Арифметикалық прогрессия тақырыбына қысқа мерзімді жоспар

"Арифметикалық прогрессия"тақырыбына қысқа мерзімді жоспар Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөніЕржановаНургулТуремуратовна9 «А» - сыныбы12 оқушы БҚОТеректі ауданыАңқаты ЖОББМКүні24.11.2014 ж2-сабақСабақтың атауыАрифметикалық прогрессия СілтемеАлгебра 9- сынып, слайдтарЖалпы мақсатыСан тізбегі ретінде арифметикалық прогрессияның қасиеттерін есептер шығаруда қолдана білуге үйренуМіндеттер Алған білімдерін есептер шығаруда қолдана білуге үйрету.Күнделікті өмірде қолдана білу, мәндерін ажырат...
Раздел Математика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

"Арифметикалық прогрессия"

тақырыбына қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні

Ержанова

Нургул

Туремуратовна

9 «А» - сыныбы

12 оқушы


БҚО

Теректі ауданы

Аңқаты ЖОББМ

Күні

24.11.2014 ж

2-сабақ

Сабақтың атауы

Арифметикалық прогрессия

Сілтеме

Алгебра 9- сынып, слайдтар

Жалпы мақсаты

Сан тізбегі ретінде арифметикалық прогрессияның қасиеттерін есептер шығаруда қолдана білуге үйрену

Міндеттер


Алған білімдерін есептер шығаруда қолдана білуге үйрету.

Күнделікті өмірде қолдана білу, мәндерін ажырата білу

Мұғалім үшін оқу нәтижелері

Оқуға бағыт-бағдар беру;

Топта жұмыс істеу арқылы аталған тақырыпты меңгеріп шығу;

Оқушылардың өзін және достарын бағалау мүмкіндіктерін жасау

Әдіс- тәсілдер

Жұпта жұмыс істеу, диалогтік оқыту, сыни тұрғыдан ойлау, өзін-өзі бағалау, топпен жұмыс, сұрақ-жауап, талдау, қорыту, деңгейлеп саралап оқыту

Сабақтың түрі

Қайталау, қорытындылау сабағы

Сабақтың көрнекілігі

тақырыпқа сай слайдтар, үлестірме парақтар, топтық тапсырмалар жазылған плакаттар, бағалау парағы

Күтілетін нәтиже

Формулаларды есептеу жұмыстарында пайдалануды үйренеді;

Күнделікті қоршаған ортадан мысалдар келтіреді және мәндерін ажырата білуге дағдыланады

Ұйымдастыру

кезеңі


5 мин

Сәлемдесу: Қайырлы күн, қымбатты балалар! Бүгін мен сендерді ерекше көңіл-күймен қарсы алып тұрмын. Сендер үшін бір керемет әрі жақсы нәрсе жасағым келіп тұр. Кәнеки, өзіміздің шаттық шеңберімізде тұрып, «сиқырлы таяқшаны» бір-бірімізге бере отырып, жақсы сөздер мен игілікті тілектер айтайық. Осы таяқшаның көмегімен біз мейірімді сиқыршыға айналамыз. Балалар, мен өзімнің тілегімді айтайын:

Бақыт, шаттық тілеймін,

Шын жүректен баршаңа.

− Ал енді мен «сиқырлы таяқшаны» берейін, сендер достарыңа не тілегің келеді?

Балалар бір-біріне «сиқырлы таяқшаны» бере отырып, өздерінің игілікті тілектерін айтады.

- Жарайсыңдар, балалар! Енді, достарың сендерге жақсы тілектер айтып жатқанда қандай күйде болғандарыңды айта қойыңдаршы?

Рақмет! Біз сондай жақсы сөздер, жылы-жылы лебіздер естідік! Олардың бәрі орындалады, өйткені сендер доссыңдар және оның бәрін шын жүректен айттыңдар.

Сабақтың барысы

2. Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті 33 мин

Ой-қозғау-3мин.

Математикалық диктант

1. Сан тізбегі дегеніміз .......

2.Сан тізбегі.............. тәсілдерімен беріледі

3........... сан тізбегін арифметикалық прогрессия деп атаймыз

4.Арифметикалық прогрессияның айырымы деп .............санды айтамыз

Оқушылар жеке жұмыстанады, орындап болған соң көршілерімен дәптерлерін алмастырып тексереді

«Ұтқыр ойдан ұтымды жауап» ауызша жаттығу

Сұрақтарға ауызша жауап береді

Ауызша жаттығулар

Ауызша есептейміз
"Тапқыр болсаң тауып көр"

2. Өсу ретімен алынған жұп сандар тізбегі: 2, 4, 6, ...1. Өсу ретімен алынған тақ сандар тізбегі: 1; 3; 5; 7; 9; . .

