7 санын қосу және азайту

Раздел Математика
Класс 1 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Математика пәні 1сынып

Сабақтың тақырыбы: 7 санын қосу және азайту.

Сабақтың мақсаты: 1) 7 санының құрамын еске түсіру. 7 санын қосу және азайту тәсілдерін түсіндіру. 2) Ертегіні зейін қоя тыңдауға, ұшқыр ойлап тез жауап беруге тәрбиелеу. Ұқыптылыққа баулу. 3) Ауызша және жазбаша есептеу машығын арттыру, ой-өрісін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі : сандар қатары, ребус, «Жеті лақ» ертегісі, жұмсақ ойыншық, фишкалар, конверт, қасықтар, мақал-мәтелдер, жаңылтпаш, кесінділер.

Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану, музыка.

Оқыту әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ауызша, жазбаша, қызығушылығын ояту.

Түрі: ертегі сабақ.

Сабақтың барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.

Жаңылтпаш

Ұшып кетті 3 құс ,

Ұшып келді ұшқыш. (3рет)

2. Үй тапсырмасын тексеру.

Дәптерлерін жинап алу, дәптер тарату.

3. Көркем жазу минуты.

Қолға қалам аламыз,

Әдемі етіп жазамыз.

7 7 7 7 7 7 7

4. Жаңа сабаққа дайындық.

1) 7 санының құрамы.

2) 7 қасиетті сан.

7 саны келсе жақсылыққа балаған, 7 саны-бақытты сан, көп халықтың түсінігі осындай.

3) 7 санының көршілерін ата.

4) 7 саны туралы санамақ.

7 деген -жалау, жүректегі алау.


  1. Жетіген-қазақ халқының көп ішекті шертпелі аспабы.Ішек сандары жетеу болғандықтан, аспап Жетіген деп аталған.

  2. 7 ұлттың тілін білген адам-дана адам болған.

  3. Кемпірқосақтың 7 түсі.

8) Жетіқарақшы жұлдызы.

9) 7 нота : до, ре, ми, фа, соль, ля, си.

5. Жаңа сабақ.

-Балалар , бүгінгі сабағымыз күндегі сабақтан өзгеше. Өйткені, бүгін біздер ертегілер еліне саяхатқа шығамыз.

Ерте, ерте, ертеде. Ешкі жүні бөртеде, бір ешкі мен оның 7 лағы өмір сүріпті. Ешкі күнде үйінен, жем іздеп кетеді екен. Кетер кезде үнемі лақтарына:

-Лақтарым, шырақтарым! Егерқасқыр келіп, есікті қақса, ашпаңдар,-дейді. Сөйтіп, ешкінің жем іздеп кеткенін аңдып тұрып, қасқыр есікті қағады. Лақтар есікті ашып, қасқыр лақтарды ұрлап кетеді. Ешкі лақтарын іздеп жүрген көрінеді. Енді біз ешкіге көмектесейік.

-Қасқыр бізге хат жіберіпті. Ішінде неше лақ болса, сонша тапсырма бар. Егер осы тапсырманы орындасақ, бір-бірлеп жемей қоя беремін депті. Ал, орындай алмасақ, лақтар қасқырға жем болады.

-Қасқырдың тапсырмасын орындаймыз ба?

-Иә, орындаймыз.

1- тапсырма

Оқулығымыздың 133 бетін ашып, 1-есепті табайық.

Қосылғыштарының бірі 7 болатын қосындылар құру, мәнін табу.

7+1= 7+2= 7+3=

Азайғышы 7 болатын айырмалар құру, мәнін табу.

7-7= 7-1= 7-2=

7-3= 7-4= 7-5=

2-тапсырма

2-есеп

Көк және қызыл кесінділер ұзындықтарының айырмасын қызыл және жасыл кесінділер ұзындықтарының қосындысымен салыстыру.

9-7*7+3

6. Сергіту жаттығуы

Оңға, оңға түзу тұр.

Солға, солға түзу тұр.

Артқа қарай бір қадам,

Алға қарай бір қадам.

Жоғары-төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

3- тапсырма

3-есеп

Есеп құрастыру және шығару.

Үлкен қасық-10- ? артық

Кіші қасық-7

Ш: 10-7=3

Ж: 3 артық.

Ереже қорыту.

Бір заттың екінші заттан нешеуі артық екенін білу үшу, үлкен саннан кіші санды азайтамыз.

4-тапсырма

4-есеп

9-3 9-4

Азайғыштарды салыстыру. Азайтқыштарды салыстыру.Мәндерін салыстыру.

  1. Азайғыштарын салыстыру.

9=9

  1. Азайтқыштарын салыстыру.

3<4

  1. Мәндерін салыстыру.

6>5

5-тапсырма

«Жауабын ата»

Зообақта болғанда

Құмда ойнаған үшеуін,

Әткеншек тепкен екеуін,

Арқаларын қыздырып

Отырған тағы үшеуін

Көріп қалдым, санадым.

Қанша маймыл байқадым?

Жауабы: 3+2+3=8 маймыл.

7- тапсырма

«Кел, ойнайық!»

Сәйкестендір!

5 3 9 8

2+5 10-7 7+1 2+7

9-4 6-1 6+2

-Неше тапсырма орындадық? Неше лақты құтқардық?

Сонымен, біз 7 тапсырманы орындап, 7 лақты құтқарып, лақтарын

аман-есен анасына тапсырдық.

Жарайсыңдар!

7. Бағалау.

-Олай болса, сендер лақты қалай құтқарғандарыңды лақтардыңды ешкі көріп тұр.

3 фишка-«5»

2 фишка-«4»

1 фишка-«3»

8. Үйге тапсырма беру.

133 бет 5-есеп.

9. Сабақты қорытындылау.

Сұрақ-жауап.

1) Апта күндеріне байланысты адамдардың есімін айтқызу.

Дүйсен, Бейсен, Сейсен, Сәрсен, Жексен.

2) 7 санына қатысты мақал.

Атасын білмеген - жетесіз

Бала 7-ге келгенше, жерден таяқ жейді.

3) Ребус шешу.

7

с

у

Жетісу

сөзін 3 торкөзге сыйғызу керек.


  1. Топтастыру.

Ата

Күн

7 Қарақшы

Шелпек

Қасиетті сан

Нота

4

© 2010-2022