделді.А,В,С оқушыларының жауаптар сипаттамасын беріп отырмын.

р/с

Сауалнама сұрақтары

А-оқушы

В-оқушы

С-оқушы

1

Мен сабақта ... кезде зерігемін

Мен сабақта күн ыстық болғанда, сабақ қызықсыз болғанда зерігемін.

Көңілсіз болғанда , тақырыптарды түсінбеген кезде

Көңіл-күйім болмаған кезде

2

Мен ... күндері мектепте болғым келмейді

Жоқ

Ауырғанда

Ағылшын тілі сабағы болғанда

3

Мен сабақтарда ... кезде көңіл-күйім болмайды

Ауырғанда

Тұмау тигенде, ауырып отырғанда

Ауырып тұрған кезде

4

Мен сабақтарда ... кезде өзіме риза боламын

Сабақта сұраққа нақты жауап бергенде өзіме риза боламын

Сабақты жақсылап тұрып түсінгенде , тақтаға шығып есепті жақсы шығарғаныма риза боламын.

Дұрыс жауап бергенде мені қолдаса риза боламын және алдыма үлкен мақсат қоямын.

5

Мен сабақтарда ... кезді шыдамсыздана күтемін

Сабақта жауап беретін кездерді күтемін.

Кейде тақтаға шығуға шыдамсыздық танытамын.

Алгебра, физика, дене шынықтыру, химия сабақтары кезінде шыдамсызданамын.

6

Мен ... кезде бүкіл сынып жақсы үлгеретінін сеземін

Сабақ қызықты болғанда бүкіл сынып үлгереді.

Сабақты жақсы түсінгенде жақсы үлгеретінін сеземін.

Сабақты жақсы түсінген кезде

Жауаптарды саралауда үш оқушы да көбінесе сабақтың қызықты өтілуін күтеді, сабақтан денсаулығына байланысты болмаса қалғылары келмейді, А,В оқушылар сабақ айтуды , сұрақтарға жауап беріп, тақтаға шығып есептер шығаруды , ал С-оқушы тапсырманы дұрыс орындағанда айналасынан қолдау күтетіндігін жеткізген. Сондықтан С-оқушының өз әрекетін жоспарлау дағдыларын дамытсам алға қойған мақсатына ұмтылыс жасауға ерік-жігері жетеді деген шешімге келдім.

Тізбектелген төрт сабақты өткізгеннен соң топтық жұмыс тәсілі жөнінде оқушылардың ой -пікірін саралау мақсатында сауалнама жүргіздім.

р/с

Сауалнама сұрақтары

А-оқушы

В-оқушы

С-оқушы

1

Өзіңіз болған топтағы жұмыста сізге не ұнады және не ұнамады?

Бірігіп шешім қабылдап, ұйымшылдықпен жұмыс жасағанымыз ұнады.

Маған бәрі ұнады, ұнамаған жағы болмады.

Маған топпен жұмыс істеген және есептер шығарып, ойыңды ашық білдіру қатты ұнады. Ұнамаған жері болмады.

2

Өз тобыңыздағы әртүрлі оқушылар оқытуда сізге көмектесе алды деп ойлайсыз ба?

Ия

Әрине маған ұнады

Әрине, егер бір-біріне көмектеспесе, бір-біріне үндемей өзімен-өзі отыра берсе, онда топта ұйымшылдық болмаса, онда мүлде қызық болмас еді.

3

Тобыңызда көшбасшы немесе ұйымдастырушы болды ма? Егер болса , ол не істеді?

Көптеген жұмыстарға ат салысты

Тобымызды алға жетеледі.

Болды.Әрине, ол бізді алға жетелеп көмек берді. Әр топтың топ басшысы болды

4

Егер сіз мұғалім болсаңыз , топтық жұмыс үшін топты қалай құрар едіңіз? Өзіңіз таңдайтын тәсілге қанат белгісін қрйыңыз, содан кейін неге таңдағаныңызды түсіндіріңіз.

