МАТЕМАТИКА ПӘНІНЕН ҚҰЗІРЕТТІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДА КІРІКТІРІЛГЕН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУ

              МАТЕМАТИКА ПӘНІНЕН ҚҰЗІРЕТТІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДА КІРІКТІРІЛГЕН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУ     А.К.Искакова Қостанай қаласындағы М.Хәкімжанова атындағы №20 орта мектебінің негізгі деңгей бойынша  сертификатталған                     математика пәнінің мұғалімі          Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері  негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және ...
Раздел Математика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ







Ғылыми - практикалық конференция





МАТЕМАТИКА ПӘНІНЕН ҚҰЗІРЕТТІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДА КІРІКТІРІЛГЕН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУ



Орындаған: Искакова А.К.



МАТЕМАТИКА ПӘНІНЕН ҚҰЗІРЕТТІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДА КІРІКТІРІЛГЕН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУ










Қостанай

Мақсаты: Сабақ барысында оқушылардың коммуникативтік

құзіреттілігін дамытудың жолдарын анықтау

Міндеттері: Коммуникативтік құзіреттіліктің сабақ сапасын

арттырудағы алатын орнын анықтау

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім үшін қажетті жағдайлар жасау; жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыр, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту» деп атап көрсетілген.

Елбасымыз Н.Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер-бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген болатын. Қазіргі заманғы ғылыми - техникалық үрдістің қарқыны, білім беру жүйесінің алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Ең бастысы - өз жұмыс орнына және бүкіл техникалық тізбекте технологияның үздіксіз өзгерістеріне бейімделе алатын орындаушының тұлғасын қалыптастыру міндеті. Біліміне, біліктілігіне, парасатына пайымы сай ұстаз бүгінгі таңда жас ұрпаққа білім беру жүйесінде болып жатқан оң өзгерістерге байыппен қарап, оның заман талабына сай мән-маңызын түсінеді. Әлемдегі озық, бәсекелестікке қабілетті 50 елдің қатарына еніп, өркениетті елдермен иық тіресе тұру міндеті, сайып келгенде, еліміздің ертеңгі азаматтарының қолында.

Сапалы білім алған, танымдылығы жоғары, құзыретті, бәсекелестіктің қайсыбір мықты тегеурініне төтеп бере алатын оқушылар ғана болашақтың кілтін аша алады. Еліміздің жаһандық дүниеде даралануы білімді, жігерлі, ұлттық санасы рухани бай жас ұрпақ арқылы іске асады.

Бүгінгі таңда жалпы орта білім беруді жетілдірудің негізінде құзыретттілік тәсілді алу ұсынылып жүр. Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында да білімге бағытталған мазмұнды құзыретттілік, яғни нәтижеге бағдарланған білім мазмұнына алмастыру қажеттілігі көрсетілген.

Құзыреттілік ұғымы «білім», «білік» және «дағды» (ББД) сияқты ұғымдарды қамтиды. Бірақ бұл ББД-ның жаңаша жай ғана жиынтығы емес. Құзыреттілік оқыту нәтижесін (білім және білік) ғана емес, сонымен бірге ол оқушылырдың шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі мен құндылық бағдарларының жүйесін де көрсетеді. Ол, ең әуелі мектептегі оқыту үрдісінде қалыптасады. Сонымен, оқытудағы құзіреттілік тәсіл білім беру нәтижесі ретіндегі оқыту сапасын қамтамасыз етеді, ал ол өз кезегінде кешенді әдіс-тәсілдерді жүзеге асыруды, мектептегі оқыту сапасын бағалаудың біртұтас жүйесін құруды талап етеді. Демек «құзырет» және «құзыреттілік» ұғымдарын мектептегі педагогикалық тәрибеге енгізу білім берудің мазмұны мен әдістерін өзгертуді, іс-әрекет түрлерін нақтылауды талап етеді.

