Бұрыш. Бұрыштың шамасы және оның қасиеттері. Бұрыштың биссектрисасы

Раздел Математика
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

САБАҚ БЛОКТАРЫ 

і. аҚПАРАТ алмасу

Тақырып жоспары:

Кіріспе:

  1. Бұрыш

  2. Бұрыштың қабырғалары мен төбесі

  3. Тең бұрыштар

  4. Бұрыштарды қосу

  5. Бұрыштарды алу

  6. Бұрыштың биссектриссасы

Слайдтар:

1-слайд Бұрыш және оның градустық өлшемі

2-слайд

  • Бұл тақырыпта сендер бұрыштар туралы білімдеріңді тереңдетіп, кеңейтесіңдер; бұрыш және оның биссектриссасының анықтамаларын білетін боласыңдар;бұрыштардың қосындысы мен айырымын табуды үйренесіңдер.

3-слайд

  • Жазықтықты сәуле және түзудің көмегімен бөліктерге бөлу түсініктерін пайдаланып, бұрышты анықтауға болады.

  • Анықтама. Бір нүктеден шығатын екі сәулемен шектелген жазықтықтың бөлігі бұрыш деп аталады.

4-слайд

  • Сәулелер бұрыштың қабырғалары, ал олардың бас нүктесі бұрыштың төбесі деп аталады.

  • Бұрышты "∠" таңбасымен және қабырғалары мен төбесіне жазылған әріптермен белгілейді.

Бұрыш. Бұрыштың шамасы және оның қасиеттері. Бұрыштың биссектрисасы

5-слайд Бұрыштардың теңдігі

  • Анықтама. Екі бұрышты беттестіргенде сәйкес қабырғалары және төбелері дәл келсе, олар тең бұрыштар деп аталады.

6-слайдБұрыш. Бұрыштың шамасы және оның қасиеттері. Бұрыштың биссектрисасы

  • ∠ ABC және ∠DEF бұрыштары тең екенін дәлелдеу үшін В төбесін Е төбесіне, ВА қабырғасын ЕD қабырғасына дәл келтіреміз. Сонда, ВС және ЕF қабырғалары дәл келсе бұрыштар тең болып есептеледі

7-слайд Бұрыштарды қосу және алу

Қосу

Бұрыш. Бұрыштың шамасы және оның қасиеттері. Бұрыштың биссектрисасы

8-слайд Алу

Бұрыш. Бұрыштың шамасы және оның қасиеттері. Бұрыштың биссектрисасы

9-слайд

  • Ортақ OF қабырғасы бар POF және FON бұрыштары тең болса, онда OF сәулесі PON бұрышын қақ бөледі.

Бұрыш. Бұрыштың шамасы және оның қасиеттері. Бұрыштың биссектрисасы

10-слайд

  • Анықтама. Бұрыштың төбесінен шығып оны қақ бөлетін сәуле осы бұрыштың биссектриссасы деп аталады.

іі.алғашқы бекіту

Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.

Бұрыштың қабырғалары мен төбесі

Бұрыштың биссектриссасы

Қорытынды:___________________________________________________________

ііі.құзырлылық қалыптастыру

Деңгейлік тапсырмалар:

І деңгей тапсырмалары

1. Қағазға сүйір, тік, доғал бұрыштар сызып, қиып алыңдар, оларды салыстырыңдар. Қиып алған бұрыштардың шамаларын транспортирді пайдаланып анықтаңдар.

2. OM, ON, OL сәулелері берілген. Суретте неше бұрыш бар? Әрқайсысын белгілеп жазыңдар.

Бұрыш. Бұрыштың шамасы және оның қасиеттері. Бұрыштың биссектрисасы

3. ∠АОВ=42°, ∠BOC=28° және олар тек бір қабырғасына ортақ бұрыштар болсын. АОС бұрышының шамасын табыңдар.

4. 3-ші есептегі ∠AOC=104°, ∠AOB=80° болса, ∠BOC бұрышы неге тең?

ІІ деңгей тапсырмалары

1.∠АОВ=20°; ∠BOC=50° болса, АОС бұрышын табыңдар.Қай сәуле қандай сәулелердің арасында жатыр? ______________________________________________________________________

______________________________________________________________________

2. ∠AOC=60°, ∠BOC=35° болса, АОВ бұрышын есептеңдер. ______________________________________________________________________

______________________________________________________________________

ІІІ деңгей тапсырмалары

Суретте берілген бұрыштарға қарап, жұлдызшаның орнына > немесе < белгілерінің қайсысын қоюға болады?

1)∠AOB*∠AOC

2)∠AOE*∠AOB

3) ∠BOC*∠BOD?

Бұрыш. Бұрыштың шамасы және оның қасиеттері. Бұрыштың биссектрисасы

______________________________________________________________________

______________________________________________________________________

іV.шығармашылық әрекет

Топтық жұмыс.

I топ

а) Жазыңқы бұрыштың жартысы неге тең?
ә) ∠В АОВ бұрышы 300 - ға тең, ВОД бұрышын табыңдар.

ІІ топ

а) Тік бұрыштың жартысы неге тең?
ә) ∠К ЕОК бұрышы 1500-ге тең, КОМ бұрышын табыңдар.
______________________________________________________________________

______________________________________________________________________

V.бағамдау-бағалау

Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.

© 2010-2022