Қосымша материал: Логикалык есептер

Раздел Математика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Логикалық есептер

1. Бөлменің төрт бұрышында бір-бір мысықтан отыр.әр мысықтың алдында үш мысықтан отыр. Барлығы бөлмеде неше мысық бар? (4мысық)

2. Асханаға 100 кг пияз және одан 3 есе артық картоп әкелінді. Асханаға неше кг картоп әкелінді? (300 кг)

3. Бір жанұяның бес ер баласы және олардың әрқайсысының қарындастары бар. Жанұяның қанша баласы бар? (6 бала)

4. Айжан мен Маржанның әкелерінің аттарын ата. Айжан мен Маржан - Асқар мен Мұраттың қыздары. Айжан Асқардың қызынан 2 жас кіші болса, бұлардың әрқайсысының әкелерінің аты кім?

5. Үш ағайынды. Арман, Аян, Аслан ағайынды үшеуі әр сыныпта оқиды. Аслан Арманнан, ал Аян Асланнан кіші емес. Бұл үйдің үлкені, ортаншысы, кішісі кім?

6. Қай ауылдың балалары? Әділет, Еркін, Ерлан үшеуі лагерьде кездесті. Бұлардың біреуі - Харкиннен, екіншісі - Тайпақтан, үшіншісі - Мергеннен келген. Ерлан мен Харкиннен келген Еркін екеуі бір бөлмеге орналасты, бұлардың екеуі де Тайпақта болып көрмегендігі болса, қай бала қай ауылдан келген?

7. Олар қандай баға алды? Әсем, Ардақ, Анар үшеуі математикадан бақылау жұмысынан қандай баға алғанын сұрағанда, мұғалім: "Ешқайсысың жаман баға алған жоқсыңдар, бірақ әрқайсыңның бағаң әр түрлі. Әсемнің бағасы «3» емес, ал Анардың бағасы «3»-те «5»-те емес", - деді. Сонда әркім қандай баға алған?

8. Түнге қарай бір отбасы көпірге келеді. Әкесі оны 1 минутта, анасы 2 минутта, бала 5 минутта, ал әжесі 10 минутта өтеді. Олардың қолында бір ғана қол шамы бар. Көпір тек екі адамды өткізе алады. Отбасы осы көпірден 17 минутта қалай өтеді?

9. Бір топ бала келе жатыр екен. Алдарынан бір топ есек шығыпты. Балалар екеулеп мінсе, бір есек арнтылып қалады. Біреулеп мінсе , бір бала артылып қалады. Сонда қанша бала , қанша есек болғаны?

Қосымша материал :Логикалык есептер

© 2010-2022