«Ғажайып математика» математикалық кеш

Мақсаты: 1. Оқушыларға математика тарихымен таныстыра отырып  ауызша, жазбаша есептеу қабілеттерін ойын арқылы жетілдіру; 2. Пәнге қызығушылықтарын арттыра отырып, еске сақтау, дамыту арқылы өз ойларын еркін жеткізе білу дағдысын арттыру; 3. Ұқыптылыққы, байқампаздыққа, төзімділікке, тапқырлыққа, ұйымшылдыққа еңбектенуге тәрбиелеу. Кезеңдері:                                                                                                                         І кезең: «Ұлы математиктердің кездесуі»                                                                               ІІ кезең: «Математика ғажайыптары»                                                                              ІІІ кезең: «Болашақ қазақ математиктері»                                                                       Жүргізуші:  «Ғасыр біліммен ғана алға жылжиды.     Адам біліммен ғана өмір сүреді.                                                                                                                                                                                Адам үрпағымен мың жасайды» - дейді халық.                                                                                – Иә, ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес, миллион жылдар жасап келеді. Тарих жазбасында, халықтың рухани қазын...
Раздел Математика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қарағанды қаласы №76 жалпы білім беретін орта мектептің математика пәні мұғалімі Куржубаева Перизат Амангельдикызы

«Ғажайып математика» атты -математикалық кеш

Мақсаты:

1. Оқушыларға математика тарихымен таныстыра отырып ауызша, жазбаша есептеу қабілеттерін ойын арқылы жетілдіру;

2. Пәнге қызығушылықтарын арттыра отырып, еске сақтау, дамыту арқылы өз ойларын еркін жеткізе білу дағдысын арттыру;

3. Ұқыптылыққы, байқампаздыққа, төзімділікке, тапқырлыққа, ұйымшылдыққа еңбектенуге тәрбиелеу.

Кезеңдері:

І кезең: «Ұлы математиктердің кездесуі» ІІ кезең: «Математика ғажайыптары» ІІІ кезең: «Болашақ қазақ математиктері»

Жүргізуші: «Ғасыр біліммен ғана алға жылжиды. Адам біліммен ғана өмір сүреді. Адам үрпағымен мың жасайды» - дейді халық. - Иә, ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес, миллион жылдар жасап келеді. Тарих жазбасында, халықтың рухани қазынасында айтулылардың айтулысы, жүйріктердің жүйрігі ғана мәңгі ұялап қоныс тебеді. Мың жылдан артық уақыт өтсе де, аты ауыздан - ауызға жатталып, еңбектері уақыттың, мезгілдің қатыгез сынынан мүдірмей өткен, сол адамзат ұлдарының, тарих перзенттері Аристотель, Әбу Насыр Әл Фараби, Пифагор, Евклид, Архимед, Эрастосфен, Әл-Хорезми, Фибаначчи, Галилей т.б. Ғылым тарихына көз салғанда адамзаттың асыл перзенттері ашқан ұлы жаңалықтарға тоқталмай өте алмаймыз, өйткені басқалармен салыстырғанда бұлардың ойлары орасан зор. Таланттары ерекше биік тұрады. Бұлардың ғылыми идеялары болашаққа өзінің нұрын шашады. Математиканы білу ең бірінші математика тарихын білу керек деген сөз тегін айтылмаған. Осыдан мыңдаған жылдар бұрын ұлы математиктер бас қосқан екен. Ұлылардың дауы кім мықты, кім ұлы жаңалық ашқан? (сахана көрініске бейнеленеді Ұлы математиктердің слайды фотоларымен ретімен ашылып тұрады.)

Евклид (330-275)

- Геометрияда патшаларға арналған жол жоқ. Геометрия негізін салушы мен. Бірлік дегеніміз - дүниеде бар нәрселердің әрқайсысын бір тұтас деп есептеуге мүмкіндік беретін ұғым.

Ян Видман (1489 жылы чех математигі)

- плюс және минус таңбаларын енгізген мен едім. Бұл таңбаларсыз өмір қалай сүрмексіздер?

Роберт Рекорд (1510-1558) 1557 жылы ағылшын дәрігері, әрі математигі

- Теңдік белгісін ойлап тауып теңестіруді үйреткен мен емес пе? Готфрид Лейбниц (1698-1684 жылдардағы швейцар математигі) - Көбейту таңбасын және бөлу таңбасын сәйкес түрде ұсынып математика амалдарына жол ашқан мен едім.

Томас Гаррит (1560-1621)(1631 жылы ағылшын математигі) - Үлкен, кіші белгілерсіз қалай салыстырып, тұрмыс жұмысы алдыға жүрер еді? Менің ерекшелігім сонда менің ойлап тапқаным тек математикада ғана емес күнделікті тұрмыс тіршілігіне өте қажет.