Нашар ұстаз шындықты қайталайды, жақсы ұстаз сол шындықты дәлелдеуге үйретеді. (А.Дистервег)

Құзыреттілік тәсіл бірінші орынға оқушының хабардарлығын емес, нақты құбылыстарды танып білу мен түсіндіруде; қазіргі заманғы техника мен технологияны игеруде; практикалық өмірде; мамандық таңдау кезінде өзінің кәсіби білім алуға дайындығын бағалауда; еңбек нарығын бағдарлау қажет болғанда; өмірден өз орнын анықтауға; өмір салтын, кикілжіңдерді шешу тәсілдерін таңдауға байланысты мәселелерді шешу қажет болғанда туындайтын өмірлік мәні бар мәселелерді шешу біліктілігін шығарады.

«Құзырлылық», «құзыр» ұғымдарының қолданыстағы білім, білік, дағдыдан айырмасы төмендегідей ажыратылады:

а) білімнен айырмасы - қызмет жөніндегі ақпараттық сипатта емес, өнімді қызмет формасы түрінде байқалады.

ә) дағдыдан айырмасы - оқыған материалды топтастыра, құбылыстарды, заңдылықтарды шығармашылықпен пайдалана отырып өзгерте алатын саналы қызмет.

б) біліктіліктен айырмасы - дағдыға автоматты түрде жету немесе алмастыру емес, керісінше бірнеше пән дағдыларын кіріктіру, жалпы қызмет негіздерін сезіну.

Қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлануына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялармен, жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болып отыр.

Егеменді еліміз әлемдік білім кеңістігінен орын алу мақсатын ұстана отырып, қарыштап нық қадам басып келеді. Өркениетті елдер қатарына көтерілуді көздеген елімізде ғылым мен техника дамып, экономикамыз өрістеп, көзделген мақсаттар мен міндеттерге жол ашылуда. Жаңа ғасыр мұғалімі жаңа нарықтық экономика заманына сай құзырлы болу үшін үнемі ізденіс үстінде болуы қажет. Ғылыми - техникалық прогрестің негізгі белгісі - қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Қоғамды ақпараттандыру - экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі. Осы мәселені шешудегі басты міндет білім беру ордаларына жүктеледі.

Қазақстан Республикасы 12 жылдық білім беру тұжырымдамасында педагог мамандардың кәсіби - тұлғалық құзіреттілігін қалыптастыру басты мақсат екендігін анықтай отырып, 12 жылдық білім беруде педагог төмендегідей құзіреттіліктерді игеру міндетті деп көрсетті.

1. Арнайы құзіреттілік - өзінің кәсіби дамуын жобалай білетін қабілет

2. Әлеуметтік құзіреттілік - кәсіптік қызметімен айналысу қабілеті

3. Білім беру құзіреттілігі - педагогикалық және әлеуметтік психологияның негіздерін қолдана білу қабілеті. Бұл қазіргі ұстаздардан шәкіртті оқытуда, білім беруде, тәрбиелеп өсіруде белгілі бір құзіреттіліктерді бойына сіңірген жеке тұлғаны қалыптастыруды талап етеді.

Соңғы жылдары ғылыми-педагогикалық еңбектерде кәсіби құзыреттілік дайындық сапасына қойылатын талап немесе кәсіби теориялық білімдері мен практикалық біліктілігі, тәжірибеден өткізілген кәсіби маңызды сапасы ретінде қарстырылады. Біздің ойымызша, құзырлылықты білімін, біліктілігін, дағдысын, ең бастысы - тұлға мүмкіндігін бағалаудың критериі мақсатында қарастыру құзырлылық маңызын толық аша бастады. Олай болса, құзырлылық - нәтижеге бағдарланған жаңа білім беру жүйесінің сапалық қасиеті ретінде әлеуметтік және өмірлік көзқарастарды қамтитын құндылықтарды есепке алуы қажет. Құзіреттіліктің негізгі қасиеттері: әлеуметтік көзқарасы, тәжірибесі, интеллектісі, тектілігі болып табылады.

МАТЕМАТИКА ПӘНІНЕН ҚҰЗІРЕТТІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДА КІРІКТІРІЛГЕН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУ

Құзыреттіліктің негізгі сапа белгілері:

  • дүниетанымы,

  • адамгершілігі,

  • еңбекқорлығы,

  • жаңалылығы,

  • қабылдауы,

  • есте сақтауы,

  • дарындылығы болуы шарт.

