Урок по математики на тему Үшбұрыштар және оның түрлері (7 СЫНЫП)

Раздел Математика
Класс 7 класс
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Категориясы: Математика

Пәні: геометрия
Класы: 7
Сабақтық тақырыбы: Үшбұрыш және оның түрлері
Сабақтың мақсаты:
• оқушыларда үшбұрыш, оның элементтері, биіктігі, медианасы, биссектрисасы туралы түсінік қалыптастыру, қабырғалары бойынша және бұрыштары арқылы түрлерін ажырату, қабырғаларының ұзындықтары бойынша периметрін есептеуге үйрету.
• Оқылған материалды, қорытындылай, салыстыра білу дағдысын дамыту, өз ойын жеткізе білу қабілетін дамыту.
• Жылдамдыққа, сауаттылыққа, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа, өзін бағалай алуға, сенімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгімелеу, жарыс, тренинг
Көрнекілігі: слайд, презентация, бағалау парақтар, түрлі - түсті қағаздар

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру:
Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындығын ескерту, назарларын сабаққа аудару (психологиялық сәт)
2. Үй тапсырмасын тексеру
Өзіндік жұмыс тапсырмасын бағалау парағы арқылы үшбұрышты ұпайлар жинау.
10 тапсырма бойынша бағалау:
8 - 10 ұпай - «5»
5 - 7 ұпай - «4»
3 - 5 ұпай - «3»

3. Жаңа материалды игертуге дайындық (слайд 4)
Өмірдегі көріністерден мысалдар келтіру:
- Оқушылар сонымен үй жұмысын тексеру арқылы қандай фигуралар жинадық?
- Үшбұрыштар
- Ендеше өміріміздегі үшбұрышты заттарды елестетейік
- Таулар, пирамидалар, жол жүру ережесіндегі ескерту белгілері және т. б.
- Негізінен үшбұрыштар үшкір болады, сондықтан оның ауаны тесіп өтетін қасиеті бар деуімізге болады. Мысалы: ұшақтардың басы, құстардың тұмсығы, майшамның жанып тұруы, т. б.
- Енді үшбұрышты геометрияда қалай салатынымызға тоқталайық
- Алдымен жазықтықтан 3 нүкте белгілеп аламыз және оларды белгілейміз. Олардың арасын кесінділермен қосамыз. Сонда үш төбесі, үш қабырғасы, үш бұрышы бар элементтерден құралған геометриялық фигура пайда болады.

4. Жаңа сабақты игерту
Анықтама. Бір түзуде жатпайтын үш нүктемен осы нүктелерді қосатын үш кесіндіден және сол кесінділермен шектелген жазықтықтың бөлігінен тұратын фигураны үшбұрыш деп атайды.

Үшбұрыштың қабырғаларына байланысты түрлері:
1) қабырғаларының ұзындықтары әртүрлі болатын үшбұрыш әр қабырғалы үшбұрыш
2) екі қабырғасы тең болатын үшбұрыш тең бүйірлі үшбұрыш
3) үш қабырғасы өзара тең болатын үшбұрыш тең қабырғалы үшбұрыш

Үшбұрыштың бұрыштарына байланысты түрлері:
1) үш бұрышы да сүйір болатын сүйір бұрышты үшбұрыш
2) бір бұрышы тік болатын тік бұрышты үшбұрыш
3) бір бұрышы доғал болатын үшбұрыш доғал бұрышты үшбұрыш деп аталады.

Анықтама: Үшбұрыштың қабырғаларының ұзындықтарының қосындысы периметрі деп аталады.
Анықтама: үшбұрыштың төбесін оған қарама - қарсы жатқан қабырғасының ортасымен қосатын кесіндіні оның медианасы деп атайды.
Анықтама: үшбұрыш бұрышының биссектрисасы қарсы қабырғаға дейінгі кесіндісі, оның осы бұрыштың биссектрисасы деп аталады.
Анықтама: үшбұрыштың төбесімен қарсы жатқан қабырғаны қамтитын түзуге түсірілген перпендикуляр кесіндісі үшбұрыштың биіктігі деп атайды.

5. Жаңа материалды қаншалықты игергендіктерін алғашқы тексеру:
«Пирамида ойыны» (Слайд 9)
Шарты: оқушыларға А деңгейіндегі тапсырмалар беріледі. Сол тапсырмаларды орындау арқылы пирамида құрастырылады.
Оқулық бойынша №129, 130, 133(1) есептері.

6. Демалу минуты
Неше үшбұрыш бар екенін есептеу

Сабақты бекіту:
Үшбұрыш және оның түрлері:
Әртүрлі үшбұрыштардың астына сұрақтар жасырылған, соларға жауап беру арқылы оқушылар өздері қорытынды жасау.

Тренинг «Адам есімінің түстері»
Мақсаты: оқушыларға психологиялық тұрғыдан шабуыл жасау арқылы, ойлау қабілеттерін дамыту, өздеріне деген сенімдерін қалыптастыру, өзін бағалай алуға, өзін тануға ықпал жасау. Үшбұрыштардың түрлерін ажыратуға үйрету.
Шарты: оқушылардың алдына қызыл, жасыл, сары, көк түсті парақшалар таратылады. Содан таңдау жасап, парақшаға өзі қалаған кез - келген үшбұрыштың түрін салып, қияды.
Нәтиже: оқушылар дайын болғаннан кейін олардың түстері бойынша және үшбұрыш түрлері бойынша мінездемелік сипаттамалармен танысады.

Қызыл - өзіне сенімді, алдына мақсат қоя білетін жандар
Жасыл - ақ көңіл, табиғатты сүйетін жандар
Сары - ниеті таза, пейілі кең жомарт жандар
Көк - мейірімді, сенімді, биік армандарды көздейтін жандар

Тікбұрышты үшбұрыш - мінезі қатты, алған бетінен қайтпайтын жандар
Әр қабырғалы үшбұрыш - құбылмалы мінезді, тез ойланып тез жауап беретін жандар
Тең бүйірлі үшбұрыш - әрқашан әділдікті қолдайтын жандар
Тең қабырғалы үшбұрыш - сыпайы болуға ұмтылатын жандар

Үйге тапсырма беру: № 134 (2), 135
Бағалау: оқушыларға бағалау түрлері таратылады. Оқушылардың өз мүмкіншіліктерін бағалауын қадағалау.
Сабақ өте жақсы ұнады және бар мүмкіндігімді пайдаландым
Сабақ ұнады және өз мүмкіндігімше қатыстым
Маған әлі осы тақырыптар бойынша жұмыс жасау керек



© 2010-2022