Заманауи сабақ - математика мұғалімдерінің инновациялық қызметінің негізі

Мақсаты: Заман талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс -әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеру . Елбасымыздың білім саласына қойған талабы ерекше. Біз ұстаздар, осы тәрбиелеп отырған жас келер ұрпақты дүниенің кез- келген жерінде білімін жалғастыруға, қызмет атқаруға қабілетті, ғылым мен техниканың кез-келген саласын меңгеретіндей дарынды қабілетті ұрпақ тәрбиелеуіміз тиіс. Осы мақсатта білімді жүйелі түрде, оқушыларға нақты беру үшін- біз заманауи сабақ ар...
Раздел Математика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

















ММ «Қызылжар жалпы орта білім беру мектебі»

Қызылжар жалпы орта білім беру мектебі

Тәшібаева Кәмшат Еркінжасқызы,

математика және физика пәнінің мұғалімі

Павлодар қаласы, Ертіс ауданы, Қызылжар ауылы







«Заманауи сабақ - математика мұғалімдерінің инновациялық қызметінің негізі»



Мақсаты: Заман талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс -әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеру .

Елбасымыздың білім саласына қойған талабы ерекше. Біз ұстаздар, осы тәрбиелеп отырған жас келер ұрпақты дүниенің кез- келген жерінде білімін жалғастыруға, қызмет атқаруға қабілетті, ғылым мен техниканың кез-келген саласын меңгеретіндей дарынды қабілетті ұрпақ тәрбиелеуіміз тиіс. Осы мақсатта білімді жүйелі түрде, оқушыларға нақты беру үшін- біз заманауи сабақ арқылы беруіміз керек. Ал заманауи сабақ дегеніміз не?

Оқушының жеке тұлғасын, рухани әлемін ынтасы мен қабілетін дамыту. Заманауи сабақ - инновациялық технологияны қолдану болып табылады. Инновациялық оқыту дегеніміз-оқушының мүмкіндігі мен қабілетін ашу,оның іс-әрекетіне ой салу, яғни шығармашылық тұрғыдан ойлауға үйрету. Заманауи сабақтың дәстүрлі сабақтан ерекшелігі көп.


Дәстүрлі сабақ

Заманауи сабақ

Мұғалім- оқушы

Оқушы -мұғалім

Сабақты мұғалім түсіндіреді, оқушы тыңдаушы.

Оқушы білімді өздігінен меңгереді, ізденеді мұғалім бақылаушы.

Оқушыны мұғалім бағалайды.

Оқушы өзін-өзі бағалайды.

Қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесінің жасалынуы, білім мазмұны мен әдіс - тәсілдерінің жаңаруы бәсекелестікке қабілеті мол, шығармашылық бағытта еңбектенетін, ой қабілетімен ерекшеленетін азаматты тәрбиелеуді көздейді. Сапалы білім - ел болашағын айқындайтын басты көрсеткіш болып табылады. Бүгін мектеп партасында отырған бүлдіршіндер ертең ел тағдырын шешетін азаматтар. Олардың сапалы білім алуын бүгін қамтамасыз ету - мұғалімнің басты міндеті.
Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі - баланың оқыта отырып, ой еркіндігін, белсенділігін, ізденімпаздығын қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.
Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға - ұстаз болғандықтан, ал сол ұстаз заман талабына сай болуы үшін - әрқашан ізденуді, білімдерін жетілдіруді, жан - жақты, білікті болуды талап етеді. Орта және қысқа мерзімді сабақтар топтамасын құрып оны өткізу кезінде мені және сыныпты үлкен өзгерістер күтіп тұрғанын сездім. Алғашқыда сабақта қалай жұмыс жасаймыз? Тәжірибемде 7 модульді қамти аламын ба? Оқушылар қалай қабылдайды? Ең бастысы мен мұны қандай мақсатпен орындап жатырмын? деген сұрақтар мазалады.
Мұғалім мен оқушы арасындығы қарым - қатынастың жақсы болуы үшін әрдайым жақсы атмосфера қалыптастырамын. Сабақтарымда сыныпта ынтымақтастық пен сенім атмосферасын қалыптастыруда мен оқушылар арасында ұйымдастыру ойындарын жиі пайдаланып жүрмін. Топқа біріктіруде математикалық символдар, геометриялық фигуралар «Үнді сандары», «Вавилон сандары» болып біріктіру бойынша топқа бөлінеді.
Топпен жұмыс кезінде оқушы мүмкіндігіне шектеу қоймау, өзара пікір алмастыру, пікірлерін дәлеледету және бағалау түрлері сабақтың сәтті өтуіне мол әсерін тигізді. Әрдайым топпен жұмыстан кейін сергіту сәтін ұйымдастыру әдетке айналып келеді.
Математика пәні бойынша сабағыма өзгерістер енгізу барысында Бағдарламадағы жеті модуль стратегияларын ескере отырып, жаңаша жоспар құрдым. Сонымен бірге білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдерді меңгеру арқылы математика сабақтарында бағдарламадағы жеті модуль аясындағы барлық стратегиялардың әдіс - тәсілдерін қолданып, жүзеге асыруға тырысып жүрмін. Осы жеті модуль стратегияларын қолдану арқылы сабақтарымды жаңаша өткізуде және өзгерістер енгізуде алдымен өзімнің сыни тұрғыдан ойлауымды дамыта отырып, оқушылардың сыни ойлау қабілетерінің өрістеуін дамыту керек деп ойлаймын. Сол сияқты деңгейлік білім беруде оқушылардың диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлауын дамыту, өз еріктерімен тапсырмаларды орындауын, талқылауын және өзін - өзі бағалай алуын дамыта, өзгерістер енгізе отырып құрылған сабақтарым оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруда.
Бұрын математикадан есеп шығара білсе, негізгі мәселе шешілді деп ойлайтынбыз. Барлық тақырыптарға барып нәтиже көрсете алмағанда, ол пікірдің қате екеніне, есеп шығару - ол математикалық іс - әрекеттің басы ғана екенін түсіндім. Сабақ барысында бірлесіп жұмыс жасау, өзі білгісі келетін мәселеге нар тәуекел ету, жазбаша және ауызша ой алмасу бүгінгі оқушылардың дағдысына айналуда. Қай сыныпта болсын геометрия пәніне деген салғырттық, қызығушылықтары төмен екендігін байқайтынмын. Сондықтан, мен өзімнің алдыма мынадай мақсат қойдым: оқушылар қалай болғанда да тақырыптарды, теоремаларды өздері талдап, дәлелдей білуі керек, ал мен сол үшін орта құруым керек, әрине, бірінші сабақтың сұрақтары мен нұсқаулары арқылы мен проблеманы анықтаймын. Сонда ғана олар өздеріндегі белгісіз қорқыныштан, сенімсіздіктен арылып, жоғары нәтижеге жетуге мүмкіндіктер алады деп ойладым. Оқушылар мен күткен ойдан шығып келеді. Себебі, сабақ барысында білгісі келу қажеттілігі туды, өз бетімен үйрену сенімділігі артты, топтарда белгілі математикалық орта пайда болды. Оқушыларға өмірге қажетті есептеулер, нағыз заттарды ұстап көріп, оларды өлшеу, бағалау, сұрыптау бағытындағы есептермен жұмыс жасау керек. Сонда ғана оқушыда ой талқысына салу, елестету әдеті қалыптасады, нәтижесінде енжар оқушыдан ізденушілер және мәнді іс - әрекет жасайтын қоғам мүшесін дайындауға болады. Сонымен қатар, оқушылардың қиялдары ұшан - теңіз екенін байқадым.
Менің түйгенім, біріншіден, жаңа бағдарламамен өтілген әр сабақ, оқушы жүрегінен жол тапты деп ойлаймын. Екіншіден, «Жақсы оқитын баланы мадақтама, мақтама өр көкірек болады, нашар оқитын баланың еңсесін түсірме» деп Мағжан Жұмабаев айтқандай әр оқушының жүрегінен жол таба білу керек. Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын оятуда сабақтағы оқушы жұмыстарының әдістемелік деңгейде ұйымдастырылуы үлкен маңызға ие болады. Оқытудың осындай идеяларын ұстанған сабақтарда оқушылар өз ойын еркін айтатын болғандықтан, әр түрлі пікірлер пайда болады. Олардың қандай да болмасын - мүмкін, қате немесе толымсыз - ойларын шыдамдылықпен тыңдап, оқушыларды сенімділікке бастауды өзімнің басты міндеттерімнің бірі деп есептеймін.
Осы күнге дейін өзімнің және оқушыларымның бойындағы өзгерістер:
1. Сабақты жаңашыл түрде жоспарлауым;
2. Оқушыларымның жаңашыл болуы;
3. Балалар ретімен кезектесіп сөйлейді, бірлесе дамиды;
4. Баға үшін емес, ой даму үшін оқи бастайды, бірақ әлі толық өзгеріске енген жоқпыз, себебі жаңашыл бағалауды да енді үйреніп келемін;
5. Сабақ барысында жаңа әдіс - тәсілдерді өз жанымнан қосуға мүмкіндік аламын;
6. Өз сабағыма өзім баға беремін және кемшілігімді түзеймін, жаңа жол іздеп, жаңаша талқылауды да үйреніп келемін.
7. Сыни тұрғыдан ойлай білетін адам сұрақтар қоя біледі:
- Мен не білемін?
- Мен жаңаша нені білдім?
- Менің білімім қалай өзгерді?
- Мен осы біліммен не істей аламын?
Әр оқушымның білімге деген құштарлығы мен ынтасын арттыруға көмектесу - осы Бағдарлама аясында алып отырған кәсіби білімімді шыңдап жетілдіру барысындағы жеті модульді әр сабағымда ықпалдастыра өткізіп, әр оқушымның жеке даму траекториясына шығу мен үшін жаңа парадигмаға сәйкес ізденісті қажетсінетін, үнемі үздіксіз даму үстіндегі жаңашыл ұстаз ретіндегі түйінді әрі ең маңызды аспект болып табылатынын ерекше атап өткім келеді.
Қорыта айтатын болсам, осы жоғарыда айтылғандардың негізінде сабақты жаңа технология әдістерін қолдану арқылы жүргізу - оқушының өзін - өзі дамытуына, өз біліміндегі олқылықтарды өзі тауып, өз сұрағына өзі жауап іздеп жан - жақты білім алуына көмектеседі.


Пайдаланған әдебиеттер:

1. Мұғалімге арналған нұсқаулық /3 - деңгей/
2. Выготский Л. С УЧЕНИЕ ОБ ЭМОЦИЯХ
3. Мерсейтова С. Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын ойлауын дамыту нысандары мен әдістері
2. 12 жылдық білім беру. Республикалық ғылыми - әдістемелік және ақпараттық талдамалық журнал
3. Білімдегі жаңалықтар. Ақпаратты - әдістемелік журнал
4. Физика және математика. Ғылыми - әдістемелік журнал


© 2010-2022