Ашық сабақтың жүрісі Ондық бөлшекке бөлу 5-сынып

Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшекке бөлуМақсаты: Оқушыларды:Білімділік: Ондық бөлшекке бөлу алгоритмін түсініп айта білуге үйрету және оны есептеуге пайдалана білуге дағдыландыру.Тәрбиелік: Оқушыларды өзін–өзі басқаруға ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, өз мүмкіндіктеріне сенуге, еңбектенуге, жеңіске жетуге тәрбиелеу.Дамытушылық: Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, ой-өрісін дамыту, теориялық білімін практикада қолдана білуге тәрбиелеу, шығармашылық ізденіске тәрбиелеу.Сабақтың түрі: Саяхат сабақ
Раздел Математика
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшекке бөлу

Мақсаты: Оқушыларды:

Білімділік: Ондық бөлшекке бөлу алгоритмін түсініп айта білуге үйрету және оны есептеуге пайдалана білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды өзін-өзі басқаруға ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, өз мүмкіндіктеріне сенуге, еңбектенуге, жеңіске жетуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, ой-өрісін дамыту, теориялық білімін практикада қолдана білуге тәрбиелеу, шығармашылық ізденіске тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Саяхат сабақ

Құрал-жабдықтар: Компьютерлік сынып, интербелсенді тақта, суреттері бар карточкалар.

Сабақтың барысы: 1)Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгендеу

Оқушылар, «саяхатшы Дара» мультигін көрген боларсыздар. Бүгінгі сабағымызда Дара сіздерді ертіп, қазынаны іздеуге саяхатқа шықпақшы. Шығамыз ба?

Саяхатқа шығу үшін бірінші жол сумкасын дайындаймыз. (Дара үй тапсырмасын дұрыс орындап келген оқушыларға жол сумкасын таратады).

Үй жұмысын тексеру (1-слайд шығып тұрады: жол сумкасының суреті)

№1121. Бірінші поезд 4 сағатта 251,6км, екінші поезд 5 сағатта 298 км жол жүреді. Поездардың жылдамдықтарын тауып, салыстырыңдар.

Шешуі: 1-ші поезд жылдамдығы: 251,6Ашық сабақтың жүрісі Ондық бөлшекке бөлу 5-сынып62,9км/сағ.

2-ші поезд жылдамдығы: 298:5=59,6км/сағ

62,9>59,6

Жол сумкасына жолға керекті заттарды салуымыз керек, ол үшін Дараның сұрақтарына жауап беруіміз керек.

2- слайд ашылады. Нанды алу үшін (нанның суреті шығып тұрады)

Сұрақ: Қандай тарауды оқып жатырсыңдар?

Жауап: Ондық бөлшектер. (дұрыс жауабын жазған оқушыға нан суреті артында 1 ұпай жазылған таратылады).

3-слайд. Колбасаны алу үшін (колбасаның суреті шығады)

Сұрақ: Ондық бөлшекпен жазыңдар:

  1. Нөл бүтін жүзден тоғыз: 0,09

  2. Он бес бүтін, мыңнан жетпіс бес: 15,075

4-слайд: Жіпті алу үшін (жіптің суреті шығады)

Сұрақ: Ондық бөлшектерді салыстыр:

40,01 < 400,1

5-слайд. Тассай суын алу үшін (тассай суының суреті шығады)

Сұрақ: Ондық бөлшектерді қосу

72,51+0,325=72,835

6-слайд. Фонарик алу үшін (фонариктің суреті шығады)

Сұрақ: Ондық бөлшекті азайту

18,3-7,65=10,65

7-слайд. Компас алу үшін (компастың суреті шығып тұрады)

Сұрақ: Ондық бөлшекті натурал санға көбейту

28,04·8=224,32

8-слайд. Орманмен жүру үшін (орманның суреті шығып тұрады)

Сұрақ: Ондық бөлшекті натурал санға бөлу

8,5:50=0,17

Орман (аюлардан құтылу үшін). Орманмен 1,2 сағатта 5,52 км жол жүрдік

Сұрақ: Қандай жылдамдықпен жүрдік?

Оқушылардың өздері 5,52:1,2 бөлу керек екенін айтады, яғни ондық бөлшекке бөлу керек екенін, оны өтпегенін айтады. Олай болса, жаңа сабағымыздың тақырыбы:

Ондық бөлшекке бөлу (мақсаты айтылады)

5,52:1,2=

1,2-де бір ондық таңба болғандықтан, бөлінгіштегі үтірді де, бөлгіштегі үтірді де оңға қарай бір цифр аттап көшірдік:

55,2:12=4,6 км/сағ

Ондық бөлшекке бөлуді наурал санға бөлуге келтіріп орындауға болады.

Санды ондық бөлшекке бөлу үшін:

  1. Бөлгіште қанша ондық таңба болса, бөлгішпен бөлгіштегі үтірлерді оңға қарай сонша цифр аттап көшіру керек.

  2. Шыққан натурал санға бөлуді орндау керек.

9-слайд. Аюлардан өту үшін (ормандағы 4 аюдың суреті шығады)

Сұрақ: Ондық бөлшекке бөлу

Мысалы: 1) 2,5:0,5=5 2) 5:0,5=1

2,5:0,5=25:5=5 5:0,5=50:5=10

  1. 9:0,09=100 9Ашық сабақтың жүрісі Ондық бөлшекке бөлу 5-сынып

  2. 0,36:1,2=0,3 0,36:1,2=3,6:12=0,3

10-слайд. Қасқырлардан өту үшін (қасқырлардың суреті шығады)

№1145 шығару

13,125:1,5=8,75

13,125:1,5=131,25:15=8,75

11-слайд. Өзеннен өту үшін (өзеннің суреті шығады)

0,385:0,77=0,5

0,385:0,77=38,5:77=0,5

12-слайд. Дельфиндерден өту үшін(дельфиндердің суреті шығады)

9,02:5,5=1,64 9,02:5,5=90,2:55=1,64

13-слайд. Айдаһардан өту үшін (айдаһардың суреті шығады)

№1151. 1) 0,1х=6, х=6:0,1, х=60

2)0,2х=72, х=72:0,2, х=720:2, х=360

14-слайд. Сандықты алу үшін алаяқтардың қателестірген үтірін дұрыста:(сандықтың суреті)

86,1:0,41=8810:4,1=210

15-слайд. Кілтті алу үшін (кілттің суреті шығады)

  1. 27,1:0,1=271

  2. 0,32:0,01=32

16-слайд. Есікті ашу үшін (есіктің суреті шығады)

Ондық бөлшекке бөлу ережесі

17-слайд. Қазынаны табу үшін өлең шығару (гимназия сыныбы)

Кітап-білім қазынасы

18-слайд.Үйге тапсырма : №1148

© 2010-2022