екі өрнектің кубтарының қосындысы мен айырымы сабақ жоспар

Раздел Математика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Екі өрнектің кубтарының қосындысы мен айырымы

Мақсаты:
1) Екі өрнектің кубтарының қосындысы мен айырымының формулаларын, толымсыз квадратын және оларды түрлендіре білуге үйрету;
2) оқушыны ұқыпты тыңдауға, сұрақтарды нақты жауап беруге, практикамен ұштастыруға, тез шешім қабылдай білуге, өз білімін көрсете алу және шығармашылық қабілеттерін ашуға үйрету;
3) оқушыларды алғырлыққа, шапшаңдыққа, тапқырлыққа үйрету

Сабақтың әдісі: баяндау, деңгейлік есептер шығарту
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақтада слайдтар, үлестірмелі карточкалар.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Үй тапсырмасын тексеру
3. Қызығушылығын ояту «Мен білемін»
4. Мағынаны тану (жаңа сабақ)
5. Математика - зерттеудің құралы. (оқулықпен жұмыс)
6. Ой толғаныс. Қателесіп кетпе!
7. Үйге тапсырма беру
8. Сабақты бекіту.
9. Қорытындылау
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру: оқушылармен амандасу, түгендеу.
2. Үй жұмысын тексеру (ауызша) № 210
4) (1-3у)3 - 3(у+3)3 + 10у(у2 - 2)=1 - 9y+27y2-27y3 - 3y3-27y2-81y-81+10y3-20y=-20y3-110y-80=-20*8-110*2-80=-160-220-80=460
№ 211
1) (х+5)3 - (х+1)3= 4(3х2 - 5)
x3+15x2+75x+125 - x3 - 3x2 - 3x - 1=12x2 - 20
12x2+72x+124+20=0
72x=-144 , x=-2
2) (y+4)3+(3y+1)3 - 7y2(4y+9)=-24y2+8
y3+12y2+48y+64+27y3+27y2 +9y+1-28y3-63y2=-24y2+8
-24y2+57y+65=-24y2+8
57y=-57 , y=-1
Мен білемін. Оқушылардың теориялық білімдерін тексеру.
Екі өрнектің квадраттарының айырмасы. а2 - b2 = (a-b) (a+b)
Екі өрнектің айырмасының квадраты. (a - b)2 =a2 - 2ab + b2
Екі өрнектің қосындысының квадраты. (a + b)2=a2 + 2ab + b2
Екі өрнектің қосындысының кубы (a + b)3=a3 + 3a2b + 3ab2 + b3
Екі өрнектің айырмасының кубы. (a - b)3=a3 - 3a2b + 3ab2 - b3

Жаңа сабақ.
Бүгін біз «Қысқаша көбейту формулалары» тарауының тағы бір және соңғы формуласын өткелі отырмыз. Сендер қысқаша көбейтудің көптеген формулаларын білесіңдер. Қысқаша көбейтудің кейбір ережелері осыдан 4 мың жыл бұрын белгілі болған екен. Ол кезде бұл ережелерге анықтама берілген немесе оларды геометриялық түрде бейнелеген. Енді бүгінгі формуламыз: Екі өрнектің кубтарының қосындысы мен айырымы. Оны осы екі топ:
1-топ. Екі өрнектің кубтарының қосындысын
2-топ. Екі өрнектің кубтарының айырымын дәлелдеп, қорғап шығуы керек.
Олай болса 5 мин уақыт беріледі.
Оқулықпен жұмыс.
«А» деңгейі: № 213 2) 1-топ № 214 2) 1-топ 4) 2-топ 6) 1-топ 8) 2-топ

4) 2-топ 6) 1-топ 8) 2-топ

«В» деңгейі: № 218 1) 1-топ 2) 2-топ

«С» деңгейі: № 224 1) 1-топ 2) 2-топ

5. Қателесіп кетпе! (Слайдпен тест жұмысы)
1) Кубтарының қосындысын тап: а3+13
А) (а-1)(а2+а+1) Ә) (а+1)(а2 - а+1) Б) (а+1)(а2 - 2а+1) В) (а+1)(а2 + 2а+1)
2) Бос орынды толтыр: 0,008+а3 = (?+а)(0,04 - ?а+а2)
А) 0,4 Ә) 0,02 Б) 0,2 В) 0,8
3) Көбейткіштерге жікте: t3-27
А) (t-3) (t2+3t+9) Ә) (t+3) (t2-3t+9) Б) (t-3) (t2+6t+9) В) (t+3) (t2-6t+9)
4) (m+2a)(m2- 2am+4a2) өрнегін ықшамдау
A) m3-(2a)3 Ә) m3+(2a)3 Б) m3+2a3 В) m3+(4a)3
5) Өрнектің мәнін табу: а3+23 (мұндағы а=1)
А) 7 Ә) 8 Б) 10 В) 9

Үйге: № 214 1,3,5,7 № 216


Бекіту: Берілген есепті шығарып, 2030 жылдың 1-ші қаңтары қай күн болатынын білу. 2030 01 02

203020302 - 19282
2030 - 10001+1928
Қорытынды: Сонымен балалар біз қысқаша көбейту формулаларды толық меңгердік. Олай болса бізге ол не үшін қажет екен, қандай жағдайда қолданамыз? Онда бұл формулаларды әрдайым есте ұстап, қолданып жүріңдер демек


© 2010-2022