Математика әлемі 7 сыныпқа арналған математика пәнінен курстық бағдарлама

Бұл курстық бағдарламасы 5-7 сыныптың математикасын негізге ала отырыпқұрастырылған.Мектеп оқушыларын есеп шығаруға қызықтыру әдістемесіне жасалған талдау мен синтез арқылы , біз оның математикадан есептер шығару біліктілігінің қалыптасқандығының бірқатар көрсеткіштерін бөліп көрсетуге мүмкіндік алдық.Математика сабақтарында мектеп оқушыларын есеп шығаруға қызықтыру тәжірибесі, математикалық білімдері игеруді қажет етеді.Ұсынылған бағдарламаның басты мақсаты оқушының математика сабақтарында есеп...
Раздел Математика
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:




7 сыныпқа арналған математика пәнінен курстық бағдарлама









Тақырыбы: «Математика әлемі »










Пәнінің мұғалімі: Аралова Нургуль Кабдуовна











Түсінік хат




Қазіргі информатизациялау дәуірінде математиканың негізін меңгеру жас ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеудің бірден - бір негізгі элементі болып табылады.

Математиканың практикалық пайдасы, оның адам тәжірибесінде күнделікті меңгерілетін қарапайым түсініктерден бастап, ғылыми және техникалық идеялды дамыту үшін қажетті күрделі нақты әлемнің фундаментальды құрылымының кеңістік формалары және сандық қатынастарды қамтитын пән болып келуінің шарттарынан шығады.

Бұл бағдарлама мектептегі 7 сынып математика курсының бағдарламасына қосымша ретінде жасалды. Математика курсының мазмұны мынандай тарауларға қарасты. Олар: есептеулер, санау жүйелері,қысқаша көбейту формулалар,рационал бөлшектер , геометрия негіздері.

Жалпы бағдарлама 68 сағатқа бөлінген. Аптасына 2 сағат.









Курстың мақсаты:


  • қазіргі қоғамның әрбір мүшесінің өмірі мен қызметіне қажет, сыбайлас мәндерді меңгерту, білімді әрі қарай дамытуүшін математикалық білім беру мен біліктілігін алуға жүйелі жағдай жасау;

  • оқушының жан-жақты тұлға ретінде өркендеу: логикалық ойлау қабілеті ой өрістің дәлдігі, кеңістіктегі елестеу, алгоритмдік мәдениеті, интуиция, сынау және өзін сынау;

  • математика тәсілдері арқылы тұлғаның мәдениетін тәрбиелеу, атақты математиктердің еңбектерімен танысу, қоғамдық прогресс үшін математиканың алатын орнын білу


Курстың міндеттері:


  • білім берудің жаңа педагогикалық технологияларын енгізіп, оқушының дара ерекшеліктерін саралап дамыта оқытуды жүзеге асыру;

  • оқушыларға сандардың бөлінгіштігін пайдалана отырып, ауызша есептеуді үйрету;

  • айналадағы геометриялық фигураларға өлшеулер жүргізе білу және фигуралардің элементерді білу ;

  • сапалы дүниетанымдық көзқарас қалыптастырып, негізде білім беру, ізденіспен жұмыс істеуін ұйымдастыру, шығармашылық потенциалын қалыптастыру арқылы жалпы мәдениеттілік қызығушылығын дамыту.







Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:

Курсты табысты аяқтаудың нәтижесінде оқушылар:

- есептеудің тиімді тәсілдерін;

- қысқаша көбейту формулаларды практикада қолданылу;

- сөз есептерді бір неше тәсілмен шешуді ;

- логикалық есептерді шешуі;

- есеп шарты бойынша геометрияның фигураның өлшеулерді

шығаруды;

- фигуралардың элементерді білу ;

- шапшаң есептеу орындауды үйреніп шығу керек;









Оқу курсының тақырыптарының мазмұны:

І.Сандардың жиыны (4 сағ)

Жай сандар жиынның шексіздігі. Эйлер шеңбері.

ІІ. Рационал сандар ( 20 сағ)

Шапшаң есептеу тәсілдері (ауызша санау). 1-ге, 5-ке аяқталатын сандардың көбейтуі, 200-ден асқан сандардың көбейтуі. 100-ге, 1000-ға жақындаған сандардың көбейтуі. Бүтін сандарды қосу. Бүтін сандарды азайту. Көп таңбалы сандарды көбейту Процент және пропорция құруға арналған есептер. Қозғалысқа арналған есептер. Бірігіп жұмыс істеуге арналған есептер. Кері есептер құрастыру әдісі. Бөлінгіштікке арналған есептер.