Белгілі ғалымдар С.Е.Шишов пен В.А.Кальнейдің өскелең ұрпақтың бойына білім мекемелері төмендегідей құзырлылықты қалыптастыруы тиіс деп есептейді:

  • Саяси және әлеуметтік құзырлылықтар. Олар адамның өзіне жауапкершілік ала алуында.

  • Көп мәдениетті қоғамда өмір сүре алуға байланысты құзырлылықтар. Ұлтаралық келісім, басқа мәдениет, өзге ұлт өкілдерін құрметтеу.

  • Жазбаша және ауызша қарым-қатынас жасай алу құзырлылығы. Бұл әрбір адам үшін аса маңызды мәселе, бұған сонымен қатар бірнеше тілді білу де жатқызылады.

  • Ақпараттық қоғамда өмір сүре алуға байланысты құзырлылықтар. Бұл жаңа технологияларды меңгеру, ақпараттар ағынынан қажеттісін таба білу, оған сыни баға беру деген мағынаны береді.

  • Тұлғаның жеке және қоғамдық өмірінің негізі болып табылатын - өмір бойы білім алуға қабілеттілік.

Осыдан, ақпараттық қоғамда өмір сүре алуға байланысты құзырлылықты ескерсек, мұғалімдердің ақпараттық-коммуникациялық құзырлығын қалыптастыру деңгейлері мынандай болады:

Алғашқы деңгей:

- ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану салалары бойынша жалпы түсінік;

- ақпараттық-коммуникациялық технологиямен қарапайым жұмыс жасау тәсілдерін меңгерту.

Алгоритмдік деңгей:

- ақпараттық-коммуникациялық технологияның дидактикалық мүмкіндік-терін меңгерту;

- бағалау мен өзіндік бағалау дағдыларын дамыту.

Эвристикалық деңгей:

- ақпараттық-коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін түрлі ақпараттарды өңдеуде қолдану;

- интерактивтік тақтаның мүмкіндіктерін кез-келген пәндерде электрондық сабақтарды жасақтауға пайдалану;

- өз пәнін сапалы түрде оқытуға педагогикалық технологиялардың ішінен тиімдісін таңдай білу.

Шығармашылық деңгей:

- қолданбалы бағдарламалық құралдармен жұмыс жасау технологиясын меңгерту арқылы оның мүмкіндіктерін оқыту пәндерінің бағдарлы бағытына қолдануға дағдыландыру;

- пәндік олимпиадалардағы есептерді шешудің әдіс-тәсілдерін таңдай білу.

Аталған деңгейлердің даму шыңына жеткен мұғалімді біз апараттық-коммуникациялық құзырлығы қалыптасқан тұлға деп атай аламыз. Осы құзіреттілік қасиеттерді жеке тұлға деп қарастырып отырған баланың бойына дарытуда педагог қауымның арнайы әлеуметтік білім беру құзіреттіліктерінің жан-жақты болуы талап етіледі. Егер педагог өзінің кәсіби өсу жобасын дұрыс жолға қоя отырып, өзінің кәсіптік қызметіне нақты берілу арқылы тұлғаның алған білімін өмірде қолдана білетіндей тапсырмалар жүйесін ұсына алатын жағдайда болғанда ғана оқушы құзіреттілігін қалыптастыруға мүмкіндік табады. Білім сапасы білім, біліктілік, дағды, тұлғаның қасиеттері, қабілеттерімен бағаланса, тұлға педагогикалық объект ретінде меңгерілетін, қалыптасатын адам тәжірибесі ретінде қарастырылады. Өскелең жас ұрпақ ақпараттық мәдениетті, сауатты болу үшін - ақпараттың қажет кезін сезіну, оны тауып алуға, бағалауға және тиімді қолдануға қабілетті, ақпарат сақталатын дәстүрлі және автоматтандырылған құралдарын пайдалана білуі керек. Жалпы, ақпараттық мәдениетiн қалыптастыруда факторлардың екі тобын бөлiп көрсету қажет. Бiрiншiсi - білім алушы оқушылардың ақпараттық мәдениетiн қалыптастыру:

- дербес компьютердің болуы;

- интернет және электронды пошта;

- жалпы оқытылу пәндеріне деген қызығушылық;

- белгілі бір бағыттағы ақпараттық қажеттілік;

- оқушылардың ғылыми шығармашылықпен жұмыстануы.

