Қысқа мерзімді жоспар Арифметикалық прогрессия

Раздел Математика
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Алгебра 9 сынып

Сабаққа қатысқаны:

15 оқушы

Сабаққа қатыспағаны: 1 оқушы

Сабақтың тақырыбы

Арифметикалық прогрессия тақырыбына қайталау

Сілтеме

Орта мерзімді жоспар, алгебра 9 сынып

Сабақтың мақсаты

Арифметикалық прогрессия анықтамасын, п-ші мүшесінің формуласын, алғашқы п мүшесінің формуласын білуді тереңдету. Теориялық білімдерін есептер шығаруда, өмірде қолдану дағдыларын қалыптастыру.

Оқыту нәтижелері

Арифметикалық прогрессия, прогрессияның айырымы, қасиеттері туралы түсініктерін кеңейтеді. П-ші мүшесін табуда, алғашқы п мүшесінің қосындысын табуда формулаларды қолдана біледі.Өз беттерімен жұмыс істеуге талпынады, қызығушылықтары артады.

Сабақта қалыптасқан түйінді идеялар.

Берілген сан тізбегінің қандай заңдылықпен құрылғандығы түсіндіріледі. Кез-келген мүшесін табу формуласын еске түсіріп қайталайды. Арифметикалық прогрессия натурал сандар жиынында берілген сызықтық функция болып табылады. n-ші мүшесін табу формуласын қолданып, айырымын өрнектей біледі.

Дереккөздер

Оқулық, слайдтар, таратпа материалдар, интерактивті тақта, компьютер, сынып тақтасы.

Сабақтың барысы

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ұйымдастыру

Үй тапсырмасын тексеру



Сабақтың тақырыбын, мақсатын айқындау

1-тапсырма




2-тапсырма

Топтық жұмыс


3-тапсырма .Топтық жұмыс.

Сергіту сәті

4-тапсырма

«Ойлан,жұптас,пікірлес»

тәсілі


Деңгейлік тапсырма «Гүл шоғы»


Жинақтау

Қорытынды

«Ыстық орындық»

ойыны


Бағалау



Рефлекция


Келесі оқу

Сәлемдесу. Сыныптың сабаққа даярлығын тексеру

1)Берілген деңгейлік тапсырмалар тексеріледі.№153, 159, 161

2)«Сен маған,мен саған»стратегиясы . Бірлесіп сұрақтар дайындауға уақыт берілді. Белсенді топ мадақталды.

Интерактивті тақтада тапсырма беріледі.

Слайд №1

2; 5; 8,....

1; 4; 7;.....

65; 60; 55,....

-123; -119; -115,....

1)Тізбек қандай заңдылықпен құрылған?

Прогрессия ұғымы тағы қандай пәндерде кездеседі?Өмірде кездесе ме?2) Сол заңдылық бойынша тағы да 2 мүшеден айтқызу.

3) Слайд №4

Ауызша есептер берілді.

Арифметикалық прогрессия туралы не білеміз?

3 топқа таратпа материалдар жазылған есептер кесте түрінде беріледі.

«Қара жорға» музыкасы қосылады

Слайд №6

Жұптық жұмыс беріледі.


№7 слайдта гүл бейнесінде деңгейлік тапсырма беріледі.


1)Арифметикалық прогрессияны оқудың маңызы қандай?

2)Тізбек арифметикалық болатынын қалай тез табамыз? Өмірде кездесе ме?

Бағалау парағына баға қоюды сұраймын. Мынадай критерилер бойынша бағалайды:

-ауызша сұраққа жауап

-Топтық жұмыс

-жұппен жұмыс

-деңгейлік тапсырма

-қорытынды баға

Мұғалім стикер таратады

№194, § 10,11

Оқушылардың сәлемдесуі. Сабаққа әзірленеді.

1) Оқушылар топта талдап, топ жетекшісі тексереді. Интерактивті тақтадан дұрыс шығару жолын көреді.

2)Топтар кезектесіп бір-біріне жұппен сұрақтар қойды. Білімдерін тексерді.

Әр топтан бұл тізбектер арифметикалық прогрессия екенін айтады.

Ауызша мысалдар айтады.

Дәптерлеріне күннің атын, тақырыпты жазады.

Оқушылар «прогресс»сөзі алға жылжу дегенді білдіретінін , өмірде кездесетінін, геометрияда,физикада, тұрмыс-тіршілікте қолданылатынын айтады.

Топпен бірігіп оқыған материалды, деректерді, формулаларды қолданып кластер жасайды. Әр топ жеке қорғайды. Өзара бағалайды. Үздік топ мадақталады.

Әркім ойланады,

шығарып, топта талдай-

ды

Оқушылар билейді.

Жұппен жұмыс істеп, прогрессияның айырымын табады. Жұппен тексеріп, бағалайды.

Өз ойларын айтып, жауаптарын дәлелдейді.

Таратпа қағаздағы есепті орындайды.

Шамаларына қарай гүл күлтесіндегі есептерді шығарады.Үш деңгейді де шығарған оқушы гүл құрайды

Әр топтан бір-бір оқушы шығып,қалғандары сұрақ қояды.


Топ жетекшілері бағаны қояды, қорғап шығады.


Рефлексия жасауда слайдта тест түрінде беріледі. Бүгінгі сабақ туралы пікірлерін жазады.

Күнделіктеріне жазады.


© 2010-2022