Мұхаммед ибн Мұса әл-Хорезми (787-850)

- О, халайық бұл не дау? Мен болсам барлығыңның ойларыңды бір ортаға жинап математикадан «алгебра» атауын дүниеге әкелдім. Галилео Галилей (1564-1642) (Итальян ғалымы физик, механик, математигі)

- Табиғат кітабі математика тілімен жазылған, оның әріптері математикалық белгілер мен геометриялық неше алуан пішіндер, бұларсыз олардың сөзін ұғыну мүмкін емес.

(Осы кезде орта жарып әл-Фараби шығады) Әбу Насыр әл-Фараби (870-950)

- Уа, туыстар бұларың не? Сандар туралы ғылым дегенде қолданбалы сандар және теориялық сандар деген екі ғылымды ұсынамыз. Қолданбалы сандар ғылымы мүмкін болғанша сандардың мөлшерін анықтауға қажет санамалық сандарды зерттейді. Теориялық сандар бұл ғылым заттардың сезім бойынша қабылданып саналуға тиістілерінің барлығының дерексіздендірілуімен қатар сан бұл арада сезім арқылы қабылданатын және қабылданбайтын заттардың барлығы үшін ортақ болып қалады. Осы ғылым барша ғылымдарға етене енеді. Сондықтан барлығыңыздың да, болашаққа ұсынған үлестеріңіз шексіз міне куә болыңыздар, дауласты қойыңыздар. Айналаның барлығы тұнған математика! - деп қолымен жан-жағына нұсқайды.

Жүргізуші: Ән! Жүргізуші:

ІІ кезең. Математика ғажайыптары. Математика тек сандар ғана емес, мұнда басқа да керемет нәрселер аз емес. Енді, математиканың құпия да, тамаша әлеміне куәгер болайық. Математикада оқушы ізденімін қалыптастыруда оқушылар фокус, шапшаң есептерді ұсынады. Барлықтарыңыз белсене қатысып отыруларыңыз сұралады. Қатысып отырған қонақтарға сыйлық үлестіріледі.

1.Математикалық фокус.

1. Саусақтармен жасалатын айлалы әрекет. (көреремендермен ойналады)

Қол саусақтарын тек санау үшін ғана емес, көбейту үшін де пайдалануға болады. Қолдарыңды алдыңа қойда, сол жақтан қарай санай баста. Қайсыбір санды 9-ға көбейту үшін тиісті саусағыңды бүк. Мысалы: 7-ні 9-ға көбейту үшін жетінші саусағыңды бүк. Енді сол жақта - саусақ және оң жақта - саусақ қалды, демек, жауабы 63 болды.

2.Туған күнін туған жылын шығару. (көреремендермен ойналады) Айыңның нөмірін ата, осы санды 4-ке көбейт. Оған 13-ті қосып, оны 25-ке көбейт, одан 200-ді азайт.оған туған айыңның күнін қос. Оны 2-ге көбейт, одан 40-ты азайт. Оны 50-ге көбейт. Оған өз туған жылының соңғы екі санын қос, одан 10500-ді азайт. Сонда алғашқы сандар туған ай, 2-ші цифр туған күн, соңғы туған жылы. 3. Досыңыз сізге қөрсетпей бір қолына 1 теңгені екінші қолына 2 теңгені жасырсын. Сіз оның қай қолында 2 теңге, қай қолында 1 теңге жасырылғанын оп-оңай айтып бере аласыз. Ол үшін оң қолындағы теңгені үш еселе, ал сол қолындағы теңгені екі еселе де, олардың қосындысын маған айт десеңіз. Егер айтқан сан жұп болса 2 теңге оң, ал сол қолында 1 теңге.

Жүргізуші:

4. Қағазбен фокус. (Көреремендермен ойналады)

Бұнда ,яғни ақ қазады (А4),қайшыны ұсынады да осы екі құралды пайдалану арқылы адам бойынан өткізу керек ,Адам пішіні ескерілмейді.

Жүргізуші:

Пантомима биі. Құрметті қонақтар оқушылар сіздерге ыммен математикалық қойылым көрсетеді. Белсене қатысып пантомима биін шешуге шақырамыз. (музыка қойылып тұрады)

ІІІ кезең. «Болашақ қазақ мектептері және математиктері» (көрініс)

1 оқушы: Нұржан қайда кетіп барасың, қазір математика сабағы ғой... 2 оқушы: Бауыржан әбден шаршадым. Мен математика сабағына қатыспаймын. Оны мұғалім біледі, сендерде білесіңдер, миыма түк қонбайды. 1 оқушы: Қызық екенсің, математикасыз қайда барасың? Мына космос ғасырында, мына нарықтық экономика тұсында?