Екiншi тобына бiлiм беру ұйымдарындағы мамандардың ақпараттық мәдениетiн қалыптастыру жатады:

- білім беру ұйымдарында, оқу кабинеттерінде компьютерлік базаның

болуы;

- педагогикалық қызыметінде коммуникациялық технологияларды

қолдануға деген қызығушылық;

- компьютерлік сауаттылық;

- біліктілік көтеру арнайы курстары;

- электрондық оқу - әдістемелік кешендердің болуы;

Қарастырылып отырған мәселе "Жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" ұғымының пайда болуымен және бiлiм беру саласында компьютердiң қолданыла бастауымен тығыз байланысты. Жаңа ақпараттық технологиялар дегенiмiз - бiлiм беру iсiнде ақпараттарды даярлап, оны бiлiм алушыға беру процесi.

Ғалымдар ақпараттық коммуникациялық құзырлылықты қалыптастырудың базалық, жалпы және кәсiби кезеңдерiн бөлiп көрсетiп, ақпараттық технологияларды оқу қызметiнде қолдану мен кәсіби мiндеттердi шешуде қолданудың ара жiгiн ашып көрсетедi. Бүгінде білім беруді одан әрі ақпараттандырудың кезеңі мазмұндық тұрғыда болады және компьютерлік сауаттылықтан жеке тұлғаның ақпараттық мәдениетінің іргелі операциялық негіздеріне ауысуды білдіреді, мұнда әрбір оқушы ақпаратқа, қазіргі ақпараттық технологияларға назар салып қана қоймай, оны тиімді қолдана білуі, интернет ғаламдық ақпарат желісін пайдалана алуы тиіс. Оқыту ісінің тиімділігі мен сапасы көбінесе өздігінен оқып үйрену процесін тиімді ұйымдастыру мен пайдаланатын материалдардың сапасына тәуелді болады.

Ресей ғалымы Н.В. Кузминаның көзқарасы бойынша «Құзырлылық дегеніміз - педагогтың басқа бір адамның дамуына негіз бола алатын білімділігі мен абыройлылығы деді». Белгілі мақсатқа жету үшін мынандай негізгі факторларды басшылыққа алынады:

-оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу тиімділігін арттыру

-жекелей, жұппен, топпен жұмыс жүргізу

-ойлау қабілетін дамытатын логикалық, сапалық есептер беру

-қабілетіне қарай деңгейлік тапсырмалар беру

-оқушылардың теориялық-практикалық сауаттылығын арттыру. «Коммуникация арқылы адамдар бір-біріне ойын жеткізіп, белгілі бір нәрсені хабарлап қана қоймайды, сонымен қатар олар өзара түсініседі, пікір алмасады, бірінің ойын екіншісі ұғады. Коммуникативтік ойындар технологиясына үнемшілдік, алгоритмдік, жобалаушылық, тұтастылық, басқарушылық, демократиялылық, нәтижелілік секілді сипаттар тән.

Алынған тақырыпты басшылыққа ала отыра және істелінген жұмыстарды қорытындылай келе өзін-өзі бағалай білетін, шығармашылық деңгейі жоғары жан-жақты тұлға қалыптастыра отыра, оқушының білім сапасын көтеріп, алған білімдерін өмірмен ұштастыруға бағыт беріп оқушы кұзырлығын дамытуға болады.

Қазіргі кездегі білім берудегі мұғалімнің мақсаты білім мазмұнын игеруге және оны өзінің жеке білімдік капиталына енгізуге арналған ақпараттық ортадағы берілген мүмкіндіктерді қолдану болып саналады. Мына заманда біздің оқушылардың алдына қойылатын талаптар да күннен-күнге, жылдан-жылға өсуде. Заман талабы оқушылардың бойында түйінді құзыреттіліктерді қалыптастыру болып табылады.

Әрбір пән оқушыға қажет білім, білік, дағды қалыптастырса да, оқушы жеке тұлға ретінде өзін-өзі танытуда. өз мақсатына жету жолында жалпы өмір тәжірибесінде жинақталған әмбебап білім, білік пен дағдыға сүйенеді. Бұл жалпы құзіреттілікке алып келеді.

