Ашық сабақ VI тарау. Жазықтықтағы координаталар

Білімділік оқушылардың жазықтықтағы координаталар тарауын қаншалықты деңгейде меңгергендіктерін анықтау және пысықтау.Дамытушылық Оқушылардың ойын, жарыс сабақ арқылы қызығушылығын оятып, ойлау қабілеттерін дамыту.Тәрбиелік оқушыларды ұйымшылдыққа, өзара сыйластыққа, ұқыптылық пен әсемдікке, аналарды құрметтеуге тәрбиелеу.
Раздел Математика
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жамбыл облысы, Талас ауданы, Есейхан ауылы

«Қаратау» орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі

Турганова Гульнар Мирзашовна

Сыныбы: 6

Пәні: Математика

Сабақтың тақырыбы: VI тарау. Жазықтықтағы координаталар.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік оқушылардың жазықтықтағы координаталар тарауын қаншалықты деңгейде меңгергендіктерін анықтау және пысықтау.

Дамытушылық Оқушылардың ойын, жарыс сабақ арқылы қызығушылығын оятып, ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік оқушыларды ұйымшылдыққа, өзара сыйластыққа, ұқыптылық пен әсемдікке, аналарды құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: саяхат, сайыс сабақ

Сабақтың типі: қайталау

Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, есептер шығару, талдау, т.б.

Сабақтың көрнекілігі: сызба - суреттер, үлестірмелер, фишкалар, семантикалық карта, т.б.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сабаққа назарларын аудару.

ә) Оқушыларға сабақтың мақсат - міндеттерін түсіндіру.

Балалар, бүгін «Жазықтықтағы координаталар» тарауын қайталау сабағы.

Сабағымызды «2050 жылға сапар» саяхат сабақ түрінде жүргіземіз. Ол үшін «Жүйелі білім» жедел поезымен сапарға шығамыз. Сапар барысында «Тапсырма», «Тұжырымдама», «Амалдар», «Білім» станциялары арқылы өтеміз.

Үш топқа бөлініп әр станциядағы тапсырмаларды орындаймыз.

І топ - Параллель, ІІ топ - Перпендикуляр, ІІІ топ - Вертикаль деп аталады. Әр топтың өз тексерушісі болады.

І. «Тапсырма» станциясы: Үй жұмысы.

Поезға міну үшін билеттердегі сұрақтарға жауап береміз. Үйге осы тарауды қайталап, ережелерді жаттап келу тапсырылған. Сұрақтарға дұрыс жауап бергенде сәйкес нөмердің астындағы әріптер ашылады. Соңында «Перпендикулляр» сөзі шығады.

Қайталау сұрақтары:

  1. Қандай бұрыштарды вертикаль бұрыштар деп атаймыз?

  2. Вертикаль бұрыштар өзара қандай болады?

  3. Қандай түзулерперпендикуляр түзулер деп аталады?

  4. Перпендикуляр түзулерді қалай белгілейміз?

  5. Нүктеден түзуге дейінгі қашықтықты қалай табамыз?

  6. Қандай түзулер параллель түзулер деп аталды?

  7. Параллель түзулерді қалай белгілейміз?

  8. Тік бұрышты координаталар жүйесін кім ашқан?

  9. Нүктенің координаталары қалай аталады?

  10. График деп нені айтамыз?

  11. Симеттриялы фигуралар деп қандай фигураларды айтамыз?

  12. Тік төртбұрыштың диогоналы деп нені айтамыз?

  13. Шеңбердің қанша симметрия осі бар?

  14. С - сыйлық (сұраққа жауап бермей-ақ қызыл фишка беріледі).

ІІ. «Тұжырымдама» станциясы: «Ана өмірдің гүлі».

Координаталық жазықтықта координаталары арқылы нүктені салып шыққанда гүлдің суреті шығады. 8 наурыз Аналар мерекесіне байланысты нүктелердің координаталарын дұрыс тапса Аналарымызға сыйлық ретінде гүлдің суреті салынып шығады.

І топ. ІІ топ. ІІІ топ.

  1. А (0; 14) 1) Т (3; 2) 1) Х (1; - 3)

  2. В (1; 13) 2) О (0; 0) 2) У (2; - 6)

  3. С (2; 11) 3) В1 (-1; 13) 3) И (3; -8)

  4. Д (2; 9) 4) С1 (-2; 11) 4) G (4; -9)

  5. М (3,5; 10,5) 5) Д1 (-3; 9) 5) Ц (0; -5)

  6. N (5; 12) 6) М1 (-3,5; 10,5) 6) Ж (-2; -4)

ІІІ. «Амалдар» станциясы:

№1

АВ _СД Шешуі: <ЕОД = <АОД - <АОЕ =900 - 400 = 50 0

<АОЕ = 400 <ВОF = <АОЕ = 400

0

<ЕОД =? Жауабы: 500, 400

<ВОF =?

№2

АВ_ СД Шешуі: < ЕОД =<АОД - <АОЕ =900 - 450 = 450

<АОЕ = 450 <КОС = <СОВ - <КОВ= 900 - 100 =800

<КОВ = 100 Жауабы: 450, 800

<ЕОД =?

<КОС =?

IV. «Білім» станциясы: Семантикалық карта

Тапсырма мен дұрыс жауап сәйкес келетін клеткадағы әріптерді тізіп жазсақ, білім туралы жақсы ой - сөйлем шығады: «Білім - басты мұрат» .

V. Қорытынды.

Сонымен, балалар тапсырмаларды дұрыс орындай отырып білімнің ең биік шыңына жеттік.

Мемлекет басшысы ретінде мен әрдайым сіздердің оқуларыңызбен өсіп - өнулеріңіз үшін барлық жағдайды жасауға тырыстым. Әлемдік деңгейдегі университет, зияткерлік мектептер аштым, «Болашақ» бағдарламасын құрдым.

Мемлекет сіздердің алдарыңыздан жаңа мүмкіндіктер ашылуы үшін барлығын жасауда. Олар - сіздердің ата - аналарыңыз тіпті ойлап та көрмеген мүмкіндіктер.

Естеріңізде болсын: Сіздердің табыстарыңыз - ата - аналарыңыздың табысы, туған - туыстарыңыздың табысы, отбасыларыңыздың табысы, барлық отандастарыңыздың табысы, біздің Отанымыздың табысы.

Н.Ә.Назарбаев.

VІ. Үйге тапсырма:

№1225 (283-бет)

VІІ. Бағалау.





















© 2010-2022