2 оқушы: Өзің ойлашы Бауыржан мен 1-ші сыныптан бастап, апта сайын 4 сағат математика оқып келемін. Міне 10 жыл одан не шықты? Оның менің болашағыма аса қажеті жоқ, менің спортты сүйетінімді білесің. Басыма түк кірмейді, тек түсіме сандар, Пифагор кіріп, жынды ететін болды. Оданда мен қазір жаттығуға баруға дайындалайын. Сау бол!

1 оқушы: Сенікі дұрыс емес, білімнің артық кемі жоқ. Сен қалай спорт пен шұғылданбақшысың? Өзің ойла жаттығу жасағанда уақыт керек, ол сан, ұтыс болса сан керек, қашықтыққа жүгірсең, қалай сен жүгірейін деп едің құрбым-ау, кім саған өлшеп, санау жүргізеді?

2 оқушы: Иә дұрыс айтасың, құрбым! Рахмет саған. Бірақ менің бір ойлаған арманым бар соны мына сыныптастарыммен де бөліскім келіп тұр.

1 оқушы: Айта бер құлағым сенде.

2 оқушы: «Болашақ қазақ математиктері» деген сауалға қандай жауаптары, арман - ниеттері бар екен соны білейік.

Көрініс бойынша пікір-талас ұйымдастырылады. 3 оқушы: Оқу мектепте 5 күндік болса, 6-шы күні өз сүйген ісімізбен айналысайық. 4 оқушы: Шет елдердегідей мектеп берген білімі бойынша, яғни аттестаттағы бағасы мен қалаған оқуына түссе.

5 оқушы: Үйде де, мектепете де қомпьютермен жазып, сызып, есептер шығарып оқысақ. Мектепке оқулық, сумкасыз барсақ. Мұғалімге емес компьютерге жауап берсек.

6 оқушы: Математиканы 5 саусағымдай білсем. 7 оқушы: Мұғалім айтса журналды алда өзіңе баға қой десе ғой. Мен 5 деген баға қойып алушы едім.

3 оқушы: Ол артықтау болмай ма, сен мүмкін 3-ке жауап берсең ше? 7 оқушы: Айтар едім, апай мен осы қашанға дейін 3 ала беремін. Ылғи 3-те 3. Мен арманымды түсіндірер едім.

1 оқушы: Жоқ құрбым, сен шетел мектебінде емес қазақ мектебінде оқып жүрсің. Бері назар қойыңыздар! Барлығымыздың арман - ниеттеріміз мынау ғой.

Болашақ мектеп атты слайд (слайтқа қарап айтып өтеді).

Жүргізуші: Мінеки ІІІ кезеңге куә болдық. Баланың ізденімін қалыптастыруға еркіндік беріп, қолдап, бағыттаушы болсақ, математика сабағында оқушылар білімі арта түседі. Оқущылардың өз бетімен жұмысын қалыптастыру оқушының пәнге деген қызығушылығынан және қажеттілігінен туады. Мектеп оқушыларының өз бетінше жұмыстарын ұйымдастырудың басты формасы - жұмыстарды орындау, ептілік, іскерлік шеберлік дағдысын дамыту. Оқудың белсенді әдістерінің бірі - оқушыларға өз бетімен жұмыс істете білу. Оқушыларды шығармашылыққа, өз бетімен іс - әрекет етуге бағытталған тапсырмалар саны көбейгенде ғана, өз пікірін айта латын, оны дәлелдей білетін, өмірге деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан, үнемі ізденіс үстінде болатын, қоғам дамуына үлес қоса алатын, жан-жақты, жетілген жас ұрпақ өкілдерін дайындай аламыз. Хор. «Ғажайып математика.»

әні -« Егемен Қазақстан» 1. Негізі бар математика, Жалықпай оқып үйрен тек қана. Білімнің ашты көзін тауып, Галелей мен Ковалевская. Қайырмасы: Математиктер ғұлама ғалым, Ойлары ұшқыр білімділер. Келген қонақтар риза болыңдар, Шапалақ ұрып қол соғыңдар. 2. Өнер қуған математикпіз, Келешектің үмітіміз. Бізге сеніп берсеңіз егер, Есебіңізді шешіп тастаймыз. Қайырмасы: Математиктер ғұлама ғалым, Ойлары ұшқыр білімділер. Келген қонақтар риза болыңдар, Шапалақ ұрып қол соғыңдар.

Қатысқан оқушылардың барлығы сахнаға шығады.

© 2010-2022