- Мен достарымды бір топқа біріктірер едім

-Мен бірдей оқушыларды біріктірер едім

-Мен аралас топтарды құрар едім (бүгін сияқты)

Мен аралас топтарды құрар едім. Себебі, жақсы оқитын оқушы нашар оқитын оқушыға көмектессе деймін. Барлығы бірге ұйымдасып жұмыс жасаса екен.

Мен аралас топ болғанын қалар едім.

Мен аралас топтарды құрар едім.Егер аралас топ құрсам олар бір-біріне қарап жаман жақтарын жасырып, жақсы жақтарын көрсетер еді.

Сараптауда топтық жұмыстың сыныптың барлық оқушыларына ұнағаны, өзара ынтымақтастықта бірлесе жұмыс жасауға қалыптасып қалғандарын,өздері мұғалім болған жағдайда аралас топтарды құратындарын жауаптарынан анықтадым. Бірақ оқушының барлығы көшбасшы немесе ұйымдастырушы болды ма деген сұрауға түсінбей жауап берген, болашақта оларға көшбасшы орнын анықтауға ықпал етемін деп ойлаймын.

Деректерді қарап отырып математика сабағында топтық жұмыс тәсілін қолдану оқушылардың белсенділігін арттыруға ықпал ететіндігіне көз жеткіздім. Нәтижені А, В, С оқушыларының сабақ барысындағы әрекеті мен сауалнама бойынша берген жауаптарын сараптаудан ұғындым.Енді осы оқушылардың әрқайсысына күткен нәтижеме қол жеткіздім ба деген сұраққа жауап ретінде талдау жасап көрейін.

А-оқушы топтық жұмыс барысында топ ережесіне бағыну қажеттігін сезініп, басқа оқушылардың пікірін сабырмен тыңдауға, тобын ұйымдастырып әрқашан алда болуға жетелеп отырды, бойындағы менмендік, үстемділік қасиеттерін ұйымдастырушылық қабілетпен алмастыра білді.

В-оқушы топ ішінде тапсырманы орындау мен қорғауда белсенділік танытты, топ ішінде жұмыс жасау бойындағы сенімін нығайтты,кейбір топта ұйымдастырушы міндетін қолына алғанын байқадым, маңызды мәселелерді шешуде құнды пікірлерді айтқан сәттері болмады, ойлануы тек өз әрекеті аясында болды, бірақ сұхбат алғанда алға қойған мақсатының айқындығы қылаң берді , математика пәні мен оның болашағы турасында әдемі пікірлер айта білді.

Сабақ құрылымының өзгерісі С-оқушының бойында өзгерісті бірден байқатты.Топ ішінде бірлесіп жұмыс жасауда өз қолынан келетін әрекеттерді белсенді орындап, пікір білдіруде топ алдында ұяңдығын жеңуге қол жеткізді. Ынтымақтастық шеңберінде әрекеттесу Айғанымның бойындағы қорқынышын басуына себеп болды.

Бұған дейінгі сабақтарымда оқушыны түгелдей қырық бес минут ішінде қамти алмайтынмын, сондықтан жақсы оқитын оқушыларда зерігу, үлгерімі төмен оқушылар тапсырманы орындауда қиналу күйлерін бастан кешіреді.

Зерттеу нәтижесі бойынша топпен жұмыс тәсілі оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігін арттыруға ықпал ететіндігіне көз жеткіздім.

4-бөлім. Іс-әрекеттегі зерттеу жүргізу үдерісіндегі шектеулер және бұған кейінгі іс-тәжірибеге жасайтын ықпалы

Мен іс-тәжірибемде жоспарланған өзгерістерді толық енгізе алмадым. Сабақ барысында формативті бағалауды қолдануда бағалау критерилері мен дескрипторды дұрыс анықтамағандықтан оқушылардың өзара бағалаулары дұрыс шықпады, сондықтан жиынтық бағалау жүргізілмеді. Берілген білімнің қаншалықты деңгейде екендігін саралауға мүмкіндік болмады. Зерттеу фокусына алынған үш оқушының білім алғандығы туралы деректер толық жинақталмады, олардың тек іс -әрекеттеріндегі өзгерістерге баса назар аударып кетіптім. Күнделікті зерттеу жүргізу құралдарынан сауалнама, сұхбат және әңгімелер, бейнежазбалар қолданылды, бірақ сынып жетекшімен, басқа да пән мұғалімдерімен белгіленген оқушылардың әрекеттері турасында әңгіме болмады.

