Арифметикалық прогрессия. Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласы

Раздел Математика
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Тақырыбы: Арифметикалық прогрессия.Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласы.
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға тақырып бойынша теориялық білімдерін тереңдету, формулаларды пайдаланып арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесін табу дағдыларын дамыту;

Дамытушылық: Оқушыларды пәнге қызығушылықтарын арттыру, математика мен айналадағы өмірмен байланысын көруді үйрету, математика тілінде сауатты сөйлеуді үйрету;

Тәрбиелік: Оқушылардың белсенділігін, ынтасы мен жауапкершілігін арттыру, намысын қорғауға баулу, сыныптастарын сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: білім мен дағдыны қалыптастыру
Сабақтың типі: Жаңа тақырыпты меңгерту
Сабақтың әдісі: сұрақ-жуап, түсіндіру, баяндау.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, деңгейлік тапсырмалар,
Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушылармен сәлемдеу.

ә) Оқушылар тізімін тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Жаңа тақырып:
Анықтама Екіншісінен бастап әрбір мүшесі өзінің алдындағы мүшеге бірдей санды қосқанға тең болатын тізбек арифметикалық прогрессия деп аталады.. а1, а2, а3,..., аn Мысалы 1, 4, 7,... а2-а1 = а3 - а2 = …= an-1 - an=d (an) - арифметикалық прогрессия an = a1 + (n-1) d а1 - бірінші мүше d - айырымы n - мүшелерінің саны аn - n-ші мүшесі.
Деңгейлік тапсырмалар
1 деңгей тапсырмалары
1. Кітаппен жұмыс №165. 3; 7; 11;... арифметикалық прогрессияның алтыншы, отызыншы мүшесін табыңдар
2. № 166. Бірінші мүшесі 130-ға, ал айырымы-3-ке тең арифметикалық прогрессияның 4-ші, 15-ші мүшесін табыңдар.
3. № 167. а) 1; 4; 7; 10; 13;...; ә) 3; 0;- 3;- 9;...; б) 4; 9; 16; 25;... тізбектерінің қайсысы арифметикалық прогрессия болып табылады?
2 деңгей тапсырмалары
1. Кітаппен жұмыс № 170
а)-10, 2;-9, 5;... арифметикалық прогрессияның алғашқы оң таңбалы мүшесін табыңдар;
ә) 12, 5; 11, 2;... арифметикалық прогрессияның алғашқы теріс таңбалы мүшесін табыңдар;
2. № 172 Арифметикалық прогрессияның үшінші мүшесі - 7-ге, ал 9-шы мүшесі 18-ге тең. Бірінші және алтыншы мүшелерін табыңдар.
3. № 173. а3=25, а10=- 3 болатын арифметикалық прогрессияның бірінші мүшесі мен айырымын табыңдар.
3 деңгей тапсырмалары
Кітаппен жұмыс № 177
А) 106 саны 10; 14;... арифметикалық прогрессияның мүшесі бола ма? Прогрессия мүшесі болған жағдайда реттік номерін көрсетіңдер.
Ә) 30 саны-25;-19;... арифметикалық прогрессияның мүшесі бола ма?
«Топтық жұмыс»
№1. Ауызша есептеу:
Дүниежүзілік «Кенгуру - математика для всех» интеллектуалдық ойынында жергілікті ұйымдастыру комитетіне мектеп атынан сұраныс берілу керек. Бірінші күні берілген мерзімнен кейін сұранысты 5 мектеп берді, екінші күні-7 мектеп, үшінші күні-9 мектеп…Неше күннен кейін ұйымдастыру комитетіне 60 сұраныс түседі (егер берілген заңдылық бұзылмаса)?
Неше сұраныс соңғы күні түседі?
№2. Арифметикалық прогрессияның қасиетін пайдаланып қай мүшесін табуға болады және нешеге тең?
а4=3; а6=7;
Оқушыларды бағалау: Деңгейлік тапсырмалар және топтық жұмыс нәтижелері бойынша оқушыларды бағалау.
Үй жұмысы: № 175, 179, 181есептерді шығару.

© 2010-2022