ІІІ.Қысқаша көбейту формулалар (12сағ)

Екі өрнектің квадраттың айырымы .Екі өрнектің қосындысының және айырманың квадраты . Екі өрнектің қосындысының және айырманың кубы.Екі өрнектің кубтарының қосындысы және айырмасы.

IV. Рационал бөлшектер (10 сағ)

Рационал бөлшектерді қысқарту .Рационал бөлшектерге амалдар колдану: қосу , азайту , көбейту , бөлу.Рационал бөлшектерді тепе-тең түрлендіру .

V. Логикалық есептер(10 сағ)


Олимпиаданың есептерді. Кенгуру, Ақбота есептерді қарастырып шығару.

Сіріңке шиімен есептер. Ертегі есептер.

V.Геометрияның негіздері (10сағ)


Кесінді, сәуле бұрыш. Үшбұрыштардың түрлері. Үшбұрыштардың белгілері . Салу есептері.




Тақырыптық - оқу жоспары


7 -сынып


Тақырыбы

Сағат саны

Уақыты

I

Сандардың жиыны

4 сағ


1

Жай сандар жиынның шексіздігі

2


2

Эйлер шеңберлері

2


ІІ

Рационал сандар

20 сағ


1

Шапшаң есептеу тәсілдері

(ауызша санау)

1-ге, 5-ке аяқталатын сандардың көбейтуі, 200- ден асқан сандардың көбейтуі



2


2

100-ге, 1000-ға жақындаған сандардың көбейтуі


2


3

Бүтін сандарды қосу

2


4

Бүтін сандарды азайту

2


5

Көп таңбалы сандарды көбейту

2


6

Процент және пропорция құруға арналған есептер

2


7

Қорытпалар және қоспаларға арналған есептер

2


8

Бірігіп жұмыс істеуге арналған есептер

2


9

Қозғалысқа арналған есептер

2


10

Құюға арналған есептер

2


ІІІ

Қысқаша көбейту формулалар

12 сағ


1

Екі өрнектің квадраттарының айырымы

3


2

Екі өрнектің қосындысының және айырманың квадраты

3


3

Екі өрнектің қосындысының және айырманың кубы

3


4

Екі өрнектің кубтарының қосындысы және айырмы

3


IV.

Рационал бөлшектер

10сағ


1

Рационал бөлшектерді қысқарту

2


2

Рационал бөлшектерді қосу және азайту

2


3

Рационал бөлшектерді көбейту және бөлу

3


4

Рационал бөлшектерді тепе-тең түрлендіру

3


IV.

Логикалық есептер

10 сағ


1

Олимпиаданың есептерді шығару

3


2.

Кенгуру мен Ақботаның есептерді шығару

3


3.

Ертегі есептер

2


4.

Сіріңке шиімен есептер

2


V.

Геометрияның негіздері

10сағ


1.

Кесінді . Сәуле

1


2.

Бұрыштардың өлшемді табу

2


3.

Үшбұрыш .Белгісіз элементерді табу

2


4.

Үшбұрыштың белгілері

3


5.

Салу есептер

2


VII

Қортыңды сабақ

2



Барлығы

68 сағ












Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі


Мұғалімдер үшін:


  1. Басова Л.А, Шубин, Энштейн «Лекции и задачи по математике» Москва: Просвещение, 1981.

  2. Газета «Математика», Приложение к газете «1 сентября» №29,31, 32-2003

  3. Ю. М. Колягин «Сборник задач по алгебре» 6-8 кл.

  4. Кордемский Б.А., Ахадов А.А «Удивительный мир чисел», Москва: Просвещение, 1986

  5. Кострикина Н.П. «Задачи повышенной трудности» Москва: Просвещение, 1980

  6. Қырық қазына (қазақ халқының ауыз есептері).

  7. И.С Петраков «Математические олимпиады школьников»

Оқушылар үшін:

  1. Тест тапсырмалар жинағы (2002-2014 жж)

  2. Печурин Л.Ф «За страницами учебника алгебры» Москва: Просвещение, 1990

  3. Исмаил Акиол «Математика-1»Шың кітап Алматы 2006





© 2010-2022