Презентация на тему Координаталық сәуле

Раздел Математика
Класс 5 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ: № 1

Пәні: Математика

Күні: 02.09.2015 ж.

Сыныбы: 5а, 5ә

Сабақтың тақырыбы: Натурал сандар қатары. Натурал сандардың оқылуы және жазылуы.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға натурал сандарды жазу жолдарын үйрете отырып, есеп шығару барысында қолдана білуге машықтандыру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Оқушылардың 4 сыныпта өтілген тақырыптар бойынша алған білімдерін тиянақтау, білімін есеп шығару барысында тексеру, өтілген материал мен жаңа материалды ұштастыру.

Дамытушылық: Оқушылардың қорытынды жасау, нақтылау, жалпылау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту.

Тәрбиелілік: Оқушылар берілген тапсырманы ұқыпты, шапшаң және тиянақты орындауға, ережелерді есте сақтап дұрыс қолдана білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білім, білік және дағдыларын игерту сабағы.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: Тақырыпқа сай үлестірме қағаздары.

Сабақтың әдістері: Түсіндіру, сұрақ - жауап, өз бетімен жұмыс, топпен, жұппен жұмыс, бақылау.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылармен амандасу, танысу, оқушы қатысымына және сынып тазалығына назар аудару.

ІІ. Жаңа материалды игерту.

Санауда қолданылатын 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, ... сандары натурал сандар деп аталады. Натурал сандарды 1 санынан бастап, санау ретімен жазғанда натурал сандар қатары құрылады.

Натурал сандар қатарының мынадай қасиеттері бар:

  1. Натурал сандар қатары 1 санынан басталады;

  2. Әрбір натурал саннан кейін одан 1-ге артық натурал сан бар;

  3. Натурал сандар қатары шектеусіз.

Нөл натурал сандар қатарына жатпайды.

Натурал сандар оңнан солға қарай әрқайсысында үш-үштен цифрлары бар кластарға топталады. Натурал сандар кластары: бірліктер, мыңдар, миллиондар, миллиардтар, триллиондар, квадриллиондар, квинтиллиондар және т.б. Әрбір кластың үш разряды бар: бірліктер разряды, ондықтар разряды және жүздіктер разряды.

Көп таңбалы натурал сандардың оқылу ережесі:

  1. Оңнан солға қарай сандағы әрбір үш цифрды кластарға топтастыру керек.

  2. Сол жағынан бастап әрбір кластағы санды оқып, класс атауын қоса айту керек.

Көп таңбалы натурал санды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жазуға болады. Мысалы, 35 749 = 30000 + 5000 + 700 + 40 + 9 немесе 35 749 = 3*10000 + 5*1000 + 7*100 + 4*10 + 9

Мұндағы 1; 10; 100; 1000; 10000, ... разрядтық бірліктер деп аталады. Кез келген разрядтың әрбір 10 бірлігі одан жоғарғы разрядтың бір бірлігін құрайды. Мысалы: 10 бірлік 1 ондықты; 10 ондық 1 жүздікті; 10 жүздік 1 мыңдықты, т.с.с. құрайды.



ІІІ. Есептер шығару.

№ 3 есеп

  1. 46 870

  2. 315 600

  3. 8 215 734

  4. 246 047 000 505

№4 есеп

  1. 710

  2. 430 060

  3. 508 234

  4. 3 025 006

  5. 32 015 702

№7 есеп

  1. 45; 54; 44; 55

  2. 80; 88

  3. 72; 27; 22; 77

IV. Қортындылау.

  • Натурал сандар не үшін қолданылады?

  • Ең кіші натурал сан неше?

  • Ең үлкен натурал сан бар ма?

V. Үйге тапсырма беру.

Үйге: №8; №9 (7 бет), § 1.1

№ 8 есеп

  1. 7 000

  2. 809 000

  3. 45 406 000

  4. 17 000 000

  5. 218 000 000

  6. 135 000 000 000

№9 есеп

  1. (3377+783) : 8 = 4160 : 8 = 520

  2. (2465-917) : 18 = 1548 : 18 = 86

  3. (1401+975) : 24 = 2376 : 24 = 99

  4. 45 Презентация на тему Координаталық сәуле 28 - 290 = 1260 - 290 = 970

  5. 16 Презентация на тему Координаталық сәуле 39 : 24 + 74 = 26 + 74 = 100

  6. 330 : 22 Презентация на тему Координаталық сәуле 8 - 30 = 120-30 = 90

VI. Бағалау.

Сабаққа белсене араласқан оқушыларды бағалау. Бағаны талдау.


© 2010-2022