Ең үлкен ортақ бөлгішті табу есептері

Раздел Математика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Ең үлкен ортақ бөлгішті табу есептері
Мақсаты:
Білімділігі: Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктей отырып, олардың ЕҮОБ табу дағдыларын шыңдау; өзара жай сандар құра білу;
Дамытушылығы: жеке және топпен жұмыс жасауға дағдыландыру; ойлау қабілеттерін дамытып, білімдерін тереңдету.
Тәрбиелігі: өзара көмек көрсете білуге қалыптастыру; еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу; ұлттық мақтаныш сезімін ояту; ұйымшылдыққа баулу.
Көрнекілігі: сызбалар, сөзжұмбақ
Техникалық құралдар: интерактивті тақта.
Сабақтың түрі: бекіту, қорытындылау.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: топтық.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру. (оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындықтарын тексеру, мақсатын айту) 5 мин
1. Кіріспе. Балалар, мен бүгінгі сабағымызды мына сөзжұмбақтан бастағым келіп тұр. (экраннан сөзжұмбақ көрсетіледі). Осы сөзжұмбақты дұрыс шешсек, ұлы адамның атын оқисыңдар.
1. Заттарды санауда қолданылатын сандар. (натурал).
2. Натурал а саны қалдықсыз бөлінетін сан (бөлгіш).
3. Екіден көп бөлгіштері бар натурал сан (құрама).
4. 1 - ге және өзіне ғана бөлінетін сан (жай).
Ерекше бағаннан қандай есімді оқимыз? (Абай). (экранда Абайдың суреті)
Абай кім, ол туралы не білесіңдер, қай жылы туды?
Иә, балалар, биыл ұлы Абайдың туғаныны 165 жыл толады. Бүгінгі сабағымызды ұлы бабамыздың мерейтойына арнағым келіп отыр.
Сынып оқушылары 3 топқа бөлінген, әр топ жетекшісі өздерін таныстырып өтсін.
І топ - «Жай сандар».
ІІ топ - «Құрама сандар».
ІІІ топ - «Бөлгіштер».
2. Алдымен, ұлы ақынның бәріңе жақсы таныс «Ғылым таппай, мақтанба» деген өлеңін Жайнагүл оқып берсін.
Олай болса, Абай айтқан 5 асылдың бірі - «Талап». «Талаптыға нұр жауар» деген мақалдың мағынасын қалай түсінесіңдер? (экраннан мақал көрсетіледі). Яғни, талаптанған, ерінбеген, ізденген бала ғана мұратына, алға қойған мақсатына жете алады.

ІІ. Ауызша тапсырмалар 5мин.
Бүгінгі күн сайыста,
Сен ешкімнен қалыспа.
Біліміңді көрсетер,
Сұрақтарға жауап бер,- деп, мына сұрақтарға жауап беріп, талаптанып көрейік.
Барлық топқа ортақ сұрақтар қойылады, қай бұрын қол көтерген топ жауап береді. Сұрақтар:
1. құрама сандарды жай сандарға жіктеу дегеніміз не?
2. өзара жай сандар.
3. берілген натурал сандардың ЕҮОБ табу әдісі.
4. карточкалар арқылы жай және құрама сандарды табу (3 мысал)
5. ЕҮОБ табу мысалдары (3 мысал)

© 2010-2022