Тақырыбы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер, 6сынып

Раздел Математика
Класс 6 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: математика

Сыныбы: 6

Күні: 26.01.

Тақырыбы: Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің қасиеттерін түсіндіру Дамытушылық: Есеп шығару дағдыларын қалыптастыру, өз беттерінде еңбектенуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды дәлдікке, ұқыптылыққа, жылдамдылыққа, ептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: слайд

Сабақтың құрылымы:

*Ұйымдастыру кезеңі (1-2 минут)

* Үй тапсырмасын тексеру (5 минут)

* Өткен материалды қайталау (3 минут)

* Жаңа тақырыпты түсіндіру(5-7 минут)

* Есептер шығару (25 минут)

* Сабақты қорытындылау (3 минут)

* Бағалау (2 минут)

* Үйге тапсырма (1 минут)

Сабақтың барысы:

Уақыты

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс- әрекеті

2 минут

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлем -сөздің атасы

Амандасу;

Түгендеу;

Бүгінгі күннің сабақ жоспарымен таныстыру;

Мұғаліммен сәлемдеседі;

Кезекші сыныпты түгендейді, үйге берілген тапсырманы айтады.

5 минут

Үй тапсырмасын тексеру

Жақсы сөз жанға азық.

Үйге берілген есептің шығару жолын тақтада көрсету.

Үй тапсырмасын қатесіз орындаған оқушыларды мадақтау.

Оқушылар жанындағы жұптарымен дәптерлерін ауыстырып, тақтамен үй тапсырмасын тексереді, әр біреуі үй тапсырмасына қорытынды жасайды.

3 минут

Өткен материалдарды қайталау

Математиканың өз тілі бар, ол - формула.

Санды теңдіктер. Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулердің қасиеттерін, теңдеуді шешу, теңдеудің түбірін табауды оқушылардан сұрау.

Оқушылар ережелерді, мысал келтіріп есептерді шығарып айтады.

5-7 минут

Жаңа тақырыпты түсіндіру

Терең білім ізденіспен келеді.

Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешуде:

  1. Координаталық түзудегі А(а) және В(в) нүктелерінің арақашықтығы пайдаланылады: /а-в/

  2. Санның модулінің анықтамасы:

а, егер а ≥0 болса,

/а/=

-а, егер а< 0 болса формуласы пайдаланылады.

Есептеулерде модульдің негізгі қасиеттері де пайдаланылады:

  1. а ≥ 0

  2. -а = a

  3. ab = a * b

  4. Тақырыбы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер, 6сынып, b Тақырыбы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер, 6сынып

  5. Тақырыбы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер, 6сынып2 = a2

Оқушылар тақырыпты тыңдайды.

25 минут

Оқулықпен жұмыс

Мақсат ортақ, тілек бір, өз таңдауларыңды жасаңдар.

Ауызша орындалатын:№905

Тақтада орындалатын:

№906(1,3) №908(2,4), №910(1,3,5)

№906(2,4) №908(1,3), №910(2,4,6)

Өздігінен орындайтын: №907

Оқушылар тапсырмаларды орындап, тақтада көрсетілген дұрыс жауаптарымен өздерін тексереді.

5 минут

Сабақты қорытындылару

Тақырыпқа байланысты қорытынды сұрақтар қойылады.

Оқушылар сұраққа байланысты өз ойларын айтады.

2 минут

Бағалау

Топ жетекшілері топ мүшелерін бағалайды, содан мұғалім бағалайды.

Сабақты меңгеруі;

Формулаларды жатқа білуі;

Топта деңгейлік есептерді шығаруы;

Бағалау крейтерилері бойынша өздерін және топ басшылары топ мүшелерін бағалайды.

1 минут

Үйге тапсырма

§14 №911, 912

Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.

Пайдаланған әдебиет:

Авторлары: Т.А.Алдамұратова, Т.С.Байшоланов

Математика оқыту әдістемесі, 2011ж.

Математика, 6 сынып, 2015ж.



© 2010-2022