Сайыс сабақ. КӨҢІЛДІ ТАПҚЫРЛАР

Раздел Математика
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Көңілді тапқырлар»

Мақсаты: Оқушылардың математикалық білім деңгейлерін көтеру.

Ойлау қабілеттерін, логикалық ойлау қабілеттерін, жылдамдығын

дамыту. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Оқушыларды топпен жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа, төзімділікке

тәрбиелеу.

Сабақ түрі: сайыс сабақ.

Жүргізуші: Қайырлы күн көрермен!

Сөз бастайын термелетіп өлеңмен

Тәрбиелі, білімді боп әрқашан

Өс ,өркенде қанат жайып кемелден.

Құрметті ұстаздар, оқушылар! 7-ші сынып оқушыларының қатысуымен математика пәні бойынша «Көңілді тапқырлар» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

Бүгінгі сайысымыз ҮІІ бөлімнен тұрады

  1. Топпен таныстыру. 2 мин

  2. Викториналық сұрақтар (брейн ринг) 10 мин

  3. Сергіту сәті (Сөз тапқанға қолқа жоқ) 10 мин

  4. Математикалық жұмбақтар 7 мин

  5. Сәйкестендіру сайысы 8 мин

  6. Сиқырлы төртбұрыштар 2 мин (ән шашу)

  7. Сөзжұмбақ шешу 2 мин

  8. Қорытынды 3 мин

Әділқазылар алқасын сайлау.

Мықты болсаң - алдағыны басып оз,

Мықты болсаң - арттағыны жеткізбе.

Мықты болсаң - тайғанама көк мұзда,

Мықты болсаң - бөгеттерді бұзып өт.

Мықты болсаң - заманыңды көктеп өт - дей отырып сайысқа қатысушы топтармен таныс болайық.

Таныстыру сәті: 1 - топ: «Тапқырлар»

Ұраны: «Қандай сынақ болса-дағы беріспе

Әрқашанда ұмтыла біл жеңіске!»

2 - топ: «Жүйріктер»

Ұраны: «Шыдамды еңбек, алғыр ой,

Анық досың біліп қой!»

Жүргізуші:

Ал, келіңдер,келіңдер,

Біріңе-бірің еріңдер

Білімдеріңді тексеріп

Саудаласып көріңдер. дей келе І турды бастайық Іске сәт!-деп сайысымызды бастайық.

І тур: «Брейн ринг»

1 топ 2 топ

Сұрақтар

Жауабы

Сұрақтар

Жауабы

1

Аудан қандай әріппен белгіленеді?

S

1

Геометрия қандай сөзден шыққан?

Гректің гео -жер, метрио-өлшеу

2

Қиылыспайтын түзулер

параллель

2

Заттарды санауға қажетті сандар

натурал

3

Бірмүшелердің қосындысы

көпмүше

3

Абцисса осьі қалай белгіленеді?

Х

4

Санның жартысы 15 ке тең. Осы санның үштен бірі нешеге тең?

10

4

1 ге 1ді, оған 1,5ды, оған 2 ні,тағыда 2ні,енді 2,5ді қоссақ неше шығады?

10

5

25 пайыз санның қандай бөлігі?

1/4

5

30пайыз санның қандай бөлігі?

1/3

6

Көпбұрыштың барлық қабырғаларының қосындысы

периметр

6

Тауық 1 аяқтап тұрғанда 3 кг. Екі аяқта тұрса қанша?

3кг

7

Квадрат функцияның графигі

парабола

7

Көбейту нәтижесі

Көбейтінді

8

10 ды нолге бөлсе неше шығады

Нолге бөлуге болмайды

Айнымалысы бар теңдік

Теңдеу

9

Алты нолден тұратын санның атауы?

миллион

9

Ең кіші үш орынды сан?

100

10

Қосу амалын өрнектейтін белгі

плюс

10

Геометрияның жазықтықтағы денелерді зерттейтін бөлімі

Планиметрия

2 тур. Сергіту сәт

1 топ Ж А С 2 топ Д О С

Сұрақтар

Сұрақтар

1

Математика пәнін ұнатасың ба?

1

Математика саған не үйретті?

2

Санауды кім үйретті?

2

Геометрия қызық па?

3

Мектепте қандай баға алғың келеді?

3

Есептің жауабын қайдан аласың?

4

Мектепте математика пәні не үшін керек ?

4

Бақылау жұмысын кімнен көшіресің?

5

Есеп шығарғанда ойланасың ба?

5

Келешекте кім боласың?

Жүргізуші:

-Математикалық атаулар мен ұғымдар

Есте болар,құрбылар бәріңнің де

Енді бір сәт солар жайлы жұмбақ шешсек

Артық болмас,бастайық, кезек бізде.

3 тур. Математикалық жұмбақтар.

1 топ.

  1. Киім емес - тігілген бірақ , адам емес- қояды сұрақ. Ол не? (кітап)

  2. Доп емес дөңгелек емес,

Ұқсас бірақ достарым.

Фигура ол ең негізгі,

Дәл жауапты қостадым. (шеңбер)

  1. Айқасқан екі таяқ- тұрады жоқты сұрап. (икс)

  2. Үлкен, кіші сандарды сен

Ажыратқың келсе егер,

Қандай таңба қояр едің

Қане,ойлан куәгер? (теңсіздік)

  1. Нәрселерді санағанда,

Керек ол бізге ауадай.

Айтыңдар бұл қандай сан,

Жан - жағыңа қарамай. (натурал сан)

2 топ.

  1. Екі бұрыш ежелден,

Көрші болған ең тату.

Бірін -бірі толықтырған,

Жазыңқыға бар жақын. (сыбайлас бұрыш)

  1. Нүктеден, екі сәуледен құралған,

Айтшы бұл не екенін. (бұрыш)

  1. Қол сөмкеңде жатады, жұртқа бағаңды айтады. (күнделік)

  2. Қисық, түсі қара,

Туғаннан тілсіз.

Ал сапқа тұрса,

Сөйлері сөзсіз. (әріптер)

  1. Санасаң сан жетпейді нүктелерден

Құралған фигура бар қарапайым

Салу үшін сен оны сызғыш ізде

Бұл не өзі,бар ма, сірә дара пайым. (түзу)

4 тур. «Сәйкестендіру» сайысы.

5 тур. Сиқырлы төртбұрыш

Кестелердегі сандар белгілі бір ереже негізінде жазылған. Сол ережені анықтап, бос тор көздерді толтырыңдар.

16

27

43

29

56

12

56

16

17

21

6 тур. Сөзжұмбақ шешу:

  1. Алымы бөліміне тең немесе алымы бөлімінен үлкен бөлшек.

  2. Бөлшек сызығының астындағы сан.

  3. Бөлшек сызығының үстіндегі сан.

  4. О нүктесінен бірдей қашықтықтағы нүктелерден құралған тұйық сызық.

  5. Ең кіші жай сан.

  6. Координаталық сәуледегі таңдап алынған кесінді.

Сайыс сабақ. КӨҢІЛДІ ТАПҚЫРЛАР

Көңіл бөліп бұл ойынға

Келгендерге көп рахмет

Шын сезінген көрерменге

Мың рахмет,мың рахмет!

Сау болыңыздар.

© 2010-2022