Математикадан ҰБТ-ке даярлану әдістері

Раздел Математика
Класс -
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Даярлаған: Таласбаева Меруерт Жалдықарақызы

№180 орта мектебі

ҰБТ-ке математикадан қалай дайындалу керек?

1.Сен қай кезде материалды жақсы түсініп,меңгересің : ертеңгілікте ме, күндіз бе немесе кешке ме? Сол уақытта дайындал.

2.Материалды қандай жағдайда жақсы түсінесің - бірлесіп (сыныппен, жолдасыңмен) жасағанда ма әлде жеке өзің болғанда ма?

3. Біреулер - естігенін, басқалары- көргенін, үшінші біреулері- жазғанын немесе дауыстап оқығанын есінде жақсы сақтайды, сен ше? Осыны анықтап, сол тәсіл бойынша формулаларды есте сақтауға дағдылан.

4. Ауызша есептер шығаруға дағдылан (тез , бірақ абайлап).

5. Өзіңді байқағыштыққа және есепті талдай білуге жаттықтыр. Білімділік, зейін, байқағыштық өте қажет қасиеттер.

6. Есепті шығаруда өзіңнің мықты жақтарыңды кеңінен пайдаланып, әлсіз жақтарыңды үнемі машықтандыру арқылы жеңе білуге үйренгенің жөн.

7. Бір есепті (өзіңе қиын тиген) қайта - қайта талдай отырып , бірнеше рет шығар. Әрбір шығарған уақытың алдыңғы уақыттан аз болуы тиіс. Есепті шешуге кеткен уақытты белгілеп отыр. Бір есепке 5 минут жіберсең өте нашар, 2 мен 5 минут аралығы жаман емес, ал 2 минуттан аз жұмсасаң жақсы болғаны.

8.Есепті шығарып қана қоймай, ең қысқа жолмен әрі тиімді әдіс қолдана отырып , шығаруға тырыс. Дайындық кезінде бірнеше тәсілді қолданып шығар, оның ішіндегі тиімдісін таңдай біл.Уақытты ұтатын осындай әдістер екенін естен шығарма.

9. Есептің мақсатын біліп ал. Есепті шығаруға ойланбастан кіріспе (мысалы, функцияның анықталу облысына қатысты берілген бе?) себебі , есеп мақсаты оны шешу бағытын іздестіруде басты бағдар береді, сол үшін есеп мақсатын егжей - тегжейлі түсініп алған жөн.

10. Тек тыныштықпен ғана отырып есеп шығармай, даусы қатты шығарылмаған музыка қойып та есеп шығар. Ол сенің зейініңді басқа нәрсе аудара алмайтындай болуға жаттықтырады.

11. . Есепті шешудің ыңғайлы тәсілін таңдап алу оңай емес. Есепті шығару процесі, уақыттың үнемделуі көбінесе оның шешу тәсілінің сәтті таңдап алынуына тәуелді болады. (Мысалы, жанама)

12. Есепті шығарып қана қоймай, өз болжамдарың мен пайымдауларыңды шешу барысында егжей-тегжейлі сипаттап беруге үйрен. Сонда ҰБТ кезінде есіңе тез түседі. Есеп шешуін іздеуде таңдап алынған бағытқа (дұрыс не дұрыс еместігіне) негіздеме беріп отыр.

13. Есепті шығару барысында өздеріңнің ағат жіберген жерлерің мен сәтсіздіктеріңді сипаттап, оларды достарыңмен бірге талқыла, егер есеп шыға қоймаса , онда сәтсіздіктің неден болғанын тауып, түсіндіруге тырыс. Бұның маңызы зор.

14.Есепті шығарғанда шешуді болжам бойынша емес, өзің пайдалы деп ойлаған бағыттар бойынша іздестір. Тапқырлықпен жасалған болжамдарды пайымдау арқылы дәлелдеп отыру керек, осының өзі есеп шығаруда және қажетсіз жұмысты дер кезінде тоқтатуға көп көмектеседі.

15. Берілген есепке кері есеп құрастырып қайта шығар.

16. Берілген есептен туындайтын типтес есеп құрастыр, оны шығар.

17. Берілген есептің шартын ықшамдап өзгертіп, бір есептің орнына басқасын шығар.

18. Есеп шығаруды берілгендерді талдаудан бастау керек. Яғни есеп шығаруды оның мақсатын талдаудан бастау керек.

19. Есеп шартын әбден түсініп алып, оны шешу жоспарын іздестірудің мүмкін бағытын айқында.

20.Көп қолданылмайтын, сирек кездесетін формулаларды (есте сақтауға қиын) қағазға түсіріп алып, жаттап жүр.

21. Есеп шығару арқылы біз үйренуіміз керек және қалай да үйренуге тиістіміз. Ол үшін бір есепті бірнеше рет орындай отырып, аяғына дейін жеткізуіміз керек. Л.Н. Толстойдың өзі шығармаларын неше рет қайта жазып және түзетіп отырған. Сендер үшін де «түзету» «өңдеу» дегенге үйрену ең басты міндет.



ҰБТ тапсыру кезінде

1. Есептің барлығын аяғына дейін шолып шығып қаншалықты есеп таныс екендігін, қанша ұпай жинай алатыныңды бағдарла. Оңайдан күрделіге қарай орында.

2. Есеп шартын әбден түсініп ал , оны шешу жоспарын іздестір. Есеп шығаруды оның мақсатын талдаудан бастау керек.

3.Дайындық кезінде жасаған жаттығуларыңды еске түсір (сасқалақтама) Саспа , асықпа, бірақ тез ойлана отырып есепті шығар. Қобалжуды , толқуыңды бас , өзіңнің «еңбегің мен ақылыңның алып шығарына сен!»

4. Үлкен болсын, кіші болсын, тәжірибесі аз болсын, мол болсын кез-келген сын алдында әрбір адам толқиды, қобалжу сезімін бастан кешіреді. Қандай есептер (қиын ба , таныс емес пе) кездеседі деген қорқыныш басым болады. Алайда оны жеңуге болады. Үлкен дайындықпен келгеніңе, жеңіске жететініңе сен! Өзіңе сәттілік тіле!



© 2010-2022