Арифметикалық прогрессия для 9 класса

Раздел Математика
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Арифметикалық прогрессия для 9 классаАрифметикалық прогрессия для 9 класса«Бекітемін»

________________

Оқу ісінің меңгерушісі

« 27 » қараша 2013 ж

Пән аты: Алгебра

Сынып: 9 «А»

Сабақтың тақырыбы

Арифметикалық прогрессияның n - ші мүшесінің формуласы.

Жалпы мақсаты

  • Тақырып бойынша берілген анықтама мен ережелерді қайталау

  • Тақырып бойынша алған білімдерін бекіту

  • Есеп шығаруда формулаларды пайдалана білуін байқау

  • Есептеу қабылетін, пәнге деген қызығушылығын нығайту

  • Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру

Күтілетін нәтижелер

  • Топтық жұмыстың белсенділігі

  • Оқушылардың шығармашылығын дамыту

  • Сұрақтар қою

Сабақ түрі

Шығармашылық сабақ

Тапсырмалар

  • Топқа бөліну (оқушыларға бір - бір бұлтшалар таратылады, бұлтшаларда жазылған есепті шығарып, шыққан мәні бойынша топқа бөлінеді)

  • Ватманға сұрақтарын жазу

  • Формуланы табу

  • Ауызша есептер шығару

  • Алгоритмдік деңгейін орындау

  • Математикалық жәрмеңке тапсырмасын орындау

  • Тест жұмысы

Керекті жабдықтар

Оқулық, бағалау парағы, интерактивті тақта арқылы презентация, стикерлер, тест жинақшалары мен мемлекеттік емтиханға дайындық кітапшасы.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Кіріспе

Ұйымдастыру бөлімі: оқушылармен амандасу, түгендеу, сыныпты 3 топқа бөлу, топ басшыларын сайлау, топ жұмысының бағалау парағын үлестіру.

І. Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушылар жоқ оқушыларды айтады, топқа бөлінеді және бұлтшалар арқылы ынтымақтастық атмосфера құрады. Топ басшысын сайлайды.

Оқушылар алдын ала бір - бірін тексереді. Егер орындалмаған есептері болса, орындаған оқушы шығару жолын түсіндіріп талдайды.

Тұсау кесер

Өткен тақырыпты қайталай отырып, бүгінгі сабақта тақырып бойынша алған білімімізді әр түрлі тапсырмалар бойынша ойымызды жинақтаймыз.

Оқушылар тыңдайды. Оқушылар өткен тақырыпты естеріне түсіреді. Оқушылар топтасып, тапсырмаларға жауап беруге дайындалады.

Негізгі бөлім

ІІ. Ұшқыр ойдан - ұтымды жауап.

(Топтар арасындағы диалог.)

Ватманға жазған сұрақтарды ілемін.

ІІІ. Танымдық деңгей.

А) Формуланы тап.

Ә) Ауызша есептер шығару.

(Слайдта көрсетіліп тұрады)

ІV. Алгоритмдік деңгей.

(Әр топқа ҰБТ - ға дайындық кітапшасынан алынған бір есептен беріледі.)

V. Эвристикалық деңгей.

А) Математикалық жәрмеңке.

Ә) Тест жұмысы.

Тесттің жауабын интерактивті тақтада беріледі.

Өздері дайындап келген сұрақтарын біріктіріп, ватманға жазып, қарсылас топтарға сұрақтарын қояды.

Осы тақырыптан алған білімдерін пайдалана отырып әр оқушы өз жауаптарын ортаға салады. Топтар жарыса отырып орындайды.

Оқушылар берілген есепті топта талқылап, ватманға орындайды да ортаға шығып түсіндіреді.

Оқушылар әр деңгейдегі есептерді таңдап алып, өз беттерімен орындайды және топ арасында бір - бірін тексереді.

Тест жұмысын топпен орындайды да әр топ бір - бірінікін тексереді.

Қорытынды

Ендеше, бүгінгі сабағымызды қорытындылай келе, өз жұмысымызға қошемет білдіріп, қол соғып қоялық және бағалау жүргізейік.

Үйге тапсырма: № Шыныбеков.

Рефлексия. Оқушыларға стиккерлер таратылады.

Жақсы қатынасқан оқушылар мадақталады. Топ басшылары анықтамасы берілген топтық бағалау жүргізеді, критерийлер бойынша бағалайды, мұғалімге ұсынады.

Берілген стикерлерді толтырып, баспалдаққа жабыстырады.






Талдау

Сабақтың өзіндік талдауы

Сабақтың кіріспе бөлімінде оқушыларды ұйымдастыру сәті өтті. Алдымен үй тапсырмасы бойынша жұмыстар жүргізілді. Бүгінгі сабақта сұрақтарды төмен деңгейліден, жоғары деңгейліге бағытталуы бойынша қоюға тырыстым. Негізгі бөлімінде оқушыларға сыни ойлауға түрткі болған формуланы тап, ауызша есептер сәтті болды деп айта аламын, өйткені оқушылар қойылған жетелеуші сұрақтарға белсенді жауап беруге тырысты. Топтарға тапсырмалар берілген кезде оқушылардың жеке ерекшеліктері ескерілді. Сыныптың басым бөлігінің сабаққа дайын екендігін байқадым. Ішінара сұраққа жауап бере алмағандар да болды. Сабақты бекіту үшін деңгейлі тапсырмалар беріліп, оқушылардың бәрі жұмыс істеді. Сабақтың бұл тұсы сәтті болды, себебі оқушылардың барлығы қамтылды. Үнемі оқушылардың қатесін бағыттау арқылы өздеріне тапқызуға қол жеткіздім. Критериалды бағалау туралы оқушыларға түсінік бере отырып, бірін - бірі бағалаттым, ол оқушылар үшін маңызды болып көрінді.

Тәжірибелік сабақты бағалау

Күтілетін нәтижеге жете алдым, ол оқушылардың жауабынан, іс - әрекеттерінен көрінді, дағдының дұрыс қалыптасуының әсерінен оқушыларда түсінбеушіліктер болды, уақыт үнемдеушілікті әлі де үйрету қажет.

Сабақ бойынша өзгертулер

Әлі де сыныптың ынтымақтастық атмосферасын толыққанды қалыптастыру, кейбір оқушыларды назардан тыс қалдырмау. Дарынды және талантты балалармен жұмыс түрлерін нақтылау.

























Топта жұмыс істеу ережелері:


1

Тәртіпті сақтау

2

Тыныштықты сақтау

3

Кезекпен сөйлеу

4

Бір - бірін құрметтеу

5

Белсенді болу

6

Бір - бірін тыңдау

7

Бір - біріне көмектесу

8

Көмек сұрау

9

Бір - бірін түсіну

10

Шығармашылықпен жұмыс істеу

11

Бір шешім қабылдау




Топ мүшелерінің жұмысын бағалау

Критериилер

Ұпай

Топта жұмыс істей білуі (жұмыс барысын талдау, берілген тапсырманы орындау)

1

Жұмыс барысында өзіңнің жеке қасиеттеріңді көрсетіп, жауапкершілікпен қарау

1

Басқалардың ойын тыңдай білу

1

Берілген тапсырманы орындау барысында сөйлеу мәнерін көрсету

1

Берілген істі шығарма-шылықпен орындай алу

1

Жіберілген қателікті өздігінен шеше білу, өзіндік бағалау, өзіндік басқарудың болуы

1

6


© 2010-2022