Конспекты по математику на тему Жазықтықтағы тік бұрышты координаталар жүйесі

Раздел Математика
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Маңғыстау аудандық тамыз маслихаты





Жазықтықтағы тік бұрышты координаталар жүйесі. Координаталары бойынша нүктені салу.










Өткізген:Б.Жұмалиев атындағы мектептің математика пәні мұғалімі Байназарова Р.А









Шетпе 2013ж.

Тақырыбы: Жазықтықтағы тік бұрышты координаталар жүйесі. Координаталары бойынша нүктені салу.

Мақсаты:

  1. Білімділік: Координаталық жазықтық, осьтері, орналасуы туралы түсінік беру. Координаталық жазықтыққа координаталары берілген нүктелерді сала білуге, берілген нүктелердің координаталарын табуға үйреті.

  2. Дамытушылық: Логикалық ой-өрісін, жазу, есте сақтау, сызбамен жұмыс істеу қабілеттерін, дағдаларын дамыту.

  3. Тәрбиелік: Ұғымталдыққа, дәлдікке, ұқыптылыққа, шыдамдылыққа, іскерлікке, нәтиже алуға баулу.

Көрнекілігі: плакаттар, сызғыш, түсті бор, интерактивті тақта.

Түрі: аралас сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап, жеке, ұжымдық

Пән аралық байланыс: информатика, география, әдебиет

Жоспар: 1. Ұйымдастыру

2. Үй тапсырмасын сұрау

3. Қайталау сұрақтары «Білім шыңы»

4. Жаңа тақырып ашу

5. Тақырыпты бекіту

6. Кітаппен жұмыс

7. Сергіту сәті

8. Деңгейлік тапсырмалар

9. Үй тапсырмасы

10. Бағалау

Сабақтың жүрісі:

  1. Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу

  2. Үй тапсырмасы №119 (ауызша тексеру)

  3. «Білім шыңы» ойыны (Баспалдақтағы қайталау сұрақтары бойынша жазықтықтағы түзулерді топтастыру)

    1. Екі түзу қалай қиылысады

    2. Вертикаль бұрыштар

    3. Жазыңқы бұрыш

    4. Перпендикуляр түзулер

    5. Перпендикуляр түзулер жазықтықты неше бұрышқа бөледі?

    6. Тік бұрыш неше градус?

    7. Паралель түзулер

    8. Қай уақытта түзулер тең бұрыш жасап қиылысады?


  1. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Сұрақ: 1. Координаталық түзу дегеніміз не?

2. Координаталық түзуде нүктенің орны

Нүктенің жазықтықтағы орнын анықтау үшін бір ғана сан жеткіліксіз. Мысалы оқушының отырған партасы 1-ші қатардағы 2-ші парта. Карта бойынша әр қаланың жер бетіндегі орнын анықтау. Мысалы Астана қаласы 51°солтүстік ендікте, 72° шығыс бойлықта орналасқан. Ендеше нүктенің жазықтықтағы орны екі санмен анықталады. Сонымен нүктенің жазықтықтағы

орнын анықтау үшін санақ басы 0 нүктесінде жататын қиылысатын перпендикуляр екі координаталық түзуден тік бұрышты координаталық жүйе

құрастырамыз.

Конспекты по математику на тему Жазықтықтағы тік бұрышты координаталар жүйесі

Санақ басы 0 нүктесінде қиылысатын өзара перпендикуляр екі координаталық түзу тік бұрышты координаталар жүйесін құрайды.

Координаталар жүйесі - санақ басы ортақ, бірлік кесінділері бірдей өзара перпендикуляр екі түзу. Тік бұрышты координаталар жүйесі француз математигі Рене Декерттың құрметіне декарттық координаталар жүйесі деп те аталады. Декарт 1637 ж координаталық түзуді енгізіп, теріс және оң сандарға түсінік берді.

Тік бұрышты координаталар жүйесі орналасқан жазықтық координаталық жазықтық координаталық жазықтық деп аталады.

Координаталар сөзі латынның coordinates - қазақша реттелген деген сөзінен алынған. Координаталр осьтері 0х-абцисса, 0у-ордината деп аталады. 0 нүктесі координаталр басы деп аталады.

Берілген нүктенің абциссасы мен ординатасы нүктенің координаталары деп аталады.

