Сыныптан тыс сабақ

Раздел Математика
Класс 9 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қызықты «Сыныптан тыс сабақ .» математикалық мерекесі

Актанова М.Т, Текелі қаласы

№5 орта мектептің

математика пәнінің мұғалімі

Мақсаты:

  • Халықаралық «Сыныптан тыс сабақ .» саны мерекесін атап өту,

  • «Сыныптан тыс сабақ .» саны туралы қызықты тарихи жаңалықтармен танысу, білімдерін кеңейту

  • Оқушылардың танымдық шығармашылық, ойлау қабілеттерін дамыту

  • Өзін өзі реттеуге, белсенділікке тәрбиелеу

Жүргізілу барысы:

Жүргізуші №1:

Уа, халайық, халайық,

Думанды бір бастайық!

Қалыс құлақ қалмаңдар,

Зейін қойып тыңдаңдар!

Естімеген кімдер бар,

Жаңалықтар бізде бар!

Жүргізуші №2:

Халықаралық «пи» мерекесін Европада жыл сайын 14 наурызда атап өтуді дәстүрге айналдырған екен.

Бұл мерекені біз де атап өтейік!

Жүргізуші №1:

Ұлы ойшыл Архимед,

Өте ерте заманда -ақ

Греция деген қаладан

Ашқан екен жаңалық

Түрлі , түрлі шеңбердің

Ұзындығын өлшеп ақ

Диаметріне бөлгенде

Бір сан шыққан тұрақтап.

Ол не деген сан десең,

«Пи» екен осы аты нақ!

Жүргізуші №2

Үлкенді, кіші шеңберлер

Қанша рет зерттеп қусаңда

« Ғажайып» күйге еніпті

Осындай ғажап «пи» үшін

Қасиетті сан үшін

Таң қалдырған әлемді

Келген екен мереке

Үшінші (3) ай, күні 14

Болсын енді тек есте!

Жүргізуші № 1 Ал,ендеше, қалайық ,құтты болсын мереке!

Жүргізуші № 2 Қарсы алыңыздар , «ПИ» ді ортаға шақырайық! Бүгін бізде қонақта: «Пи»

(«ПИ» белгісін тағынған оқушы «Бузуки» грек әуенімен билеп шығады.) биге барлық оқушылар тізбектеліп қосылады да шеңбер жасап билейді.

Жүргізуші № 1

Құрметті «Пи» ! Бүгінгі мерекеге жиналған қауыммен таныс болыңыз! «Шеңбер» мен «Дөңгелек» топтарының «Ақылдың алтауы» атанған жас математиктері

Жүргізуші №2 Ал, енді осы екі топтың мерекелік сайысын тамашалайық

1 Топтардың таныстырылымдары

«Сыныптан тыс сабақ .» саны туралы ( презентация)

Презентация бойынша «Ақылды қалпақтар» сөйлейді

«Ақылдың алты қалпағын» киген екі топтың мүшелері өз ойларын айтып, жарысады. Екі топтан «ақ қалпақ» киген оқушылар ақпараттар айтады, «сары қалпақ» кигендер маңыздылығын айтады, «жасыл қалпақ» кигендер шығармашылық идеяларын айтады, «қара қалпақ» кигендер сұрақтар қоя отырып, сынайды, сұрақтар қояды, «қызыл қалпақ» кигендер әсерлі сезімдерін айтады, «көк қалпақ» кигендер қорытындылайды.

2) Логикалық тапсырмалар орындау

3) « Кім жылдам?» математикалық сайыс

Әр түрлі пішінді ыдыстардың шеңберінің радиусын есептеу

4 ) Сөзжұмбақтар құру және шешу

5) Математикалық « Пи» әнін тыңдау

6 ) Шығармашылық тапсырма:

«ПИ» математикалық сувенирін жасау

Жүргізуші №1

Міне, біздің «пи» санымыз бар қандай,

Білімге тек ұмтылайық , осылай.

«Өнер менен оқу егіз» дегендей,

Достарымның талаптары бар таудай

Жүргізуші № 2

Бағалайық барымызды күн сайын,

Баға берер өзіміз ғой әрдайым.

«Екі жұлдыз бір тілекті» айтайық

Айтарымыз болсын жақсы, тек дайын!

Қорытынды сөз бағалауға беріледі .

  1. Екі топ өз ара бағалайды. «Екі жұлдыз бір тілек»

  2. Әділ қазылар алқасы

Рефлексия

Кері байланыс сұрақтары:

«Не білдім?», « Не білгім келеді?»

1 Білімді сыныптан тыс жерде қолдануда, өзіндік ізденісте не сәтті болды?

2 Сәтсіз болған әрекеттер болды ма?

3 Қандай тапсырмалар ұнады?

4 Ақпараттарды танып білу қиындық келтірді ме?

5 Келешекте сыныптан тыс сабақтың қандай болғанын қалайсыз?

© 2010-2022