Санды теңдіктер. Тура санды теңдіктердің қасиеттері 6 сынып

Раздел Математика
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Безродных атындағы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын

орталығы бар мемлекеттік мекемесі


Тақырыбы:

Санды теңдіктер.Тура санды теңдіктердің қасиеттері





6 «А» сыныбы


Ашық сабақ


2015-2016 оқу жылы






Тақырыбы: Санды теңдіктер.тура санды теңдіктердің қасиеттері

Мақсаты :

Білімділік -Оқушылар тура санды теңдіктің анықтамасын;

-тура санды теңдіктердің қасиеттерін білуге тиіс;

-оқушылар тура санды теңдіктерді есептеуде тура санды теңдіктердің қасиеттерін пайдалануды үйренуге тиіс.

Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше еңбектену, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызуғушылығын ояту, оқушылардың құзыреттерін қалыптастыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды дәлдікке, ұқыптылыққа, жылдамдылыққа, ептілікке тәрбиелеу.

Түрі: жаңа сабақ

Көрнекілігі: Тақырыпқа сай жазылған плакаттар. Интерактивті тақта, компьютер, слайдтар.

Барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі.

а) Сәлемдесу

ә) Оқушылар тізімін тексеру

б) Сабақтың мақсатымен таныстыру.

ІІ Үй тапсырмасының орындалуының барын тексеру, оқушылардың сұрақтарына жауап беру.

Өткен сабақты кайталау

Сатылы бөлшекке қатысты тақтада есеп шығару

ІІІ Жаңа тақырып

Қай санды теңдік тура?

2.(-5)=-10

(17-9).2=25

(9+6):3=8

(7+8).2=14+16

Санды теңдіктердің қасиеттері

  1. Егер a=b және b=c болса,онда a=c.

1-мысал. 9.4=36 және 36=18.2,онда 9.4=18.2.

  1. Егер a=b болса,ондa a+c=b+c

2-мысал.8,4+3,6=12 .

8,4+3,6+(-3.6)=12+(-3,6),

8,4=12-3,6,

8,4=8,4.

3.Егер a=b болса,онда ac=bc; a:c=b:c

3-мысал. 1) 3-11=-8 2) 3-11=-8

(3-11).2=(-8).2 (3-11):4=(-8):4

-16=-16 -2=-2

4.Егер a=b және c=d болса,онда a+c=b+d

4- мысал. 42:(-6)=-7

12.5=60

42:(-6)+12.5=(-7)+60

53=53

5.Егер a=b және c=d болса,онда ac=bd.

5-мысал. 5+3=8

9-2=7

(5+3).(9-2)=8.7

56=56

Дамыту кезеңі. Есептер шығару:

№841. тура санды теңдіктер

1/8*8+7=2,4:0,3

1,6+4=0,8*2+4

№842.

  1. 7.2+1.8=9 (2)1.4*5=7

(7.2+1.8)+1.3=9+1.3 1.4*5-1.8=7-1.8

10.3=10. 5.2=5.2

№844.

  1. 1.2*(-7)=-8.4

1.2*(-7)*(-5)=-8.4*(-5)

42=42

Сергіту сәті

  1. Сандықта 5 жәшік бар, әрбір жәшікте 3 қорап бар. Ал әрбір қорапта 10 теңге бар. Сандық, жәшіктер мен қораптардың бәрі құлыптаулы. 50 теңге алу үшін ең кемінде қанша құлыпты ешу керек?
    А) 8
    В) 7
    С) 4
    Д) 5

  2. Сыйымдылығы 10л және 8л екі шелекті пайдаланып,суаттан 6л суды қалай құйып алуға болады?

v.қортындылау

1 .Тура санды теңдіктің бір жақ бөлігіндегі қосылғышты екінші жақ бөлігіне қалай ауыстыруға болады?

2.Екі тура санды теңдік қалай қосылады?

3.Екі тура санды теңдік қалай көбейтіледі?

Үй жұмысы № 843,850. Оқушыларды бағалау.


© 2010-2022