Коучинг тақырыбы Критериалды бағалау

Раздел Математика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Коучинг жоспары

«Критериалды бағалау»

Коуч: К.Р.Кусаинова

Жалпы мақсаты

Танымдық:

Эмоциялық:


Әлеуметтік:

  • сабақтың мақсатын дұрыс таңдау дағдысы мен сабақтың мақсаты мен болжамдалған нәтижені байланыстыра білу;

  • заманауи оқуға көшу жағдайында оқушылардың

жетістіктерін жаңа заман талаптарына сай бағалай білу;

  • критериалды бағалау туралы түсінігін кеңейту;

  • тыңдаушылардың зейінін тұрақтандыруға,есте сақтау қабілеттерін дамытуға ықпал ету;

  • құнды пікір айтуға, басқаның ойын сыйлауға үйрену;

- топта диалогтік әңгіме дамыту;

топпен жұмыс жасай отырып ,оларды еркін ойлауға қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже

  1. Жеке, жұппен, топпен жұмыс істей отырып идеялармен бөліседі, өнім жасалады, талдайды, жинақтайды, қорытындылайды, бағалайды.

  2. сыни ойлауы дамып, өз ойларын еркін айтуға үйренеді.

  3. өзара әрекеттесу арқылы қатысушылардың танымдық белсенділігі артады

  4. коучинг сессиясына қатысушы мұғалімдердің педагогикалық шеберліктері жоғарылайды;

  5. өзін-өзі және өзара бағалау туралы түсініктері қалыптасады, критериалды бағалаудың стратегияларын білетін болады;

  6. мұғалімдер оқу үдерісінде оқушылардың жетістіктерін жаңа жүйеде бағалайтын болады;

  7. сабақтың мақсаты мен міндетін қоюда жіберілетін қателіктерді анықтауға қатысады;

  8. мақсат пен міндет қоюда жалпыға бірдей түрін анықтау,оның негізгілерін қолда алады;

  9. мұғалімдердің сабақ мақсатын қоя білуге, мазмұнын белгілеуге, күтілетін нәтижені болжамдауға;

  10. сабақ мақсаты мен болжамдалған нәтижені байланыстыруға;

оқушыларды сабақта өз мақсаттарын қоюға үйрете алуға үйренеді.

Негізгі идеясы

«Бағалау» - (латын сөзінен шыққан «жақын отыру» дегенді білдіреді) мұғалімдер балалардың оқуға деген ынтасы мен

қызығушылығын оята алатын пәрменді тетік.

«Критериалды бағалау» - білім берудің мақсаты мен мазмұнына негізделген оқушының оқу-танымдық құзырлылығын

қалыптастыруда алдын-ала белгіленген жетістіктермен салыстыру үрдісі.

«Баға» - символ, оқу жетістігін не санмен таңбалау, не сөзбен жеткізу.

Ізденіс жұмыстары арқылы қатысушылардың критериалды бағалауға қызығушылығы артады, танымдық қабілеттері дамиды

Ақпарат көзі

«Критериалды бағалау » тақырыбындағы слайд-таныстырылым.

Көрнекілік ресурстары

интерактивті тақта, сабаққа қажетті ресурстар.

Коуч сесисияны өткізу кезеңдері

  1. Педагогикалық диалог журналы

  • Коуч пен коучингке қатысушылардың атқаратын іс-әрекеті

Сәлемдесу

  • 2 мин

  • Коуч коучингке қатысушылармен амандасып, топқа бөледі.

Топқа бөліну

  • 3мин

  • Көтеріңкі, жағымды көңіл күй тудыру мақсатында тілек жазылған конфеттер таратылады да, сол конфет атаулары бойынша топқа бөлінеді.

Сергіту сәті

  • 2 мин

  • Әр топ «5», «4», «3» санына байланысты мақал-мәтелдер айтады.

Бейнеролик «Зағип адамның қайыр сұрау үшін жазған сөзін басқаша, жаңаша жазғандығы туралы».

  • 5 мин

1.Бейнероликтен көргендерін түсіндіріп, анализ жасайды.

3.Осы бейнероликті көрсету себебі сұралады.

4.Бейнероликті көрсету, коучингке жиналу мақсаты мен коучингтің тақырыбы айтылады.

Таныстырылым -слайд көрсетіледі.

  • 5 минут

  • Критериалды бағалауға кіріспе жасалады, жалпы түсінік беріледі.

Практикалық бөлім.

Топтық жұмыс,

жұптық жұмыс,

диалог,әңгіме-сұхбат,

«Болжау» стратегиясы.


  • 35 минут

1. Постер .« Критериалды бағалау туралы не білемін?». Таныстырылым жасалады. 10 мин

  1. 2. Қалыптастырушы (ағымдағы) бағалау

  2. 3.Ішкі және сыртқы жиынтық бағалау

  3. 4. Жиынтық бағалау

Таныстырылым -слайд көрсетіледі.

  • 5 минут

  • Критериалды бағалау бізге не береді? қорытынды жасалады.

Қорытынды рефлексия

  • 5 мин

  • Не білідім, не үйрендім, нені білгім келеді, нені өзгерткім келеді, ұсынысым, алған әсерім.

- Сөзімнің соңында айтарым, бүгінгі алған білімдеріңізбен басқа да әріптестеріңізбен бөлісіңіздер. «Бойыңда

білімің бар екен, одан басқалар да өз шырақтарын жағып алардай жағдай туғызыңыз», - деген Томас Фуллердің сөзін

ұмытпаңыз.




© 2010-2022