Арифметикалық прогрессия тақырыбына есептер шығару

Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық прогрессия тақырыбына есептер шығару. Мақсаты: Білімділік: Арифметикалық прогрессия тақырыбы бойынша оқушылардың білімдерін тиянақтау, арифметикалық прогрессияның n - ші мүшесінің анықтамасын, алғашқы n мүшесінің қосындысын табу формуласын түрлендіре білу, есеп шығаруда білім-білік дағдыларын қалыптастыру Дамытушылық: Алған білімдерін практикамен ұштастыруға, ақпараттық құралдарды пайдалана білуге, түрлі шешімдерді қ...
Раздел Математика
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы:

Арифметикалық прогрессия тақырыбына есептер шығару.

Мақсаты:

Білімділік: Арифметикалық прогрессия тақырыбы бойынша оқушылардың білімдерін тиянақтау, арифметикалық прогрессияның n - ші мүшесінің анықтамасын, алғашқы n мүшесінің қосындысын табу формуласын түрлендіре білу, есеп шығаруда білім-білік дағдыларын қалыптастыру

Дамытушылық: Алған білімдерін практикамен ұштастыруға, ақпараттық құралдарды пайдалана білуге, түрлі шешімдерді қабылдай білуге үйрету.

Тәрбиелік: Оқушыларды өз бетінше іздене білуге, білімін тиімді пайдалануға, шығармашылықпен жұмыс жасауға, өз білімін көрсете алу қасиетін ашуға баулу.

Әдісі: Деңгейлеп-саралап оқыту,сын тұрғысынан ойлау, АКТ

Күтілетін нәтижелер:

  • Сыни тұрғыдан ойлай біледі

  • Топтық жұмыстың белсенділігі

  • Оқушының шығармашылық қабілеті артады

  • Формулаларды есеп шығаруда пайдалана алады

  • Білімді сапалы меңгереді

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Көрнекілік: плакаттар, бағалау парағы, тестік тапсырмалар, интерактивті тақта, электрондық оқулық, презентация,тапсырмалар жинағы

Сабақтың құрылымы: Сабақ негізгі төрт деңгейлік сатыдан тұрады.

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

1

І.Ұйымдастыру кезеңі 1)Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа дайындығын, қатысуын тексеру.

2)Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру 3)Топтастыру

Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа дайындығын, қатысуын тексеру.

2

ІІ. Үй жұмысын тексеру

Үй тапсырмасы-ның дұрыстығын интерактивті тақта көмегімен тексереді

3.

ІІІ. «Ой толғау»

Математикалық диктант

тәсілдерімен беріледі

1........... сан тізбегін арифметикалық прогрессия деп атаймыз

2.Арифметикалық прогрессия ның айырымы деп ........... санды айтамыз

3........арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласы болады.... (8 сұрақ)

Диктантты интерактивті тақта

көмегімен жүргізеді.Мұнда

заңдылықтарды, ережелерді, формулаларды білуі қажет етіледі.

Тапсырмаларды үлгі бойынша орындап өз пайымдауларын жасау ұсынылады

Жазбаша жауап береді

Тақтамен тексереді

Постерг орындап өз жауаптар нұсқаларын ұсынады(Өспелі не кемімелі шекті шексіз, т,б)


4

Сабақ мақсатын қою:

Есеп шығарып, тақырыптың қиындық туғызған жерлерін қайталай отырып күрделірек есептердің шығару жолдарын үйрену

Арифметикалық прогрессияның қасиеттерін , формулаларын нақтылау

Алған

білімдерін бекіту, практикада қолдана білу

5

1-саты: Оқушылық деңгей

Есеп шығару 1) Кітаппен жұмыс

А деңгейі: №189(а,ә)

В деңгейі: №194(а,ә)

С деңгейі: 199(а,ә)


Тақтада шығарады, дәптерге жазады

6

2-саты. «Ойлан, тап!»-алгоритмдік деңгей

Электрондық оқулықпен жұмыс

Электрондық оқулықтан:

1)Тест орындау

№1002-1009,(1-топ)

№1363-1371(2-топ)

2)Мұғалім тақтаға

2топқа-2 нұсқадағы тапсырмалар береді және шығарылған жауаппен тексереді

Екі нұсқада берілген жұмысты орындайды.

Топ жұмысы, бағаланады (ұпай беріледі).


7

3-саты- «Эвристикалық деңгей»:

«Математикалық аукцион»

Әр топқа 5,10,15 ұпаймен бағаланатын тапсырмалар ұсынылады

Өз деңгейлеріне қарай тапсырманы таңдап алып орындайды

8

4-саты:

«Шығармашылық деңгей»

Есеп шартын түсіндіреді. «Өзің күнделікті жүретін мектеп пен үйдің қашықтығын есептеп көр . Сұрақ: бір күнде, бір айда, бір тоқсанда, ...т.б уақыт кезеңіндегі жолды есептеу формуласын шығарып бер» Әр оқушыға өзі жүретін жолды есептеу керектігін түсіндіреді.

Есеп шығаруда арифметикалық прогрессияның n - ші мүшесінің және алғашқы n-ші мүш. қосындысын табу формуласын пайдалана білді,талдап, қортындылайды

9

Қорытындылау:

а)Бағалау

ә) үй тапсырмасын беру

§10-11, есептер №195,199б

рефлексия

Оқушыларға қошемет білдіріп, суммативті (қортынды )бағаларды хабарлайды . Бағалау критерийлері таныстырылады .

Топ басшылары

өз тобының мүшелерін формативті бағалап, хабарлайды.



© 2010-2022