Тізбектерді ажыратып алу

3; 6; 12; 24: ....

800; 1100; 1400; 1700; 2000; 2300; ...

1; 4; 7; 10; 13; ......

4;12;36;...

40; 20; 10; 5; 2,5; ....

3; 0; -3; -6; -9; .....

1; 3;9 ;27 ; ....

4; 12; 36; 108; ...

2; 4; 8; 16; 32; ....

Оқулықпен және тақтамен жұмыс қатар жүріп отырады.

Деңгейлік тапсырмалар 20мин.

9сыныпқа арналған емтихан жинағының 6-бөлімінен тапсырма беріледі

Балалар тақтада (тура) шамалар өзгерістерінің тура мағынасы берілген және оған қарама-қарсы мағынасын тауып жазады.

Бекіту 5 мин

3. Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

тест жұмысы

І топқа берілетін тапсырма

1) (Аn)-арифметикалық прогрессия

а1= -3 және d =11, а11 мүшесін есептеңдер

а)100; ә)107; в)103; с)105

2) (Аn)- тізбегі арифметикалық прогрессия

а11 = 15, а3= 20 болғандағы d мен а1 ді есептеңдер

а) 5; 10; ә) 5; 5; в) 5; -10; с) -5; 10

3)Арифметикалық прогрессияның а1 мүшесін табыңдар

а15 = 219, d = 14

а) -23; ә) 24; в) 23; с) -24

4) Арифметикалық прогрессияның а9 мүшесін табыңдар

0,2; 1;

а) 6,6; ә) 5; в) 5,6; с) 6

5) Арифметикалық прогрессияның қасиетін пайдаланып қай мүшесін табуға болады және нешеге тең

а4 = 3; а6= 7

а) 5; ә) 6; в) 4; с) 5,5

6) Арифметикалық прогрессияның алғашқы 10 мүшесінің қосындысын есептеңдер 10; 8;

а) 190; ә) -190; в) 10; с) 1; е) -10

ІІ топқа берілетін тапсырма

1) (Аn)-арифметикалық прогрессия

а1= 0,8 және d =-0,2 ; а11 мүшесін табыңдар

а) 1,2; ә) -1,2; в)1,3; с) 1,5

2) (Аn)- тізбегі арифметикалық прогрессия

а3 = -17; а4= 10,5 болғандағы d мен а1 ді табыңдар

а) 6,5; 4; ә) -27,5;72; в) 27,5; -72; с) -6,5;-4

3) Арифметикалық прогрессияның а1 мүшесін табыңдар

а99=989 ; d = -100

а) 10089; ә) -10089; в) -1089; с) 1089

4) Арифметикалық прогрессияның а9 мүшесін табыңдар

1; -1; ...

а) 15; ә) -15; в) 10; с) -10

5) Арифметикалық прогрессияның қасиетін пайдаланып қай мүшесін табуға болады және нешеге тең

а8= -2 және а9= 12

а)-5; ә) -6; в) 5; с) 6

6) Арифметикалық прогрессияның алғашқы бес мүшесінің қосындысын табыңдар а1= -10; d= 2;

а) -28; ә) -70; в) 70; с) -30; е) 39

Оқушылар тест бойынша дәптерлеріне жауап береді, бірін-бірі тексереді

Бағалау 3 мин

4. Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сабақты қорытындылау: Топ жетекшілерінің өз тобындағы білімін бағалауын тындау, оқушылардың білімін бағалау, үйге тапсырма беру.

Қорытынды бағаны шығару

Топтағы оқушылар бірін-бірі келесі критерийлер бойынша бағалайды:

Білімділігі

Ойлау жылдамдығы

Математикалық тілі

Топпен жұмыс жасауы

Жекелей жұмыс жасауы

Үйге тапсырма 1 мин

5. Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Үй тапсырмасын беру: 1) Формула жаттау

2) математика 2013 тест кітапшасынан 2/21, 3/22, 4/21, 5/21, 6/21 есептерді шығару

Оқушылар күнделіктерін ашып бағалау парағындағы бағаларын қояды, үйге тапсырманы жазып алады.

Рефлексия (кері байланыс): 1 мин

6. Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

«Менің түйгенім»

Оқушылар өз ойларын жалғастырады.


© 2010-2022