0(0;0), А(0;3), В(0;-4), С(3;0), Е(2;0), D(6;4), F(-4;2)

Конспекты по математику на тему Жазықтықтағы тік бұрышты координаталар жүйесіКонспекты по математику на тему Жазықтықтағы тік бұрышты координаталар жүйесі

Координата осьтері жазықтықты 4 бөлікке бөледі. I, II, III, IV ширектері. Әр ширекте нүктенің координаталрының таңбалары өзгеріп отырады. Конспекты по математику на тему Жазықтықтағы тік бұрышты координаталар жүйесі

  1. Кітаппен жұмыс. №1124, 1126, 1128, 1129

Конспекты по математику на тему Жазықтықтағы тік бұрышты координаталар жүйесі1124

  1. x=2, y=3

  2. x=-3, y=1

  3. x=-4, y=-2

  4. x=0, y=-3

  5. x=-1, y=0

  6. x=0, y=5


№1126

А(3;1), В(-3;3), С(-2;-3), Е(1;3), D(4;-1), F(3;-4)

Конспекты по математику на тему Жазықтықтағы тік бұрышты координаталар жүйесі




№1128

А(-3;1), В(2;4), С(3;-3), Е(0;3), D(-4;-5), F(1;-4), L(3;0), N(0;-3), K(-2;0),

Конспекты по математику на тему Жазықтықтағы тік бұрышты координаталар жүйесі

№1129

M(-2;-3), N(2;4), K(-3;4), L(3;1),

Конспекты по математику на тему Жазықтықтағы тік бұрышты координаталар жүйесі

A(1;2)




Сергіту сәті. Оқушылар Қойылған сұрақтың Жауабы дұрыс болса қалдырып алға созады, дұрыс емес болса жоғары көтереді.

1. Өзара қиылыспайтын түзулер перпендикуляр деп аталады.(дұрыс емес)

2 Вертикаль сызылған координаталық ось ордината деп аталады.(дұрыс)

3 Рене Декарт француз математигі .(дұрыс)

4 Түзуге берілген нүктеден бірнеше перпендикуляр жүргізуге болады.(дұрыс емес)

5 Горизанталь сызылған координаталық ось абцисса деп аталады.(дұрыс)

VII.Интерактивті тақтамен жұмыс.Координаталары бойырша нүктені салу.

Қызыл телпек ертегісіне шолу.

Балалар біздер Қызылтелпек ертегісін білеміз.Енді осы ертегідегі Қызылтелпек әжесінің үйіне баруы керек.Әжесіне тамақ апаруы үшін мамасы оған координаталық жазықтық сызып,әрбір белгі соғылған талды нүкте ретінде белгілеп,жолын түсіндіріп,орман ішінен өтуі үшін нұсқап жіберді.Енді сол талдарды табуға көмектесейік.Менің қолымда белгі соғылған талдың координаталары бар,соны бір-бірлеп алып,салып көрсетеміз.

Конспекты по математику на тему Жазықтықтағы тік бұрышты координаталар жүйесіКонспекты по математику на тему Жазықтықтағы тік бұрышты координаталар жүйесіКонспекты по математику на тему Жазықтықтағы тік бұрышты координаталар жүйесі

Қ(-6,0)

Ы(-4,-2)

З(-2,-4)

Ы(0,-6)

Л(1,-4)

Т(3,-2)

Е(4,2)

Л(4,4)

П(5,5)

Е(6,7)

К(7,7)

VIII.Сабақты бекіту. Сөзжұмбақ шешу.

Конспекты по математику на тему Жазықтықтағы тік бұрышты координаталар жүйесі

1.Санақ басы болатын нүкте.

2.Бүтін сандар,оң және теріс бөлшектер қандай сандар жиыны.

3.Координаталық түзудегі санды кескіндейтін нүктенің санақ басынан қашықтығы

4.Шектеусіз периодсыз ондық бөлшектер.

5.Нәрселерді санайтын сандар

6.Қосынды мен белгілі қосылғыш арқылы екінші қосылғышты табу амалы.

7.Оң санға қарама-қарсы сандар

8.Бір бұрыштың екі қабырғасы екінші бұрыштың қабырғасына толықтауыш сәуле болатын бұрыштар қандай бұрыштар.

IX.Сабақты қорытындылау.

X.Үйге тапсырма №1125. «Координаталық жазықтық өмірде бізге керек» атты шығарма жазу.

XI.Оқушылардың білімін бағалау.


Қ(-6,0)

Ы(-4,-2)

З(-2,-4)

Ы(0,-6)

Л(1,-4)

Т(3,-2)

Е(4,2)

Л(4,4)

П(5,5)

Е(6,7) К(7,7)

Конспекты по математику на тему Жазықтықтағы тік бұрышты координаталар жүйесіКонспекты по математику на тему Жазықтықтағы тік бұрышты координаталар жүйесі

© 2010-2022