Математика сабағында оқушылардың зеректілігін, шығармашылық ойлау қабілетін дамыту

Раздел Математика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Математика сабағында оқушылардың зеректілігін, шығармашылық ойлау қабілетін дамыту.Математика сабағында оқушылардың зеректілігін, шығармашылық ойлау қабілетін дамыту.Математика сабағында оқушылардың зеректілігін, шығармашылық ойлау қабілетін дамыту.Математика сабағында оқушылардың зеректілігін, шығармашылық ойлау қабілетін дамыту.Математика сабағында оқушылардың зеректілігін, шығармашылық ойлау қабілетін дамыту.Математика сабағында оқушылардың зеректілігін, шығармашылық ойлау қабілетін дамыту.Математика сабағында оқушылардың зеректілігін, шығармашылық ойлау қабілетін дамыту.Математика сабағында оқушылардың зеректілігін, шығармашылық ойлау қабілетін дамыту.Математика сабағында оқушылардың зеректілігін, шығармашылық ойлау қабілетін дамыту.Математика сабағында оқушылардың зеректілігін, шығармашылық ойлау қабілетін дамыту.Математика сабағында оқушылардың зеректілігін,

шығармашылық ойлау қабілетін дамыту.

Оқушыларға математика білімінің қыр- сырын жетік таныту, қабілеттерін шыңдау кез- келген ортада өзін еркін ұстауға, өзін - өзі тәрбиелеуге жағдай жасау ұстаздардың міндеті болмақ. Осы орайда оқушылардың ойлау қабілетін, зеректілігін, білім деңгейін арттыру- маңызды іс.

Тәуелсіз еліміздің рухани және әлеуметтік дәрежесі қазіргі таңда білім деңгейімен бағаланады. Жас ұрпақты осы талапқа сай тәрбиелеу үшін мұғалім өзінің оқыту әдістерін күннен- күнге жетілдіріп отыруы керек.

Әрбір ұстаз - ойлау қабілеті жоғары оқушысы болғанын қалайды. Оқушылардың өз бетінше ойлай білу, есеп шығару мен оның сан қилы жолын іздестіру, олардың шығармашылық қабілетінің дамуының бір әдісі.

Математика пәні оқушылардың қызығушылығы мен тапқырлығын, логикалық ойлау қабілетін дамытады, шығармашылық белсенділігін арттырады. Әрбір оқушыға, жас ерекшелігі, ойлау қабілеті, айналасы үлкен әсерін тигізеді.

Оқушының жас ерекшелігіне байланысты бойындағы қабілетін анықтау, қасиеттерін ажырата біліп, жеке тұлға ретінде қарап, тек ғылыми білім негіздерінде ғана оқытпай әр баланың ой - өрісін дамыту, зеректілігін анықтау келешекте нағыз маман иесі болуға тәрбиелеу ұстаздардың еңбегінің жемісі. Шығармашылық- негізгі білім болғандықтан, оқушының білім деңгейіне сүйене отырып, олармен жоспарлы түрде жұмыстарды ұйымдастыру керек.

Логикалық ойлау- білімді меңгертудің бірден- бір жолы.

1. Кез- келген есепті шешу барысында оқушыларды талдауға , есепті шешудің бірнеше жолдарын қарастыруға ойландыруға үйрету керек.

2. Оқушылардың зеректілігін, ойлау қабілетін дамытатындай есептер шығара білуге үйрету керек.

Орта буындарда әзіл есептер мен сұрақтар, кроссворд, ребустарды шешу, ауызша есептеулерде зеректілікке, тапқырлыққа баулиды. Оқушыны ұшқыр ойлауға тез шешім қабылдауға дайындайды. Қарапайым логикалық, әзіл есептер шығару арқылы күрделіге қарай көңіл аудара отырып, оқушының өзіне деген сенімін арттыруға болады.

Зеректілікке байланысты берілетін арифметикалық есептерді шешудің өзі оқушының ойлау қабілетін дамытуға көп әсерін тигізеді. Мысалы:

  1. Жазылуында екі бір және екі нөль болатын төрт таңбалы неше санды жазуға болады ?

  2. Миллиграмм- салмақ бірлігі. 25 миллиграмм килограмның қандай бөлігін құрайды ?

  3. Әкем 31 жаста болғанда, мен 8 жаста болдым, ал енді әкемнің жасы менің жасымнан екі есе үлкен. Қазір мен неше жастамын ?

  4. Екі рюмка он сіріңкедеген құрастырылған (суретті қара ). Үй суреті салынатындай етіп, 6 сіріңкені алмастырып қойыңдар.





  1. 1,2,5 цифрларымен жазылған барлық үш таңбалы сандарды жазыңдар. Мұндай сандар қанша ? Олардың нешеуі 2-ге бөлінеді ?

Оқушының математикадан білімін көтерудің ең басты шарты- оның пәнге деген қызығушылығын арттыру. Пәнге деген қызығушылығы болса ғана бала оған көңіл қойып тыңдап, тереңдете оқып үйрене бастайды. Сонда ғана оқушының білім сапасының жоғары болатындығы белгілі. Мұғалім оқушының белсенділігін арттырып, қызығушылығын тудырғанда ғана сабақ өз мақсатына жетеді.

Сондықтан да математика пәнін оқытуда оқушылардың зеректілігі мен ойлау қабілетін дамыту арқылы нәтижеге бағытталған сапалы білімге қол жеткізуге болады.

Ф.Оңғарсынова атындағы орта мектептің математика пәнінің мұғалімі

Айдарова Акмарал Жумаевна

© 2010-2022