Пәнаралық байланыс пен оқушы бойында жалпы құзіреттілікті қалыптастыруда тікелей байланыс бар. Оқу бағдарламаларында әр пәннің қалыптастыратын білім, білік, дағды мөлшері жеке анықталса да, тұлғаның өмір сүру аймағында олар өзара байланысты құзіреттілікке ие болады. Өйткені оқушы өмірлік мәселелермен кездескенде, әрбір пәннен алған білімін саралап жатпай, бойындағы интегративті білімнің кең, жалпы әлуеті мен дағдысын пайдаланады.

Ұлы Абайдың «Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі - көкірегі байлаулы берік болуы керек; екінші сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтләну (үлгі) керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; төртінші ой-кеселді нәрселерден қашық болу керек» деген пікірінде оқушының жалпы құзіреттілігін қалыптастыру мәселесі жатыр.

Яғни оқушы ақыл (таным) арқылы ғылымды игереді. Ғылымды игеру үшін ол тек қабылдаушы ғана емес, өзінің танымдық қызметін ретке келтіруші, танымдық үрдістің өн бойында және оның нәтижесінде рефлексия жасаушы дәрежесіне көтеріледі. Білім берудің қазіргі тұжырымдамасы болашақта кәсіби қызметі барысында тиімді түрде жүзеге асыру қабілеттілігі бар тұлғаны қалыптастыру мақсатын көздейді.

Коммуникативтік технология деп оқуға қатысушылардың барлығын және мүмкін болған құрал-жабдықтар мен ақпараттардың барлығын қатыстыра отырып өзара белсенді оқу үрдісін құруды айтады. Қолданылатын жұмыс түрлері: ынтымақтастықта оқу (оқытушы мен оқушылар), жұптық оқыту (оқушылардың екеуара бірін-бірі оқытуы), топтық құрамда жұмыс істеу (топтардың құрамы өзгеріп отыруы шарт), оқу тілдік диалог (өзара пікір алысу).

Коммуникативтік әдіс

  1. Жұптық

  2. Топтық

  3. Ұжымдық

Коммуникативтік әдістердің принциптері

  1. тілдік бағыттар

  2. функционалдық

  3. оқиғалық

  4. жаңашылдық

  5. қарым-қатынастық дербестік бағыттар

Коммуникация сөзінің негізгі мазмұны жалпы қарым-қатынас, араласу, хабарласу, байланыс деген сияқты мағына білдіре келіп, адамдардың арасындағы қарым-қатынасты, өзара түсінушілікті көрсетеді. Осыдан барып «коммуникабельдік», түсінушілік деген сөздер мен ұғымдар пайда бола бастады. Коммуникация- қарым-қатынас, өзара байланыс деген ұғымды білдіреді.

Оқытудың технологияларын біріктіру, оларды тиімді пайдалану жұмысы үшін көптеген ізденіс жұмыстарын жүргізу алынар асу, тағы бір белес екенін есте сақтағанымыз жөн. Ал, сол белестерді бағындыру жолында үлкен жұмыстар атқару - әрбір ұстаздың азаматтық парызы.

Тәуелсіз ел тірегі - білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселе - білім беру, ғылымды дамыту. Өркениет біткеннің өзегі,тағылым, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ. Осы орайда білім ордасы - мектеп, ал мектептің жаны - мұғалімдердің басты міндеті - өз ұлтының тарихын, мәдениетін, тілін қастерлей және оны жалпы азаматтық деңгейдегі рухани құндылықтарға ұштастыра білетін тұлға тәрбиелеу.

Әр күні өзгеріске толы бүгінгі жауапты кезеңде замана көшінен қалып қоймай уақыт талабына сай ертеңгі болашақ жас ұрпақты білімді етіп тәрбиелеу ұстаздарға зор жауапкершілікті жүктейді. Сол талапқа сай болу біздің міндетіміз.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. Алматы-2008

2. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы.

3. Б.А. Тұрғанбекова «Мұғалімнің шығармашылық әлеуетін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту: теория және тәжірибе» Алматы-2005

4. К.Құдайбергенова «Құзырлылық - тұлға дамуының сапалық критерийі»

5. С. Т. Мухамбетжанова «Білім беру мекемелері қызметкерлерін АКТ сала-

сы бойынша ғылыми-әдістемелік негіздері» Алматы, 2007ж.


© 2010-2022