Сайын Мұратбековке арналған әдеби кеш

Республикалық «Бір ел - бір кітап» акциясы ел арасында аса танымал жобалардың біріне айналды. Оқырман қауым жалпыға бірдей оқуға ұсынылған туындыларды өте қызығушылықпен оқи отырып, автордың өмірбаянымен және шығармашылық жолымен танысады 2014 жылы бүкіл ел болып оқылатын туындының авторы - Қазақстанның балалар бағының бағбандарының бірі болып табылатын қаламгер Сайын Мұратбековтың шығармашылығын белсенді түрде насихаттау жұмыстарын жүргізуде. Өйткені биылғы жылы Қазақстан бойынша өткізілетін «Б...
Раздел Математика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сайын Мұратбековке арналған әдеби кешСайын Мұратбековке арналған әдеби кеш



Республикалық «Бір ел - бір кітап» акциясы ел арасында аса танымал жобалардың біріне айналды. Оқырман қауым жалпыға бірдей оқуға ұсынылған туындыларды өте қызығушылықпен оқи отырып, автордың өмірбаянымен және шығармашылық жолымен танысады. Сондықтан олар ұйымдастыру комитетінің шешімін, яғни, бүкіл ел болып оқып, танып-біліп, талқылайтын кезекті қазақ әдебиетінің шығармалық туындысын асыға күтеді.

15 қазан кітапханашылар күніне арналған Киев орта мектебінде Сайын Мұратбековтың шығармашылығына арналған әдеби кеш өтті.

2014 жылы бүкіл ел болып оқылатын туындының авторы - Қазақстанның балалар бағының бағбандарының бірі болып табылатын қаламгер Сайын Мұратбековтың шығармашылығын белсенді түрде насихаттау жұмыстарын жүргізуде. Өйткені биылғы жылы Қазақстан бойынша өткізілетін «Бір ел - бір кітап» акциясы аясында белгілі қаламгер Сайын Мұратбековтың "Жусан иісі" атты шығармасы таңдалынып алынды.

Іс-шараның мақсаты: «Бір ел- бір кітап» акциясының биылғы жылғы кітабы болып белгіленген - жазушы Сайын Мұратбеков повестері жайлы ақпарат беру, жастарды кітап оқуға баулу.Сайын Мұратбековке арналған әдеби кеш

(1936-2007) 15 қазанда Алматы облысының Қапал ауданындағы Қоңыр ауылында туған. 1957-1963 жж. ҚазМУ-де сырттай оқыған, 1971 жылы Мәскеудегі Жоғары әдеби курсты бітірген. 1954-1962 жж. туған ауылында колхозшы, мұғалім, аудандық, облыстық газеттердің әдеби қызметкері, 1962-1972 жж. «Жұлдыз» журналында, «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі, Қазақстан Жазушылар одағында кеңесші, Көркем әдебиетті насихаттау бюросының директоры, 1972-1977 жж. Қазақстан КП Орталық Комитетінде жауапты қызметкер, 1977-1980 жж. «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, 1980-1984 жж. Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, 1984-1986 жж. «Жазушы» баспасының директоры, 1988-1991 жж. ҚЖО-ның екінші хатшысы болған. XI сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты. Жазушының алғашқы шығармалары 50-жылдардың аяғында жариялана бастаған. Содан бергі уақытта әңгімелері мен повестерінің «Менің қарындасым» (1961), «Ауыл оты» (1964), «Көкорай» (1967), «Отау үй» (1968), «Жабайы алма» (1972), «Дос іздеп жүрмін» (1973) жинақтары, 2004 жылы «Ескек жел» атты әңгімелер жинағы жарық көрген. 1989 жылы «Қалың қар», 1995 жылы «Өліара» повестері кітап боп шықты.Сайын Мұратбековке арналған әдеби кеш

С.Мұратбеков адам өмірінің мәні мен сәнін де, сан қатпарлы қиыншылықтарын да шуақты нұрға бөлеп, терең тебіреніске астастырады.Бір ғажабы, жазушының сол тебіреністі тереңінен де, шуақты нұрынан да жусан исі бұрқырап тұратындай сезіледі маған. Онда сыр мен саз,үлбіреген өмір мен мөлдіреген сезім бар. Қайтпас қажыр мен қайнаған қуат, күшті рух бар.

Қандай өркениет заманында да ешбір ақпараттық технология құралдары кітаптың орнын алмастыра алмайды. Кітап оқу жан дүниемізді байытады - дей келе бүгінгі Сайын Мұратбековке арналған әдеби кешімізді аяқтадым.

Муттакиева Айгуль Рамазановна кітапханашы

© 2010-2022