Мұғалімдерге арналған нұсқаулықта келтірілген түрлі көзқарастарды қарастыру үшін ең болмағанда үш құралды қолдану оң нәтижелі тәжірибе болып табылады (93-бет) деп көрсетілген. Ал мен тәжірибемде қолданылған тек екі құрал қорытындысы бойынша ой қорыттым.

Тәжірибеме енгізілген өзгерістерді қолдануда жіберген кемшіліктерді біраз сараладым, теориялық материалдарды парақтадым, тәжірибесі бар әріптестеріммен пікірлестім. Іс-әрекетті зерттеуде мұғалім зерттеу журналын жүргізу, социограммалар қолдану арқылы оқушылардың пікірін тіркеп отыру құралдарын болашақта қолданамын. Мүмкіндігінше үш немесе одан да көп құралды зерттеуде қолдануға жүмыс жасаймын, әсіресе, мұғалімнің зерттеу журналы деректерді жинауда пайдалы ақпарат көзі болады ма деп ойландым.

Күнделікті тәжірибемде білім беру мен білім алудағы жеті модулдің бір элементі болса да қолданып, оқушының дамуына қалай әсер ететіндігіне назар аудара отырып жалғастырамын.

Мұғалімде Шульман «үш көмекші » (Shulman6 2007 ) деп атаған қасиеттер болған жағдайда ғана оқыту табысты болып саналады (мұғалімге арналған нұсқаулық, 11-бет ) деп көрсетілген .

Болашақта оқыту мен оқу тәсілдерін өзгерту тұрғысынан жеті модуль туралы теориялық түсініктерді қалыптастыру үшін екінші (негізгі) деңгей бағдарламасы бойынша білімімді жетілдіруге келдім , алған білімімді мектебімдегі тәжірибеге өзгеріс енгізу мақсатында қолданамын, педагог мамандығына тән этикалық талаптарды, мәдени қарым-қатынасты ұстанамын. Оқушыларыма , әріптестеріме сенімді, барлық кезеңде көмек беруге даяр болатын , үнемі қолдау көрсете білетін, жүрекпен түсінетін мұғалім , төзімділік пен батылдық , ізденімпаздық , еңбекқорлық қасиеттерін болашақтағы тәжірибесімен байланыстыра білетін ұстаз деген атқа лайық болғым келеді.

Екінші (негізгі) деңгей бағдарламасы бойынша алған кәсіби білімімді мектептегі тәжірибемде қолданып , Маслоудың қажеттіліктер иерархиясында көрсетілген өз-өзін таныта білу сатысына дейін көтерілуді келешекте мақсат етіп қоямын.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық: Екінші (негізгі) деңгей / Бакиров К.А., Намысова Г.А., Аушева И.У., Шаримова А.Г., Ғабдоллақызы Б., Байкенова Б.А.- 3 басылым. - Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының баспасы, 2014. - 292б.

  2. Кудайбергенева К.С. Мектептегі іс-әрекетті зерттеу . Әдістемелік құрал.- Алматы, 2013.

  3. Орақова А.Ш., Жартынова Ж.А., Қойлық Н.О., Корнилова Т.Б., Ким В.Н. Интерактивті оқыту әдісін қолданып сабақты жоспарлау және басқару. - Алматы, 2014.

  4. Жақсылықова К.З. Тренингтік ойындар мен жаттығулар. Әдістемелік құрал. - Алматы, 2014.

  5. Бірінші апта, екінші апта үлестірмелері.



© 2010-2022