Жай бөлшектер мен ондық бөлшектерді қосу және азайту

Раздел Математика
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Семей қаласыЖай бөлшектер мен ондық бөлшектерді қосу және азайту.

47 орта мектебінің

математика пәнінің мұғалімі

Мусралимова Сайрамгул Майтұрсынқызы


Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектер мен ондық бөлшектерді қосу және азайту.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Жай бөлшектер мен ондық бөлшектерді қосу және азайтуды меңгерту және жүйелеу. Ондық бөлшектердің жай бөлшектермен, жай бөлшектердің ондық бөлшектермен жазылуын және оқылуын үйрету. Біліктерін логикалық оймен іске асыра білу.

Дамытушылық: Ойлау қабілеттерін, өз беттерімен жұмыс жасауын дамыту, математикаға деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: Алған білімдеріне жауапкершілікпен қарауға, өз мүмкіндігіне сенуге, үлкен жетістікке ұмтылуға үйрету.

Сабақ типі: жаңа материалды игерту

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақ жабдығы: интерактивті тақта, презентация, оқулық, тапсырмалар жазылған топтамалар.

Сабақ әдісі: сұрақ -жауап, баяндау ,әңгімелесе отырып түсіндіру,есептер шығару.

Сабақтың өту жоспары:

Ұйымдастыру бөлімі.

а) оқушылармен сәлемдесу;

ә) оқушыларды түгендеу;

б) оқушылардың назарын сабаққа аудару

Үй жұмысын тексеру. Өтілген тақырыптарға шолу есептері.

Жаңа тақырыпты түсіндіру. Жаттығу жұмыстары. А , В деңгейінің тапсырмалары.

Сергіту сәті.

Үйге тапсырма.

Бағалау.

Үй жұмысын тексеру.

№957

2) 4,2х+5,3у+2,6у+1,8х=(4,2+1,8)х+(5,3+2,6)у= 6х+7,9у

4) 12,75а+1,85в+9,55а+3,5в= (12,75+9,55)а + (1,85+ 3,5)в = 22,3а+5,35в

№978

2) у-8,3=8,07+11

4) m -5,3= 21,7+0,613

6) k-6,7=0,333+0,965 у=27,37 m=27,613 k=7,998

№995 Берілгені: Бассейннің 0,75 бөлігі су. Бассейннің қандай бөлігі бос?

1-0,75=0,25

Ж:Бассейннің 0, 25 бөлігі бос.

Өтілген тақырыптарға шолу есептері

«Оқылуына сәйкес санды тап»

(сандарды дұрыс тапса, сандардың астындағы әріптерден ең кішкентай құстың атын оқиды)

Екі бүтін оннан бес 2,05 Т 2,5 К 2,005 П

Ноль бүтін мыңнан екі 0,002 О 0,02 Е 0,2 У

Үш бүтін мыңнан елу бес 3,55 Д 30,55 В 3,055 Л

Он алты бүтін жүзден жеті 16,007 А 16,7 Е 16,07 И

Он сегіз бүтін жүзден тоғыз 18,9 Ш 18,09 Б 18,009 В

Бес бүтін онмыңнан қырық бес 5,0045 Р 5,045 У 5,45 И

Отыз төрт бүтін мыңнан жүз бес 34,0105 В 34,105 И 34,15 М

Колибри - әлемдегі ең кішкентай құс. Оның көлемі түкті арамен бірдей, ал салмағы 1,5 -2 грамм.

«Кім қырағы?»

(тақтада көрсетілген амалдардағы өшіріліп қалған үтірлерді қою қажет) 48+22 7 945-545 4 11+3308 4408 53-117 413 12+92 212

Жаңа тақырып мазмұны.

Жай бөлшектер мен ондық бөлшектерді қосу немесе азайту үшін жай бөлшектерді ондық бөлшекке келтіріп жазып ондағы аттас разрядтарды бірінің астында бірі тұратындай ( үтірдің астына үтір тура келетіндей) етіп, баған түрінде жазып, разрядтары бойынша қосу немесе азайту керек; Мысалы: 25,7-10 3/20+35=25,7-10,15+35=50,55

Жай бөлшектер мен ондық бөлшектерді қосу немесе азайту үшін ондық бөлшекті жай бөлшек түрінде жазып жай бөлшектерді қосу немесе азайту ережесін пайдаланып есептеуге болады.

Мысалы: 7 5/12+32,5-31/3=75/12+321/2-31/3=(7+32-3)+((5+6-4)/12)=367/12

«Сен білесің бе?» (блок - схемадағы есепті шешу)

Кенгурудің неше метр биіктікке секіретінін білгілерің келе ме?

Ендеше мына блок-схема көмегімен есептеуді дұрыс орындасаң, жауабын білетін боласыңдар.

(жауабы: 8 метрден 10 метрге дейін )

Жаттығулар орындау.

№966 тақтары

1/10+3,4=0,1+3,4=3,5

1/4+0,17=1,25+0,17=1,42

№967

№969

№993

Сергіту сәті.

(математикалық жаттығу жасау) Қолдарыңызды белге қойыңыздар.

Жауабы дұрыс болса оңға бұрыласыңдар,қате болса- солға бұрыласыңдар.

«Ең жүйрік жануар» (теңдеуді шешу)

Бұл теңдеуді ең бірінші болып шешкен оқушы ең жүйрік жануарды жариялайтын болады.

Гепард - ең жылдам сүтқоректі жануар. Өз жемін аулағанда ол 120 км/сағ жылдамдыққа дейін жүгіре алады.

Сабақты қорытындылау.

Үйге тапсырма: №967,969,993 есептердің жұптары.

Оқушыларды бағалау.

© 2010-2022