Тех карта. Өзін - өзі тану әлеміне саяхат

Өзін - өзі тану сбағы туралы баллардың алғашқы көзқарастарын қалыптастыру. Өзін - өзі тану пәніне қызығушылықтарын ояты мақсатында, балаға өз бойындағы жақсы жаман қасиеттерін айыра білуге үйрету,  жаман қасиеттерден арылуға көмек қолдарын созу. Кіші пейілділікке, ұйымшылдыққа, жақсы, тәрбиелі бала болуға тәрбиелеу. Қызықты ойындар мен жағдаяттар арқылы дос болуға, достықты қадірлеуге, жамандықтан аулақ болуға тәрбиелеу, өзін бақылай отырып, өзгелерден жақсыны алуға баулу. ө бойындағы қара -қайш...
Раздел Математика
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Турегалиева Клара Себеповна

Психолог

МКҚК «Өркен» балабақшасы

«Қарлығаш» ересектер тобының

ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Тақырыбы: «Өзін -өзі тану » әлеміне саяхат.

Адамның жүрегі сүйіспеншілік / халық даналығы/

Мақсаты: «Өзін -өзі тану» пәні туралы алғашқы түсінік беру.

Міндеттері:

  • «Өзін -өзі тану» пәні туралы түсінік беру;

  • Өзін-өзі тануға қызғушылын ояту;

  • Өзін және өзгелерді тануға тәрбиелеу;

Көрнекі құралдар: «Өзін -өзі тану » әлемінің картасы, дәптер, хрестоматия, бөліктерге бөлінген қиынды жүрек пішіні, ойыншық жүрекшк.

Әрекеттер

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Баланың іс- әрекеті

Шаттық шеңбері











Әңгімелесу:







Ойын





Дәптермен жұмыс





Дәйек сөз

Сергіту сәті



Тыныштық сәті





Ғажайып сөздер

Қорытындылау





Жүректен жүрекке

-Балалар, біз бүгін кең, жарық, әсем бөлмеде жиналып тұрмыз. Қане , бәріміз бір- біріміздің қолымыздан ұстап, үлкен шеңбер құрып көрейікші!?

Қандай тамаша!

Шеңбер күн сияқты жылы, дөңгелек. Шеңберге жиналған адамдар бір-бірінің бет жүзін, көзін, күлкісін көре алады. Қараңдаршы ! Біз шеңберде тұрғанда барлығымыз бір -бірімізді қуанышты бет- жүзімізді анық көріп тұрамыз. Шаттық шеңберінде бір -бірімізге жақсылық тілеп, қуанышты жүрегіміздің жұлуымен бөлісе аламыз. Сондықтан бұл шеңберді қуаныш , шаттық шеңбері деп атаймыз. Осы шеңберде бір-бірімізге қарап, күлкімізді сыйлаймыз.

Кел балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Күлкі көңіл ашады

Күліп өмір сүрейік!

Жарайсыңдар , балалар!

-Балалар, біз «өзін-өзі тану» әлеміне саяхатымызды бастайық. «Өзін-өзі тану» әлемі бізге сыйлықтар дайындап қойыпты. Бұл барлығымызға ортақ «ақылды кітап» . Біз бұл кітаптан түрлі ертегілер, әңгімелер, өлеңдер, өнеге сөздермен тансамыз. Шығарма кейіпкерлері бізді жақсылық жасауға мейірімді, қайырымды, кешірімді, адал болуға үйретеді.

- Балалар, «Өзін -өзі тану» әлеміне саяхаттағы ақылды көмекшіміз «Дәптер» . Біз бүгіннен бастап «өзін-өзі тану» әлеміне саяхатымызды бастаймыз. Бұл әлемде адам бойындағы ең жақсы қасиеттермен танысып, үйренеміз.

«Сиқырлы қоржын»

Сиқырлы қоржында жүрек пішіні бірнеше бөлікке қиып бөлінген. Әрбір ойынға қатысушы бала сиқырлы қоржынан осы бөліктерді алып, үлкен бір бүтін жүрек пішінін құрастырады.

  • Қандай тамаша!

  • Біздің құрасатырған үлкен

жүрегіміз сүйіспеншіліктің мекені.

Тәрбиеші балаларға дәптердің бірінші бетін ашып, ондағы жүректің суретіне назарларын аудартады. Ашуланған кезде жүрегіміз ренжіп, ал қуанғанда күлімдеп, ерекше сүйкімді күйде болады екен. Көңіл күйіміз арқылы жүрегіміздің соғуыда өзгеріп тұрады. Жүректің үлкен қасиеті бар. Ол өзі кішкентай болса да, қуаныш бақыт, сүйіспеншілік, мейірім, қамқорлық, достық сияқты жақсы сезімдердің барлығы оған сыйып кетеді.

«Адамның жүрегі - сүйіспеншіліктің алтын ұясы» деген халық даналығын сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіреді.

Мынау -менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталған.

Мынау- басым ақылды,

Бәрін осы басқарған.

Мынау -менің оң қолым,

Мынау-менің сол қолым.

Барлық істі атқарған.

-Балалар,денелерін түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар, көздеріңді жұмсаңдарда болады. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа махаббатпен тыныштық толы таза ауаны тұла бойларыңа толғанын сезінесіңдер.

Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.



  • Адам бойындағы жақсы

қасиеттер - құнды қасиеттер.

  • Мейірімді, айналаға

сүйіспеншілікпен қарайтын балалар- жақсы балалар!

-Балалар, қалай ойлайсыңдар, бүгінгі күнді біз неге ерекше деп айтамыз?

-Дұрыс айтасыңдар! Бүгінгі күн өте сәтті болды.Себебі

-Біз бүгін алғаш рет «шаттық шеңберіне» жиналдық.

-Біз «өзін-өзі тану әлеміне» саяхатымызды бастадық.

-бұл ғажайып әлемнің картасымен таныстық.

«Өзін-өзі тану » әлеміндегі ғажайып жылы сөздерді айтып үйрендік.

Тәрбиеші күлімдеген ойыншық жүрекше бейнесін көрсетіп, ойын «Сүйіспеншілік жүрегі» екенін айтады. Балалар оны кезекпен бір-біріне жақсы көретіндіктерін айтады.

Балалар шеңбер құрып тұрады







Балалар өлең жолдарын тәрбиешімен бірге қайталайды.









Ойынды қызығушылықпен ойнайды.











Балалар қимыл-қозғалыспен көрсетеді.





Балалар сабақта үйренген өнегелі сөздерін қайталайды.

Өйткені біз «өзін-өзі тану әлеміне » саяхатымызды бастадық.





Балалар шеңбер құрып тұрады.

-Айнұр мен сені жақсы көремін!

-рахмет!

-Әсет, мен сені жақсы көремін





© 2010-2022