Ашық сабақ Жай бөлшектерді бөлу

Раздел Математика
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Алпысбаева Шарбану Қалиоллақызы

Астана қаласы Ж.Жабаев атындағы

№4 мектеп-гимназиясының


математика пәні мұғалімі

Пәні: математика

Сынып: 5

Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектерді бөлу

Мақсаты:

  1. Оқушыларға жаңа тақырыпты түсіндіріп, есептер шығартқызу арқылы алғанбілімдерін толықтыру

  2. Ойын элементтері арқылы оқушылардың тақырып бойынша жаттығуларды орындау шеберлігін, ондық бөлшектерге амалдары бойынша біліктерін дамыту

  3. Оқушыларды қоршаған ортаны қорғай білуге табиғатты сүюге баулу болашақ табиғат жанашыры болатын рухани жан дүниесі бай ұрпақ тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Саяхат сабақ

Сабақтың типі: Дәстүрлі емес сабақ

Қолданылған технология: Блум таксономиясы

Пәнаралық байланыс: Экология және дүниетану

Сабақтың көрнекілігі: 1. Слайд-презентация

2. Гүл, жапырақ қималары

3. Сематикалық карта

4. Жетондар



Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Сәлемдесу

2. Сергіту сәті «Цифрлар биі»

3. Топқа бөлу 1-топ « Азайту»,

2 - топ «Қосу»,3-топ «Көбейту»

ІІ. Серуендеу бағыты «Орманға саяхат»

  1. «Жай бөлшектер ағашы»

Жай бөлшектерді қосу, азайту, көбейту ережелері бойынша сұрақтар қою

2. Жаңа тақырыпты түсіндіру

  1. Жай бөлшекті жай бөлшекке бөлу үшін бөлінгіш бөлшекке кері санға көбейту керек.

  2. Аралас санды аралас санға бөлу үшін оларды бұрыс бөлшекке түрінде жазып алып, бөлшекті бөлшекке бөлу ережесін қолдану керек

  3. Бөлінгіш немесе бөлгіш натурал сан болған жағдайда натурал сан бөлімі 1 болатын бөлшек түрінде жазылып, бөлшекті бөлшекке бөлу ережесін қолданылады

ІІ. Табиғат көрінісі «Табиғатты аялайық».

  1. Ауызша есептеу

  2. Оқулықпен жұмыс

№794, 796,799

ІІІ. «Сематикалық карта» ойыны

Ашық сабақ Жай бөлшектерді бөлу

IV. Венн диаграммасы

Жай бөлшектерді көбейту және бөлу бойынша айырмашылығын талдау

V. Тест тапсырма

Ашық сабақ Жай бөлшектерді бөлу

VІ. «Табыс ағаша»

Қызыл алма: Маған сабақ ұнады, Тақырыпты меңгердім

Сары алма: Тақырыпты түсіндім, бірақ есептегенде кезде қиналдым

Жасыл алма: Сабақ маған түсініксіз

VІІ. Баға қою

Жиналған жетондар саны арқылы бағалау

3-5 жетон «3»

5-8 жетон «4»

8 ден жоғары «5»



© 2010-2022