Диктант по казахскому языку

Мақсаты:Оқушылардың білім, білік, дағдыларын мемлекеттік жалпы орта білім беру стандарты бойынша меңгерген деңгейін анықтау. Біліктілігі: -етістіктің райлары, -дыбыстық талдау, -синтаксистік талдау, -сөздің құрамы, -сөз таптары. Диктант Әдемі музыка Ертеде қалмақтардың жауынгершілік заманында қалмақтар қазақ ауылдарына шабуыл жасап, адамдарын тұтқындап, малдарын айдап кетіпті. Сол тұтқынының ішінде жылқышы Саймақ та бар екен. Қалмақ елінде Саймақ үш жыл тұтқында болып, олардың малын бағады. ... (73 сөз)
Раздел Математика
Класс -
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

7- сыныпқа арналған бақылау жұмысы.

Мақсаты:Оқушылардың білім, білік, дағдыларын мемлекеттік жалпы орта білім беру стандарты бойынша меңгерген деңгейін анықтау.

Біліктілігі:

-етістіктің райлары,

-дыбыстық талдау,

-синтаксистік талдау,

-сөздің құрамы,

-сөз таптары.

Диктант

Әдемі музыка

Ертеде қалмақтардың жауынгершілік заманында қалмақтар қазақ ауылдарына шабуыл жасап, адамдарын тұтқындап, малдарын айдап кетіпті. Сол тұтқынының ішінде жылқышы Саймақ та бар екен. Қалмақ елінде Саймақ үш жыл тұтқында болып, олардың малын бағады.

Бір күні қалмақтың ханы үлкен той жасап, елдегі барлық өнерпаздарды жинайды. Той қызып, әншілер, жыршылар, күйшілер өз білгендерін сыншыға сынатып, алдынан өтіп жатқанда, орда сыртынан сайраған сыбызғының үні естіледі. Хан да, сыншылар да, халықта естілген сыбызғы үніне таңырқай құлақ түріп қалады.

(73 сөз)

Грамматикалық тапсырмалар:

  1. Берілген етістіктерді райлардың басқа түрлеріне қойыңдар.

1-нұсқа - болады, көрсетеді. 2-нұсқа - нашарлайды, сақтайды.

  1. Мына сөзге дыбыстық талдау жасаңдар.

1-нұсқа. өнерпаз

2-нұсқа. сыншы

  1. Мына сөздерді сөз құрамына қарай талдаңдар:

1-нұсқа- қалмақтардың, малдарын, естіледі.

2-нұсқа- ауылдарына, жылқышы, бағады.

  1. Мына сөйлемге синтаксистік талдау жасаңдар:

1-нұсқа. Хан да, сыншылар да, халықта естілген сыбызғы үніне таңырқай құлақ түріп қалады.

2-нұсқа. Қалмақ елінде Саймақ үш жыл тұтқында болып, олардың малын бағады.

5. Шағын әңгіме жазыңдар. «Қазақ халқының музыкалық аспаптары тарихынан» (1,2-нұсқаға бірдей тапсырма).





© 2010-2022